Туризм

Ақмола облысында туризмдi дамыту бойынша
2019 жылғы 1-жартыжылдықтың қорытындысы туралы ақпарат

Демалыс және туризм индустриясы экономиканың басым салаларының бiрi болып табылады. Өңiрдiң туристiк кластерiне туризм саласындағы 700-ден астам кәсiпорын кiредi (375 орналастыру объектiсi,

45 санаторийлық-курорттық мекеме, 266 жол бойындағы қызмет көрсету субъектiсi, 68 туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар турфирма, 3 мемлекеттiк ұлттық табиғи парк -«Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау», Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы, «Бурабай даму» ЖШС).

Кластердiң мәдени-тарихи сегментi 900 ескерткiштен тұрады, олардың көпшiлiгi мемлекеттiң қорғауында және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету кезiнде пайдаланылады.

Облыста туроператорлар табысты iске асыратын және туристiк маршруттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген 80-ге жуық туристiк бағыт жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 10 туроператор Көкшетау, Бурабай, Зерендi, Қорғалжын және Ерейментау аудандары мен Ақмола облысы Бiржан сал ауданының тарихи және киелi жерлерi бойынша туристiк маршруттарды әзiрлеп, пайдаланады. Олардың iшiнде қасиеттi орындарға бекiтiлген 8 маршрут бар.

Статистикалық мәлiметтерге сәйкес 2019 жылдың бiрiншi тоқсанында орналастыру орындарының саны 375 бiрлiктi құрады, Қордың жалпы сыйымдылығы — 5159 нөмiр, бiр жолғы сыйымдылығы 13327 төсек-орын. Орналастыру орындары 1108,1 млн.теңгеге қызмет көрсеттi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiнен 9,4% артық. Орналастыру орындарында қызмет көрсетiлген келушiлер саны 67950 адамды құрады (2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы статистикалық ақпарат қазiргi күнге дейiн қалыптаспаған).

2018 жылы «3 жұлдыз» санатын «ZERENDA PARK» қонақ үйi алды. «Rixos Borovoe» қонақ үйi халықаралық стандарттар шеңберiнде франшиза бойынша жұмыс iстейдi және «5 жұлдыз» санаты бар.

7 орналастыру объектiсi («Оқ-Жетпес» ЕСК шипажайы, «Park House Kokshetau» қонақ үйi, «Алмаз» шипажайы, «Green Which Hotels» қонақ үйi, «Алтын күн» қонақ үйi, «Зеленый бор» шипажайы, «HOTEL INSAR» қонақ үйi) 2018 жылдың сертификаттарын ұзартты.

Өңiрде 9 сертификатталған орналастыру орындары жұмыс iстейдi.

Цифрландыру процесiн жүзеге асыру аясында 3 тiлдiк www.visitaqmola.kz интернет-ресурс жұмыс iстейдi, оған «Visit Aqmola» мобильдi қосымшасы, оның функционалына аймақтың танымал орындарын сканерлеу QR-коды кiредi. Бұл сайт электрондық ақпараттық дүңгiршектермен синхрондалған (Туристiк ақпараттық дүңгiршектер Астанада — «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында, Бурабай кентiнде — «Бурабай Даму» ЖШС визит-орталығы базасында бар, Астанада «Нұрлы жол» вокзалы ғимаратында орнатылған).

Өңiрдiң туристiк өнiмiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн туристiң «Burabay PASS» ресми картасы (жолсiлтеме, смарт-карта және Beeline SIM-картасы) сатылымға шығарылды. А.ж. 600-ден астам сату тiркелдi.

Бурабай курортының көше-жол желiсiн салу және қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, ұзындығы 80 км Щучинск — Зерендi автомобиль жолының құрылысы жалғасуда (жобаның құны 15,4 млрд.теңге). 2019 жылы 8 инвестициялық жоба бойынша 2018 жылы басталған жұмыстар жалғастырылды (жатын корпусының және «Тамилла» демалыс аймағының құрылысы, «Эдем & SPA» сауықтыру кешенi кафесiнiң құрылысы, «Щучье» шипажайының 1-2-қабаттарын қайта жаңарту, «Жеке батыр» шипажайының жаңа жатын корпусының 4 қабатының құрылысы бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, «Цой» ЖК қонақ үй кешенiнiң iшкi әрлеуi жүргiзiлуде, Тапсырыс берушi — «Зерновая индустрия — Астана» ЖШС қонақ үй кешенiнiң, «Демеу қоры» туристiк кешенiнiң құрылысы жалғасуда, «Золотой Фазан» кешенiн пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде).

Сондай-ақ, Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында зәкiрлiк жобалар iске асырылуда:

1. «AQ BURA» курорттық аймағының құрылысы («Elephant Construction Ltd» ЖШС);

2 «PROMENADE BURABAY» құрылысы (BI-Group).

Ақмола облысының аумағында «Four seasons» күнтiзбелiк iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 9 iс-шара өткiзiлдi:

– «BurabayWinterSport 2019» туризм және демалыс қызметкерлерi арасындағы қысқы спартакиада (2019 жылғы 21 ақпан);

– «Наурыз мейрамы» қысқы балық аулау фестивалi (2019 жылғы 24 наурыз);

– «Burabay Cyber Cup» киберспорттық iс-шарасының 2 000 000 теңге жүлде қорымен ақтық сайысы (2019 жылғы 13 сәуiр);

– Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық курорттық қауымдастығының қолдауымен «Шипажай-2019» халықаралық ғылыми-практикалық форумы (2019 жылғы 18-19 сәуiр);

– «Veloburabay-2019» веложарыс (2019 жылғы 27 сәуiр);

– «Синегорье-трофи 2019» трофи — рейдам бойынша ҚР Кубогының

II кезеңi (2019 жылғы 5 мамыр);

– «Жайлау» этноауылының ашылуы, «QymyzFest» қымыз фестивалi, «Бәйге-2019» атты сайыс (2019 жылғы 2 маусым);

– 3-шi жыл сайынғы байк-рок фестивалi «Road Freedom Fest» (2019 жылғы 29-30 маусым);

– «Көшпендiлер әлемi» IV Халықаралық Көшпендiлер этномәдениетi фестивалi (2019 жылғы 29-30 маусым).

Өткiзiлген iс-шаралардың жалпы саны 5000-нан астам адамды құрады.

Сервис сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында Басқарма сервис және туризм академиясымен бiрлесiп, Түркия қонақ үйлерiнде сервистiк мамандықтар студенттерiнiң тағылымдамасын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргiздi.

2 мамыр 2019 жыл 48 студент (оның iшiнде: Ш. Уәлиханов ат. КМУ —

8 адам; «Щучинск қаласының техникалық колледжi» МКҚК — 40 адам) Түркияның таңдаулы қонақ үйлерiне («Q Premium Otel» қонақ үйi (Алания), «Hane Group Hotel» қонақ үйi (Сиде қ.), «Raymar Resort Hotel Alanya» қонақ үйi, «Ѕамага Hotel» қонақ үйi (Бодрум қ.) тағылымдамадан өттi. Еңбек кезеңiнде құрайды 6 ай (мамыр-қараша).

Сонымен қатар, туризм басқармасының қолдауымен Астана Риксос қонақ үйi арасында мен Ш. Уәлиханов ҚМУ арасында келiсiмге қол жеткiзiлдi. Ағымдағы жылдың маусым айында ЖОО-ның 8 студентi Риксос қонақ үйiнде тәжiрибеден өттi.

Ақмола облысының туристiк әлеуетiн iлгерiлету мақсатында өңiрдiң имиджiн қалыптастыру бойынша iс-шаралар өткiзiлдi.

9 ақпанда «Мен-чемпион» Burabay-open «балалар спорттық ойынының ашық республикалық турнирi» атты iрi тележоба басталды.

24 наурызда Оңтүстiк Кореядан келген «Korean Broadcasting System» iрi телеарнасымен Бурабай курортының туристiк әлеуетi туралы телехабар түсiрiлдi.

Сондай-ақ, өңiрдiң туристiк өнiмдерiн жылжытуға бағытталған 15-тен астам iс-шаралар ұйымдастырылып, әртүрлi кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, 4 ақпараттық-жарнамалық тур өткiзiлдi.

Анықтама:

7-8 мамырда Ақмола облысының туризм басқармасы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бiрлесiп, отандық туризмдi насихаттау және туристiк өнiмдердi сатуды арттыру мақсатында Ресей Федерациясының туроператорлары мен турагенттерi үшiн ақпараттық тур ұйымдастырды.

15-18 мамыр аралығында Ақмола облысы бойынша ауқымды Қазақстан-Ресей жарнамалық-ақпараттық туры өттi, оған 15-тен астам туркомпания қатысты.

21 мамырда «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бiрлесiп Батыс Қазақстанның 4 аймағынан (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының) туроператорлар үшiн жергiлiктi турбизнеспен ақпараттық тур және b2b кездесулер ұйымдастырылды.

21-22 маусымда Бурабай және Зерендi курорттық аймақтарында Қазақстанның барлық облыстарының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қатысуымен ауқымды ақпараттық тур өттi.

Құрылған күні: 16.04.2015 18:00
Жаңартылған күні: 10.07.2019 16:07
Қаралым саны: 14681
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус