Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Сәндік қолданба өнері шеберлері одағының қызметі туралы ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Сәндiк қолданба өнерi шеберлерi одағы (бұдан әрi — Шеберлер одағы) — Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанында дербес, ерiктi түрде құрылған құрылым.

1.2. Шеберлер одағы өз қызметiн осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3. Шеберлер одағы өз қызметiн сәндiк қолданба өнерiн дамыту және қолдау қағидатына сүйенiп жасайды.

1.4. Шеберлер одағын оның мүшелерi сайлаған төраға басқарады.

1.5. Шеберлер одағы кеңсе және арнаулы жиһазбен, ұйымдастыру құралымен жабдықталған жеке кабинетте орналасады.

2. МIНДЕТI

2.1 Ақмола облысында тұрып жатқан этностардың бай мәдени мұрасын сақтаушы мен алып жүрушi сәндiк қолданба өнерi шеберлерiнiң көркем қолөнерiн және халық кәсiбiн, шығармашылық әлеуетiн қолдау және ары қарай дамыту.

2.2 Сәндiк қолданба өнерi шеберлерiнiң қызметiн көпшiлiкке танымал ету, олардың шығармашылық жобаларды әзiрлеуге қатысуын белсендiру, өскелең ұрпаққа өзiндiк мәдени салт-дәстүр мен құндылықтарды берiп кету.

2.3 Ақмола облысының аумағында тұрып жатқан этностардың мәдени мұрасын сақтап қалуға және мәдениетiнiң сiңiсуiне бағытталған жобаларды жүзеге асыру.

2.4 Қазақстан халқының өзiндiк, бейнелi мәдениетiн сақтап қалуға септесiп жүрген дарынды қолөнершi мен шеберлерге қолдау көрсету, сәндiк қолданба өнерiнiң жас шеберлерiнiң арасында жаңа есiмдердi анықтау.

3. ҚҰРЫЛЫМЫ

3.1 Шеберлер одағында төраға, төрағаның орынбасары, сәндiк қолданба өнерiнiң шеберлерi бар.

3.2 Шеберлер одағының төрағасы және оның орынбасары Шеберлер одағының жалпы есептiк сайлау жиналысында таңдалып, бекiтiледi.

3.3 Шеберлер одағының есептiк сайлау жиналысы жұмыс қорытындысы бойынша жылына бiр реттен кем өтпейдi.

3.4 Төраға мен орынбасардың мiндеттерiн орындау қоғамдық негiзде жүзеге асырылады.

3.5 Шеберлер одағының құрамын Одақ төрағасы бекiтедi.

4. ФУНКЦИЯСЫ

4.1 Сәндiк қолданба өнерi Шеберлерi одағының деректер базасын қалыптастырып, оны жүргiзу.

4.2 Шеберлер одағының қызметiн дамытуға бағытталған iс-шараларды, оның iшiнде отырыс, жәрмеңке, шеберлiк сыныптары, байқаулар мен шығармашылық көрмелер ұйымдастыру және оны өткiзу.

4.3 Жастар арасында рухани және мәдени құндылықты көпшiлiкке танымал ету және насихаттауға бағытталған таныстыру және бедел-бейне iс-шараларын өткiзу.

4.4 Шеберлер одағының қызметi туралы ақпараттық әдiстемелiк әдебиет, альбом, жарнамалық буклеттердi және басқа да материалды басып шығару.

4.5 Қазақ мәдениетiн және облыста тұрып жатқан өзге этностың мәдениетiн оқып бiлуге және дамытуға бағытталған әлеуметтiк мәнi бар жобаларды iске асыру үшiн этномәдени бiрлестiктермен өзара iс-әрекет ету.

4.6 Шеберлердiң этномәдени бiрлестiктерде жұмыс iстеу тәжiрибесiн зерттеу, жинақтау және оны тарату, олардың шығармашылығын сәндiк қолданба өнерi шеберiнiң әлеуметтiк мәртебесiн көтеру үшiн көпшiлiкке танымал ету.

4.7 Сәндiк қолданба өнерi шеберлерiмен таныстыру және тiлдесу арқылы өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудi iске асыру мақсатында бiлiм беру ұйымдарымен ынтымақтастықта болу.

4.8 Бiлiм және мәдениет басқармасы, балалар шығармашылығының орталықтары мен көркем өнер мектептерi, ЖОО, Көкшетау қаласының Суретшiлер одағы, облыстық және қалалық мұражай, Көкшетау қаласының Бiлiм бөлiмiмен өзара iс-қимыл.

5. ҚҰҚЫ

5.1 Шеберлер одағының мүшелерi төраға не актив қарауға енгiзген мәселелердi талқылауға қатысуға, Шеберлер одағының жұмысы және жұмыс iстеуi бойынша ұсыныстар енгiзуге құқы бар.

5.2 Шеберлер одағының мүшелерi әдiстемелiк жұмыс жасағанда, Шеберлер одағының толыққанды жұмыс iстеуi мен қызметiне арналған кабинеттiң қажетiнше жарақталып, жабдықталғанына Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты жанындағы «Қоғамдық келiсiм» КММ басшылығынан қолғабыс пен көмек көрсетiлуiне құқы бар.

6. ЖАУАП КЕРШIЛIК

6.1 Шеберлер одағының төрағасы:

- оған жүктелген функцияларды адал және уақытылы орындауға;

- «Қоғамдық келiсiм» КММ басшылығының бұйрығы мен нұсқауларын сапалы орындауға;

- шеберлiк сыныбына арналған кабинеттiң жұмыс iстеп тұруына, экспозициялық залдың және күту залындағы шыны сөрелердiң безендiрiлуiне жауапты болады.

Құрылған күні: 30.01.2020 12:07
Жаңартылған күні: 30.01.2020 12:07
Қаралым саны: 251
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус