Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер.

1.1. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағыАналар кеңесi (бұдан әрi — Кеңес) этномәдени бiрлестiктердiң белсендiлерi, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң, мемлекеттiк органдардың, коммерциялық құрылымдардың өкiлдерiнен құрылған  — әйелдердi ерiктi негiзде бiрiктiретiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

1.2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» заңдары, «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi», өзге де нормативтi-құқықтық актiлер, сонымен қатар осы Ереже құрайды.

1.3.Кеңес қоғамдықпен, этномәдени бiрлестiктермен, үкiметтiк емес ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен және бiлiм беру орындарымен, Ақмола ассамблеясының қоғамдық келiсiм мен бiрлiк, мемлекеттiк ұлттық саясатты жүзеге асыру сұрақтары бойынша барлық құрылымдық бөлiмшелерiмен, сондай-ақ Ақмола облысы әкiмдiгi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi және демографиялық саясат жөнiндегi комиссиямен және өңiрдегi басқа да ұқсас ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды.

1.4. Кеңес өз қызметiн облыстың барлық аумағында жүзеге асырады, Аналар кеңесi отырысын бiр тоқсанда бiр рет өткiзедi.

2.Аналар кеңесiнiң мақсаты.

2.1. Кеңес қызметiнiң негiзгi мақсатына жатады:

- өңiрдегi этносаралық келiсiмдi және жалпыұлттық бiрлiктi қамтамасыз ету;

- Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени бiрлiгiн қалыптастыру, толеранттылыққа, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;

- отбасылық құндылықтарды насихаттау, неке және отбасы институтын нығайту iсiне үлес қосу.

3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi.

Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады:

3.1.Отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау және дамыту, отбасының мәртебесiн көтеру және балаларды тәрбиелеудегi үздiк тәжiрибенi, отбасылық тәрбиенiң этномәдени дәстүрлерiн тарату;

3.2.Отбасы мәртебесiн көтеру және отбасылық өмiрдiң беделiн арттыру;

3.3.Этносаралық келiсiмдi, толеранттық қатынастарды дамыту, достықты нығайту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, ұрпақтардың сабақтастығы, Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлерiн және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;

3.4.Жас отбасыларды әр түрлi шығармашылық белсендiлiкке тарту және шығармашылық әлеуеттерiн ашу;

3.5.Ата-аналардың өз ұрпақтарының физикалық және рухани-адамгершiлiк денсаулығын нығайтуға тәрбиелеу iсiндегi жауапкершiлiгiн арттыру;

3.6. Отбасылық тұрмыс жағдайын жақсартуды және ата-ана табыстарын дамытуды насихаттау;

3.7.Көп балалы отбасылар туралы қоғамдық сананы өзгерту, олардың әлеуметтiк проблемаларын шешуде жалғызбасты және көп балалы аналарға кеңес беру арқылы көмектесу;

3.8.Жастар арасында антисоциальдық мiнез-құлықты болдырмау; аға ұрпаққа мейiрiмдiлiк пен рухани сезiмталдық тұрғысында қарауға тәрбиелеу;

3.9. Қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеуге, қоғамдық келiсiмдi, бiрлiктi және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған отбасылық, мәдени-сауықтыру және әлеуметтiк маңызы бар iс-шараларды, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және өткiзу;

3.10.Кеңесте оның құзыретiне қатысты шағымдарды қарауға.

4. Кеңестiң құқығы.

Мақсаттары мен мiндеттерiн орындау үшiн Кеңес құқылы:

4.1. Өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, бiлiм мекемелерiнен қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

4.2. Өз құзiретiнiң шегiнде Кеңес қызметiне қажеттi құжаттар мен материалдарға сұраныс жасауға және алуға;

4.3. Мемлекеттiк органдармен және қоғамдық бiрлестiктермен, саяси партиялармен және кәсiподақтармен және басқа да ұйымдармен өз құзiретi шегiнде өзара iс-қимыл жасауға;

4.4. Қазақстандық патриотизмдi нығайту, қоғамдық келiсiмдi, бiрлiк пен отбасылық құндылықтарды дамыту мәселелерi бойынша бағдарламаларды әзiрлеуге, талқылауға және ұсынымдар әзiрлеуге қатысу.

5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру

5.1. Кеңеске облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кандидатурасын тағайындаған төраға/төрайым жетекшiлiк етедi. Орынбасарын Кеңес төрағасы/төрайымы тағындайды.

Кеңес құрамына ерiктi негiзде этномәдени бiрлестiктер, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелерi мен қоғамдық құрылымдары, қыздар клубының басшылары және т. б. қатарынан әйел — аналар кiредi.

5.2. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.

5.3. Кеңес отырысқа қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен шешiм қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушi тұлғаның дауысы шешушi болып табылады.

Кеңес отырысы, егер оған Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, заңды деп есептеледi. Кеңес шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.

5.4. Кеңес төрағасы/төраймы:

1) Кеңес қызметiн ұйымдастырады және басшылық етедi;

2) облыстық Ассамблеямен келiсiм бойынша кеңес отырыстарының күн тәртiбiн қалыптастырады;

3) Кеңес төрағасы болмаған кезде отырыстарда Кеңес төрағасының орынбасары төрағалық етедi.

6. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету

Кеңестiң ұйымдастырушылық және ақпараттық қызметiн Ақмола облысы әкiмi аппаратының жанындағы «Қоғамдық келiсiм» КММ жүзеге асырады.

Құрылған күні: 30.01.2020 11:01
Жаңартылған күні: 30.01.2020 11:01
Қаралым саны: 504
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус