Білім беру

2019 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша
Ақмола облысының бiлiм беру жүйесiнiң
әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы
ақпарат

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту

Облыста 614 мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары жұмыс iстейдi (2018 жылы — 615 мектепке дейiнгi ұйым), оның iшiнде 240 балабақша және 374 мектепке дейiнгi шағын орталық (2018 жылы — 241 балабақша және 374 шағын орталық), 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды қамту — 37955 бала (2018 жылы — 37675 бала) немесе 67,4% (2018 жылы — 67,4%), оның iшiнде 3-6 жас — 32270 бала (2018 жылы — 32270 бала) немесе 99,0% (2018 жылы — 99,0%). Мектепалды даярлық сыныптарында 5-6 (7) жастағы 9086 бала оқиды.

Жалпы орта бiлiм беру

Облыста 579 мектеп жұмыс iстейдi (2017-2018 оқу жылында — 584), оның iшiнде 560 мемлекеттiк күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектеп (2017-2018 оқу жылында — 565), 10 кешкi, 5 арнайы түзету, 2 ведомстводан тыс,

1 мемлекеттiк емес, 1 Назарбаев Зияткерлiк мектебi. Контингентi 124028 оқушыны құрайды (2017-2018 оқу жылында — 120590), оның iшiнде күндiзгi мемлекеттiк жалпы бiлiм беру мектептерiнде 121521 оқушы (2017-2018 оқу жылында — 117830 оқушы).

Оқу жылының қорытындысы бойынша бiлiм сапасы 61,7% құрады (2018 жылы — 60,2%).

4606 түлектiң 242-i «Алтын белгi» төсбелгiсiмен және 173-i үздiк аттестат алды.

Аз қамтылған отбасынан 13434 оқушы, 100% тегiн ыстық тамақпен қамтылған.

Материалдық-техникалық базаны қалыптастыру және нығайту

Жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз етiлуi 51% (2018 жылы — 50,4%), барлығы — 1011 кабинет.

2019-2020 оқу жылына оқулықтар сатып алуға қаражат қажеттiлiгi 1 455,2 млн. теңгенi құрайды, аудандар мен қалалардың бюджеттерiнде алдын ала 856,7 млн. теңге қарастырылған (840,9 млн. теңге — сатып алуға, 15,8 млн. теңге — жеткiзуге) облыстық бюджеттен қосымша 250 млн.теңге бөлiндi. Астрахан ауданы оқулықтар мен ОӘК сатып алуға 20 млн. теңге бөлудi жоспарлап отыр. Бүгiнгi күнi облыс бойынша тапшылық 328,5 млн.теңгенi құрайды.

2019 жылы 14 бiлiм беру нысанын (10 ауыспалы) салуға және қайта жаңартуға 5,8 млрд. теңге бөлiндi (РБ — 4,3 млрд. теңге және ЖБ — 1,5 млрд. теңге), оның iшiнде:

Құрылыс:

- 4112 орындық 6 мектеп (Бурабай ауданының Щучье қаласында 800 орындық; Көкшетау қаласында ОТК 312 орындық; Максимовка және Қажымұқан ауылында 300 орындық, Целиноград ауданының Қоянды және Қосшы ауылында 1200 орындық);

- Көкшетау қаласының мектептерiне 1320 орындық 3 қосымша оқу ғимараты (№1 ОМГ 600 орындық, №6 ОМЛ 300 орындық, №13 ЭМГ 420 орындық);

- 420 орындық 2 балабақша (Көкшетау қаласында 280 орындық, Шортанды ауданы Төңкерiс ауылында 140 орындық);

- Көкшетау қаласы «Ақан серi атындығы жоғары мәдениет колледжi» МКҚК қосымша құрылысы.

Реконструкциялау:

- Көкшетау қаласы «Ақан серi атындығы жоғары мәдениет колледжi» МКҚК жапсарлас салынған оқу корпусын жылумен жабдықтау желiлерi;

- Бұланды ауданы Алтынды ауылының ОМ.

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм

Облыстың ТжКБ ұйымдарының желiсi жалпы контингентi 21,6 мың адамнан астам 33 оқу орнынан құрылған. 33 колледждiң iшiнде: 26 — мемлекеттiк және 7 — жеке меншiк.

Оқыту 94 кәсiп (мамандық) және 139 бiлiктiлiк бойынша жүргiзiледi: ауыл және орман шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, тау-кен iсi, қызмет көрсету саласы, өнер және мәдениет, энергетика, машина жасау технологиясы, көлiктi пайдалану және т.б. Облыс өңiрлерiн индустриялық-инновациялық дамыту жобалары үшiн мамандар даярлау басымдыққа ие болып табылады.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Еңбек» бағдарламасы аясында 14 колледж бен 5 оу орталықтары анықталды. Таңдау жұмысқа орналасу үлесi бойынша кемiнде 60% жүзеге асырылды.

Дуальдi жүйенi енгiзетiн колледждер саны экономиканың 7 саласы бойынша 26 колледжге дейiн артты (металлургия және машина жасау, сервис, көлiк (салалар бойынша), құрылыс, тау-кен өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы).

Жұмысшы мамандықтардың беделiн арттыру, жас кадрларды экономиканың өндiрiстiк секторына тарту және халықаралық талаптарды ескере отырып кәсiби бiлiм берудiң бiлiктiлiк стандарттарын жетiлдiру мақсатында 2019 жылдың 25 ақпаны мен 28 наурызы аралығында Ақмола облысында WorldSkills өңiрлiк чемпионаты өттi. Өңiрлiк чемпионат 35 кәсiби құзыреттiлiк бойынша 18-22 жас аралығындағы студенттер мен жас мамандар арасында өткiзiлдi. «Ветеринария», «Астық және оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң сапасын анықтау» құзыреттiлiктерi бойынша аймақтық чемпионат Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарынан командаларының қатысуымен өттi.

2019 жылдың 7-8 ақпанында облыста «Қолданбалы бакалавриатты енгiзу: мәселелерi мен шешу жолдары» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткiзiлдi.

2019 жылғы 14 маусымда Щучинск қаласындағы жоғары педагогикалық колледжi базасында «Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде кәсiби кадрларды даярлау процесiн жетiлдiру аспектiлерi» республикалық семинар-практикум өткiзiлдi.

Бiлiм басқармасы есептi кезеңде «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн үздiк ұйым» техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi арасында «Үздiк педагог — 2019» облыстық конкурстары өткiзiлдi

Тәрбие жұмысы және балаларды әлеуметтiк қорғау

Облыста 1693 жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, оның iшiнде:

- 222 жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында;

- 24 денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарында;

-1447 қамқорлықта, қамқоршылықта және патронатта, қабылдаушы отбасында.

Облыста 98 қосымша бiлiм беру ұйымдары, оның iшiнде БЖСМ жұмыс iстейдi, сондай-ақ көркем-эстетикалық және спорт бағытына дейiнгi мектептерде 4423 үйiрме жұмыс iстейдi. Осылайша, балаларды қосымша бiлiммен қамту 90336 адамды немесе 74,3% құрайды. Сонымен қатар, 2993 спорт секциясында 59801 оқушы шұғылданады, бұл 49,2% құрайды.

Кадр жұмысы туралы

2018-2019 оқу жылында облыстың жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде 14841 педагог қызметкер жұмыс iстейдi. Оның iшiнде жоғары бiлiмдi 12401 (83,6%), техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмдi — 2440 (16,4%).

Барлығы 13472 пән мұғалiмi. Бiлiктiлiк санаттары бойынша жоғары санатты — 2005, бiрiншi санатты — 4152, екiншi санатты — 2903 және санаты жоқ — 2854. Педагог-шебер — 25, педагог-зерттеушi — 377, педагог-сарапшы — 645, педагог-модератор — 511. Жоғары және бiрiншi санатты пән мұғалiмдерiнiң үлесi (оның iшiнде педагог-шебер, педагог-зерттеушi, педагог-сарапшы) — 53,5%.

Бюджеттiң орындалуы

Бiлiм басқармасы 66 ведомствоға қарасты ұйымдардың, 22 бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлiгi болып табылады, оның iшiнде  9 трансферт түрi.

2019 жылғы 30 маусымға қаржыландыру жоспары 9 млрд. 477 млн. теңгенi құрады, 9 млрд. 462 млн.теңге немесе 99,8% игерiлдi.

барлығы 15 107,3 мың теңге, оның iшiнде:

4 461,0 мың теңге — мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi бойынша қаражатты үнемдеу, еңбекақы төлеу, әлеуметтiк салық, әлеуметтiк аударымдар, медициналық сақтандыру;

3489,6 мың теңге — «Облыстық балалар-жасөспiрiмдер туризмi, өлкетану және экология орталығы» КММ қазынашылық органдарына төлем шотын кеш ұсыну;

2535,3 мың теңге — Сандықтау ауылы, «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 3 балалар үйi» КММ тарату;

3 476,4 мың теңге — ұйымды әдiлет органдарында қайта тiркеу («Щучинск қаласы, қиын өмiр жағдайындағы балаларды қолдау облыстық орталығы» КММ).

1 145,0 мың теңге — өнiм берушiлердiң шарт талаптарын бұзуы («Степногорск қаласының ақыл ой бұзышылық психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 3 арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ шатырын ағымдағы жөндеу).

Құрылған күні: 11.05.2017 12:28
Жаңартылған күні: 10.07.2019 16:39
Қаралым саны: 9376
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус