«Қош келдің, Наурыз!» ашық сабағы

Өткен жылы «Қоғамдық келiсiм» КММ жанында Қазақстан этностары арасында мемлекеттiк тiлдi оқыту курстары орталығы ашылды.

Курстардың негiзгi мiндетi мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру, түрлi этностар өкiлдерiнiң қазақ тiлiн тез меңгеруiне және күнделiктi қолдануына ықпал ету болып табылады.

Сабақтар тәжiрибелi оқытушының басшылығымен мемлекеттiк тiлдi оқытудың жаңа әдiстемесiн қолдану арқылы аптасына бiр рет өтедi.

А.ж. 12 ақпан күнi мемлекеттiк тiлдi оқыту курстарының тыңдаушылары «Наурыз мейрамы» мерекесiнiң қарсаңында қазақ халқының салт-дәстүрлерiне арналған «Қош келдiң, Наурыз!» атты ашық сабақ өткiздi.

Сабақта олар қазақ тiлiнде өзi, отбасылары туралы айтып, «Қырқынынан шығару», «Тұсау кесу» ұлттық салт-дәстүрлерiн көрсеттi, Наурыз мейрамына байланысты салт- дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды бiлу викторинасына қатысты, қазақтың халық әндерiн орындап, өлеңдерiн оқыды.

Iс-шара қазақша дастарханнан дәм татумен аяқталды.

Құрылған күні: 17.03.2020 12:51
Жаңартылған күні: 17.03.2020 12:51
Қаралым саны: 115
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус