Депутатпен кездесу

2020 ж. 13 қаңтарында «Қоғамдық келiсiм» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Юрий Евгеньевич Тимощенкомен кездесу өттi. Оған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының, облыстық Достық үйiнiң қызметкерлерi және этномәдени бiрлестiктердiң басшылары қатысты.

Кездесу барысында Ю. Е. Тимощенко депутаттардың заң шығару қызметi, мәжiлiсмендер жұмыс iстеп жатқан жаңа заң жобалары туралы айтып, бiрқатар сұрақтарға жауап бердi.

Атап айтқанда, қатысушылар ҚХА-ның 25 жылдығына орай этномәдени бiрлестiктердiң қызметiне қаржылай қолдау көрсету, гранттық қаржыландыру, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы мәселенi көтердi. Сондай-ақ, депутатқа Достық үйi қызметкерлерiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында олардың мәртебесiн арттыру туралы ұсыныс айтылды.

Кездесу еркiн форматта өттi, тараптар Ассамблеяның мерейтойлық жылында iс-шараларды мазмұнды және жоғары деңгейде өткiзу туралы пiкiрлерiмен алмасты.

Құрылған күні: 10.03.2020 12:15
Жаңартылған күні: 10.03.2020 12:15
Қаралым саны: 240
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус