ҚХАА жанындағы облыстық Қоғамдық келісім Кеңесінің ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан халқы Ақмола
ассамблеясы Кеңесiнiң шешiмiмен
2016 жылдың «7» маусымы
Бекiтiлдi

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы
облыстық Қоғамдық келiсiм Кеңесiнiң
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ереже

1. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының Қоғамдық келiсiм кеңестерi (бұдан әрi — Кеңес) Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының консультативтi — кеңесшi орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.

3. Кеңесте ардагерлер, аналар, жастар iстерi бойынша кеңестердiң, шығармашылық одақтардың, сондай-ақ Қазақстан халық Ассамблеясы өкiлдерiнiң мiндеттi өкiлдiгi есепке ала отыра Кеңес құрамы қоғамдық бiрлестiктер, үкiметтiк емес ұйымдар, этномәдени бiрлестiктер, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi қатарынан қалыптастырылады.

Кеңес құрамы Қазақстан халқы Ақмола ассамблея Кеңесiнде бекiтiледi.

4. Кеңес төрағасын Кеңес мүшелерi оның жиналысында сайланады. Кеңес төрағасы беделдi қоғамдық қайраткер немесе белсендi қоғамдық-саяси ұстанымы бар тұлға сайлануы мүмкiн.

Кеңес төрағасы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Кеңесiнiң құрамына кiредi.

2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары

5. Кеңестiң негiзгi мiндетi — қоғамда қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктi нығайту мақсатында азаматтық қоғам институттарының, саяси және үкiметтiк емес ұйымдардың, басқа бiрлестiктердiң басын бiр арнаға бiрiктiру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзудiң, «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың және Жаңа Қазақстандық Патриотизмдi тәрбиелеудiң бiртұтас тәсiлдерiн әзiрлеу.

6. Кеңес келесi функцияларды орындайды:

1) қалыптасқан жағдайды саралау, сондай-ақ өңiрде әлеуметтiк және басқа да шиеленiстердi болдырмау және шешу бойынша ұсынымдар әзiрлеу;

2) қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктi нығайту жөнiнде, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара iс-қимылды жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу;

3) Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзуге бағытталған азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтiк маңызды жобаларды және бағдарламаларды қолдау және дамыту;

4) ардагерлер, кәсiподақ, жастар бiрлестiктерiн және басқа да қоғамдық ұйымдарды қоғамдық келiсiм және жалпыұлттық бiрлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты насихаттауға және iске асыруға тарту;

5) әлеуметтiк мәселелердi болдырмауға және алдын алуға, келiспеушiлiктер мен жанжалдарды реттеу, әлеуметтiк шиеленiс ошақтарының туындауына мүмкiндiк беретiн жағдайларға жол бермеу жөнiнде тәжiрибелiк iс-шараларды iске асыруға қатысу;

6) жергiлiктi жерлерде қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылауды дамытуға көмектесу.

3. Кеңестiң өкiлеттiктерi

7. Мемлекеттiк комиссия өз құзыретi шегiнде:

1) мемлекеттiк органдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;

2) Кеңес отырыстарында Кеңес құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға;

3) Кеңес құзыретiне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында жұмыс топтарын және комиссиялар құруға;

4) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы.

4. Кеңес қызметiн ұйымдастыру

8. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына бiр реттен жиiлетпей өткiзiледi.

9. Кеңес отырыстары Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысқан кезде заңды болады.

10. Кеңес шешiмдерi отырысқа қатысып отырған мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.

11. Кеңес отырыстарына Кеңес мүшесi болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бiрлестiктердiң, Қазақстан халқы Ассамблеясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.

12. Кеңес төрағасы:

1) Кеңес қызметiн басқарады және оның отырыстарына төрағалық етедi;

2) күн тәртiбiн айқындайды және Кеңес отырыстарының хаттамасына қол қояды.

13. Төраға болмаған жағдайда оның мiндеттерiн төраға белгiлеген орынбасар атқарады.

14. Кеңес хатшысы:

1) Кеңес Мүшелерiне отырыстың өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы хабарлайды;

2) Кеңес отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;

3) Кеңес отырыстарының хаттамасын рәсiмдейдi;

4) Кеңес төрағасына қабылданған шешiмдердi орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы оның мүшелерi дайындаған есептi ұсынады;

5) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Кеңес хатшысы оның мүшесi болып табылмайды.

15. Кеңесiнiң жұмыс органы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшылығы болып табылады.

Кеңестiң жұмыс органы:

1) Кеңес қызметiн ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

2) Кеңес құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасуды жүргiзедi;

3) Кеңес қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.

16. Жергiлiктi мемлекеттiк органдар Кеңес жүктелген мiндеттерiн орындауда оған жәрдемдеседi.

Құрылған күні: 30.01.2020 11:39
Жаңартылған күні: 30.01.2020 11:39
Қаралым саны: 528
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус