Спорт

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының
2019 жылғы 1-жартыжылдық бойынша
әлеуметтiк-экономикалық даму қортындысы
және 2-жартыжылдыққа қойылатын мiндеттер туралы
АҚПАРАТ

Облыстық спорт ұйымдарының жұмысындағы басты бағыттар: спорт инфрақұрылымын, бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спортын дамыту.

Қазiргi кезде дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асыру бойынша жұмыс iстеп жатқан басты құжаттар — Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейiнгi тұжырымдамасы, Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.

Аумақтарды дамытудың бағдарламасында спорт саласы үшiн 2 нысаналы индикатор белгiлендi.

1.Дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын азаматтардың қамтылуы.

2019 жылдың 1 қаңтарында дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын халықтың қамтылуы 213886 адамды немесе 29 % құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлғаю 10128 адамды құрады, немесе 1,4 %, орындалуы — 105,7%. 2019 жылғы жоспар — 29,5%.

2.Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде, дене тәрбиесi дайындығының балалар мен жасөспiрiмдер клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспiрiмдердiң қамтылуы.

Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт мектептерiнде және балалар мен жасөспiрiмдердiң клубтарында шұғалданушылардың саны 621 адамға немесе 0,2% артты және 18444 адам немесе 15 % құрады (жоспар — 14,9%). Орындалуы — 100,7%. 2019 жылға жоспар — 15,1%.

Жоғары көрсеткiштер Степногорск қаласында (33,5 %), Жарқайың (30,3%), Жақсы (30,3%) аудандарында байқалуда.

Қазiргi уақытта облыста 18 дербес дене шынықтыру және спорт бөлiмдерi жұмыс iстейдi. «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерi туралы» Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы

13 шiлдедегi № а-7/131 қаулысына сәйкес дене шынықтыру және спорт бөлiмiн бiлiм бөлiмiмен бiрiктiру арқылы қайта ұйымдастырылып, бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi болып қайта құрылды.

Бастауыш ұжымдар мен ауылдық округтерде 2108 штат қызметкерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде ауылда — 1177 адам. Оның iшiнде 1117 жалпы бiлiм беретiн мектептерлiң мұғалiмдерi, 160 жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, 414 жаттықтырушы-оқытушы бар.

Кәсiпорындар мен ауылдық округтерде жұмысты 172 спорт жөнiндегi нұсқаушы-әдiскер жүргiзедi, оның iшiнде ауылда — 160 адам, бұл ауылдық округтердiң қамтасыз етiлуiнiң 68,7% құрайды.

Аталған мәселе Есiл ауданында шешiлмей отыр, онда 17 ауылдық округте барлығы 2 нұсқаушы-әдiскер жұмыс iстейдi және Бұланды ауданында нұсқаушы-әдiскер мүлде жоқ.

Дене шынықтыру қызметкерлерiнiң iшiнде 1617 адамның жоғары дене шынықтыру бiлiмi бар, ол дене шынықтыру кадрларының жалпы санының 76,7%.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн Ақмола облысында 2408 спорт ғимараты бар, оның iшiнде ауылда — 1690. Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 53 бiрлiкке артты.

Астрахан ауданында ДСК құрылысы аяқталды, Ерейментау ауданында ФОК құрылысы жүргiзiлуде, сондай-ақ Бұланды ауданы Макинск қаласында жабық хоккей кортының құрылысы жүргiзiлуде, Бiржан сал ауданының Степняк қаласында ДСК құрылысын бастауға қаражат бөлiндi. 2019-2021 жылдарға арналған «Ауыл — ел бесiгi» арнайы жобасы аясында Аршалы ауданының Аршалы кентi дене шынықтыру — сауықтыру кешенiнiң құрылысына iрiктелдi.

Халықтың, оның iшiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң бос уақытын ұйымдастыру үшiн қазiргi заманғы спорт алаңдары мен хоккей корттарын жабдықтау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Аталған нысандардың құрылысы жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлер есебiнен жүргiзiледi.

Қазiргi уақытта «Самұрық-Қазына» корпоративтiк қоры «Менiң Елiм» әлеуметтiк бағдарламасы аясында облыстың 4 өңiрiнде (Көкшетау қаласы — 2, Щучинск қаласы — 1, Атбасар ауданы — 1, Жақсы ауданы — 1) 5 көпфункционалды спорт алаңының құрылысын аяқтауда.

Жергiлiктi жер бойынша жұмысты 13 жасөспiрiмдер, 5 балалар мен жасөспiрiмдер дене тәрбиесi клубтары жүзеге асырады. Оларда жалпы 5120 адам спортпен шұғылданады.

Мүмкiндiктерi шектеулi адамдармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жүргiзу тұрғысында облыс орталығында мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс iстейдi, 213 адамды қамтиды.

Басқарма Қазақстан Республикасының Президентi Қ.К. Тоқаевтың ұлықтауында айтқан сөзiнде айқындалған 10 бағыттың бiрi болып табылатын рухани даму тұрғысынан белсендi жұмыс жүргiзуде.

Бұл ретте жастармен жұмыс iстеуге, ұлттық спорт түрлерiн насихаттауға және дамытуға баса назар аударылады.

Қазiргi уақытта дене шынықтырумен және спортпен 113,2 мың жас айналысады, бұл дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың жалпы санының 53% құрайды.

Салауатты өмiр салтын дәрiптеу және насихаттау мақсатында облыста 2015 спорттық-бұқаралық iс-шара өтiзiлдi. Оған 103996 адам қатысты. Ауылда 74362 адамның қатысуымен 1475 iс-шара өткiзiлдi. Былтырғы жылмен салыстырғанда iс-шаралардың саны 30 %-ға азайды, бұл ауыл округтерiнде әдiскерлер жұмысының нашарлығына байланысты.

«2019 жылы кешендi облыстық спартакиадалар өткiзу туралы» облыс әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес келесi спартакиадалар өткiзiлдi:

- 9 спорт түрлерiнен облыстық қысқы «Хрустальный колос» спартакиадасы, ақтық сайысы Бұланды ауданында өткiзiлдi. Осы спартакиаданың барлық кезеңдерiнде 8500 адам қатысты.

- Көкшетау қаласында 9 спорт түрлерiнен физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдар арасындағы «Надежда» спартакиадасы, 250 адам қатысты.

Облыстың 6 өңiрiнде (Сандықтау, Бурабай, Бұланды, Зерендi аудандары, Көкшетау мен Степногорск қалалары) 23 ақпан күнi олимпиадашыларды қолдауға арналған қысқы спорт түрлерiнiң фестиваль өткiзiлдi. Осы iс-шараға 3000 астам адам қатысты.

11 команда қатысуымен облыстық басқармалар мен департаменттер арасындағы 12 спорт түрiнен «Бiрлiк» ведомстволық спартакиадасы өткiзiлдi.

Мамыр айында Красный Яр ауылында ұлттық спорт түрлерiнiң фестиваль өткiзiлдi, оған 200 адам қатысты.

Мемлекеттiк қызметшiлер және Олимпиялық күндердi мерекелеу аясында облыс бойынша 5650 адам қатысуымен спорттық-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлдi.

Облыста бұқаралық спортпен қатар жоғары жетiстiктер спорты дамытылады.

Облыста 29 спорт мектебi (оның iшiнде 4 олимпиадалық резерв мектептерi және ЖШСМ) және Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған 1 мектеп-интернаты спорттық резерв даярлауды жүзеге асырады.

Спорт мектептерiнде, СДБОМИ-де және ЖСШМ-де 48 спорт түрi дамытылуда (олардың iшiнде 26 олимпиадалық), жаттығушылар саны — 14974 адам.

Облыста Қазақстан Республикасы чемпионаттарына қатысатын 6 кәсiби команда бар — шайбалы хоккейден «Арлан» ХК, футболдан «Оқжетпес» ФК (әйелдер мен ерлер футбол командалары), баскетболдан «Синегорье» БК (әйелдер мен ерлер баскетбол) және футзал командасы.

«Арлан» хоккей командасы 2018-2019 жылғы Құрылық кубогiнiң жеңiмпазы атанды және 2018-2019 маусымда ҚР Чемпионатында

3-орынға ие болды.

Премьер-Лига командаларының арасындағы ҚР Чемпионатында «Оқжетпес» ФК (ерлер) 14 турдан кейiн 8 орында.

Футзалдан ерлер командасы ҚР чемпионатында 5-орын алды

(8 команданың iшiнде).

Ұлттық лига командалары арасындағы ҚР чемпионатында 2018-2019 маусымда «Синегорье» әйелдер баскетбол командасы 5-орынға, ерлер баскетбол командасы 5-орынға ие болды.

ҚР ұлттық құрама командаларының құрамына түрлi спорт түлерiнен Ақмола облысының 406 спортшысы кiредi, оның iшiнде: олимпиадалық спорт түрлерiнен — 237, олимпиялық емес спорт түрлерiнен — 169 адам (2018 жылы барлығы 364 адам).

Жылдың басынан 1-разрядты 32 спортшы, 139 спорт шеберлiгiне үмiткер, 10 спорт шеберi, 20 халықтық дәрежедегi спорт шеберi, 1 еңбек сiңiрген спорт шеберi даярланды.

Бiрiншi жартыжылдықта iрi халықаралық кешендi iс-шаралармен атап өтiлдi:

1)«Дети Азии» халықаралық спорттық ойындар, ол Южно-Сахалинск қаласында (Ресей) 8-17 ақпан аралығында өттi.

ҚР құрамасының қатарында ел намысын 5 ақмолалық спортшы қорғады: 3 — шаңғы жарыстары және 3 биатлоншы. Ойындардың қорытындылары бойынша биатлоншылар Куралес Вадим және Червенко Данил әртүрлi дәрежедегi 6 медаль жеңiп алды.

2)Дүниежүзiлiк қысқы универсиада, ол Красноярск қаласында (Ресей) 2-12 наурыз аралығында өттi, онда облыстан 7 спортшы қатысты: 1 — спорттық бағдарлау, 6 — шаңғы жарыстары. Осы жарыстарда Гридин Никита мен Климин Олжас шаңғы эстафетасында

2-орынға ие болды.

3)Дүниежүзiлiк жазғы Арнайы ойындар 8-22 наурыз аралығында Абу-Даби қаласына (БАӘ) өттi. ҚР құрама командасының құрамында Ақмола облысының 5 спортшы қатысты: 4 — пауэрлифтингтен, 1 — волейболдан. Олар барлығы 12 медаль жеңiп алды.

Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының қысқы жазғы жастар ойындары өттi. Облыс спортшылар бағдарламаның 17 спорт түрiнен 9 спорт түрiне қатысып, барлығы 36 медаль жеңiп алды. Жалпыкомандалық есепте бiздiң қоманда 6-орынға ие болды.

Барлығы республикалық және халықаралық жарыстарға облыс спортшылары 588 медальға ие болды. (2018 жылы — 639 медаль).

Ынталандыру және материалдық көтермелеу үшiн нәтижелерi мен рейтингiне байланысты 43 жетекшi спортшыға 50-176 мың теңге аралығында ай сайынғы ақшалай қаржыландыру төленедi. Халықаралық аренадағы жоғары спорттық нәтижелерi үшiн бiржолғы сыйақы төленедi.

Халыққа мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша жұмыс тұрғысында жыл басынан бастап спорттық разрядтар мен санаттар беру бойынша 195 қызмет, спорт федерацияларын аккредиттеу бойынша 2 қызмет және спорт мектептерiне «мамандандырылған» және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру бойынша 5 көрсетiлдi.

Өскелең ұрпақты отансүйгiштiкке тәрбиелеу, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастарды зиянды әдекеттерден бас тарту мақсатында облыстың жетекшi спортшылары жыл сайын жастармен, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушыларымен кездесулерге қатысады.

Бiрiншi тоқсанда полиция департаментi есiрткiге қарсы «Сенiң таңдауын» акциясын ұйымдастырды, оның шеңберiнде облыстың жетекшi спортшылары — бокстан әлем мен Азия чемпионаттарының қола жүлдегерi Ибрагимова Карина мен Балтабаева Жансаяның, каратэ-додан ҚР чемпиондары мен жүлдегерлерiнiң Красный Яр а. және Щучинск қ. жалпы бiлiм беретiн мектептерi мен колледждерiнiң оқушыларымен кездесуi өттi.

ММА бойынша халықаралық дәрежедегi спорт шеберi Рахмонов Шавкат Көкшетау қаласы БЖСМ джиу-джитсу бөлiмiнiң тәрбиеленушiлерiмен кездестi.

Сәуiр айында каратэ-додан әлем чемпионы Ташим әдiл, каратэ-додан әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi Дик Илья, қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы Максимова Регина Абай орта мектебiнiң оқушыларымен кездестi.

Жетекшi спортшылардың «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының «00:00» және «Көкше нұры» бағдарламаларына апта сайын қатысты, БАҚ өкiлдерi үшiн облыс спортшыларының «ашық жаттығуларын» тұрақты түрде өткiзу ұйымдастырылды.

2019 жылғы 2-жартыжылдыққа қойылатын негiзгi мiндеттер:

1.Халықтың жүйелi түрде дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен қамтылуын 29,5 %-ға арттыру.

2.Ерейментау ауданының Ерейментау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенi, Бұланды ауданының Макинск қаласында жабық хоккей кортының құрылысы, Бiржан сал ауданының Степняк қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысын бастау.

3.Заманауи спорт алаңдарының желiсiн кеңейту.

4.Облыстың жетекшi спортшыларының кешендi республикалық жарыстарға қатысуы: жазғы спартакиада, паралимпиада ойындары, ұлттық спорт түрлерiнiң фестивалi.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:56
Жаңартылған күні: 10.07.2019 16:04
Қаралым саны: 14103
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус