Дін

2019 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша
Ақмола облысындағы дiни ахуал туралы
ақпарат

Облыста 191 тiркелген дiни бiрлестiк (бұдан әрi — ДБ) әрекет етедi:

90 — ислам, 45 — православ, 11 — католик, 43 — протестанттық, 1 — Бахаи дiнi, 1 — Ақмола облысының Кришна Санасы Қоғамы.

Сонымен қатар, мемлекеттiк тiркеуден бас тартып отырған евангель христиан-баптистерiнiң 10 қауымдастығы бар (Көкшетау қ., Степногорск қ., Бұланды ауданының Макинск қ., Есiл ауданының Есiл қ., Бурабай ауданының Щучинск қ. және Бурабай к., Жақсы ауданының Запорожье а., Атбасар ауданының Сергеевка а., Астраханка ауданының Астраханка а., Сандықтау ауданының Балкашино а.).

Дiни объектiлер 151, олардың iшiнде мешiт — 90, православ шiркеуi — 28, католик костелы — 11, протестанттық құлшылық ету үйi — 22.

Ақмола облысының аумағында 75 миссионер бар. Олардың арасында: 21 адам Польшадан, 5 адам Филиппиннен, 5 адам Ресейден,

1 Германиядан, 43 адам Қазақстаннан.

30 миссионер католицизмдi, 32 миссионер — православиенi, 1 миссионер — исламды, 12 миссионер протестантизмдi ұстанады.

Есептi кезеңде миссионердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы 56 куәлiк берiлдi.

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерi, келу мерзiмiн қысқарту немесе облыс аумағынан тыс жерлерге миссионерлердi шығару жағдайлары орын алған жоқ.

Мемлекеттiк конфессияаралық қатынастар негiздерiн түсiндiру, дiни экстремизмнiң алдын алу, облыста құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында, құрамында 215 адам бар 23 дiн мәселелерi жөнiндегi ақпараттық-түсiндiру топтарымен (бұдан әрi — АТТ) кешендi ақпараттық-түсiндiру жұмыстары жалғастырылуда.

Жыл басынан берi облыста АТТ 1661 iс-шара өткiздi, оған 40064 адам қатысты.

01.09.2019 күнгi жағдай бойынша Ақмола облысының БАҚ дiни қатынастар саласындағы ағарту тақырыптарында 1534 материал жарық көрдi. Олардың iшiнде: баспасөз басылымдарында 317 материал жарияланды; облыстық және аудандық телестудияларда

56 телематериал көрсетiлдi (сюжеттер, бейнероликтер және телебағдарламалар); интернет-ресурстарында 1161 ақпараттық хабарлама орналастырылды.

Конфессияаралық келiсiм, шиеленiстердiң және дiни негiздегi қайшылықтардың жоқтығы, жүйелi ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының нәтижесi болып табылады. Облыстағы дiни ахуал тұрақты.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:52
Жаңартылған күні: 16.09.2019 09:11
Қаралым саны: 14766
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус