Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық топ туралы ЕРЕЖЕ

Ақмола облысы әкiмiнiң
2017 жылғы «26» қаңтардағы
№56 өкiмiмен
бекiтiлдi

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы
Ғылыми-сараптық топ туралы
ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық топ (бұдан әрi — ҒСТ) тұрақты әрекет ететiн кеңесшi-аналитикалық орган болып табылады.

1.2. Ғылыми-сараптық топ өзiнiң қызметiнде Конституцияны, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, облыс әкiмiнiң шешiмдерi, сондай-ақ аталмыш Ереженi басшылыққа алады.

2.Ғылыми-сараптық топтың мiндеттерi

2.1. ҒСТ негiзгi мiндеттерi:

1) демократияның дамуындағы, қазақстандық қоғамның тұтастығын нығайтудағы саяси және азаматтық институт ретiндегi жалпы ұлттық келiсiмге қол жеткiзудегi ҚХАА рөлiн күшейтуге жәрдемдесу;

2) облыстағы этносаяси, әлеуметтiк-экономикалық және конфессиялық даму үрдiсiн кешендi сараптамалық бағалау, өңiрде осы үдерiстердiң дамуын болжау;

3) этносаясаттың маңызды бағыты бойынша ҚХАА қызметiн сараптамалық сүйелмелдеу.

3. Ғылыми-сараптық топтың функциялары

3.1. Аталмыш ережемен анықталған маңызды мiндеттердi жүзеге асыру үшiн ҒСТ келесi қызмет атқарады:

1) ҚХАА облыста болып жатқан ғылыми-сараптамалық бағалаудан тұратын ақпарат және материалдармен, сондай-ақ мемлекеттiк ұлттық саяс атты дамытудың негiзгi бағыттары бойынша ақпарат және материалдармен қамтамасыз етедi;

2) әзiрлеу кезiнде Ақмола ассамблеясы құзыретiне жататын мәселер бойынша облыстық ұзақ мерзiмдi және орта мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламалар және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге талдау және сараптамалық бағалауды жүзеге асырады;

3) ҚХАА ғылыми жұртшылықпен байланысын нығайтуға, оның қызметi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және ғылыми басылымдарда жариялауға жәрдем көрсетедi.

4. Ғылыми-сараптық топтың құрамы мен құрылымы

4.1. ҒСТ төрағадан, орынбасардан, хатшыдан және ҒСТ мүшелерiнен тұрады.

4.2. ҒСТ төрағасы, орынбасары, хатшысы және мүшелерiнiң мiндеттерiн атқаруы қоғамдық бастамамен жүзеге асырылады.

4.3. ҒСТ құрамына келiсiм бойынша облыстық мәслихат депутаттары, этномәдени бiрлестiктердiң өкiлдерi, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсiз сарапшылар мен мамандар кiредi. ҒСТ құрамына үмiткерлер ҒСТ мүшелерiмен кiргiзiледi және Отырыстарда ашық дауыс берумен сайланады.

4.4. ҒСТ артылған мiндеттердi тиiмдi жүзеге асыру мақсаттарында секциялар құрылып, олардың қызметтерiнiң негiзгi бағыттары анықталады. ҒСТ төрағасы секциялар қызметiнiң бейiнi бойынша, олардың саны мен басшыларының үмiткерлiгi бойынша ұсыныстар енгiзедi.

5. Ғылыми-сараптық топ қызметiн ұйымдастыру

5.1. Ғылыми-сараптық топт облыс әкiмiмен, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасымен құраылып, қайта ұйымдастырылып, таратыла алады.

5.2. Аталмыщ Ереже ҚХАА төрағасымен бекiтiледi.

5.3. ҒСТ шешiмi ұсыныс сипатында қабылданады.

5.4. ҒСТ отырыстары қажет болған жағдайда (жылына 2 реттен кем емес) өткiзiледi.

5.5. Шешiм ҒСТ мүшелерiнiң дауысқа салуымен қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Ғылыми-сараптық топ төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

5.6. ҒСТ төрағасы:

1) ҒСТ қызметiне жалпы басшылық жасайды және үйлестiредi, топтың отырысына төрағалық етедi;

2) оның негiзгi бағыттарын анықтап, жұмысын ұйымдастырады;

3) ҒСТ қызметiн жоспарлап, отырыстар өткiзедi, ұйымдастырылған конференция, пiкiрсайыс және де басқа iс-шаралар жұмысын басқарады;

4) орталық және өңiрлiк мемлекеттiк билiк органдарымен, ұйымдар және лауазымды тұлғалармен, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ҒСТ құзыретi мәселелерi бойынша өзара iс-әрекеттi жүзеге асырады.

5.7. ҒСТ хатшысы:

1) ҒСТ жұмысын ұйымдастырушылықпен қамтамасыз етедi, оның хаттамаларын ресiмдейдi, топтың отырысында жұмыс материалдарын дайындайды, топтың жұмыс жоспарын жүзеге асыруды бақылауды қамтамасыз етедi;

2) ҒСТ мүшелерiне жиналыстың өтуi туралы хабарлайды, оның жұмысына қажеттi материалдарды сұратады.

5.8. ҒСТ мүшесi құқылы:

1) ҒСТ қызметiне белсендi қатысу;

2) ұлтаралық қатынастар, ұлттық бiрлiк және қоғамдық келiсiм мәселелерiн талқыға салуға;

3) сараптық жұмысқа қатысуға, ғылыми зерттеулер бойынша қорытындылар мен ұсыныстар дайындауға;

4) ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiмнiң қазақстандық моделiн дамыту бойынша ақпараттық жұмысқа белсендi қатысуға;

5) белгiленген тәртiпте қызмет мәселерi бойынша ассамблеяның мәлiметтер банкiн пайдалану;

6) ҒСТ қызметiнiң дамуына жәрдемдесуге.

5.9. ҒСТ жұмыс органы ҚХАА Хатшылығы болып табылады. Ақмола ассамблеясы Хатшылығы аналитикалық және сарапшылық жұмыстар үшiн, әлеуметтiк сұрастыру мен зерттеулер өткiзу үшiн шеткi ұйымдардың мамандарын, сарапшыларын, ғалымдарын, саясаткерлерiн, қоғамдық бiрлестiктердiң және үкiметтiк емес ұйымдардың көшбасшыларын, БАҚ қызметкерлерiн, сонымен қатар ҒСТ мүшелерi болып табылмайтын т.б адамдарды келiсiм негiзiнде тарта алады.

5.10. ҒСТ төрағасының тапсырмасы бойынша оның мүшелерi iссапарларға осы мақсаттарға қарастырылған бюджеттiк қаражат есебiнен және ұлтаралық және конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiн дамытуға бағытталған мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде жiберiле алады.

5.11. ҒСТ қызметi туралы есеп ағымдық күнтiзбелiк жылдың соңында жылына 1 рет ұсынылады.

Құрылған күні: 29.01.2020 12:12
Жаңартылған күні: 29.01.2020 12:12
Қаралым саны: 523
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус