Білім беру

 

Баланы балабақшаға калай кезекке қоюға болады?

Ақмола облысы аудандары мен қалаларының мектепке дейiнгi ұйымдарында электрондық кезекте тұрған балалардың ата-аналарының назарына 2018 жылғы ақпан айынын бастап «Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жiберу үшiн мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiн) балаларды кезекке қою» жаңа мемлекеттiк стандарты (БжҒМ 2017 жылғы 17 қазандағы № 518 бұйрығы) және кезектi қалыптастыру мен оның жұмыс iстеу үдерiсiн автоматтандыру және мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жолдамалар беру бойынша әдiстемелiк ұсынымдар енгiзiлдi, осыған байланысты әрбiр ата-ана электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуы қажет.

Қызмет қалай көрсетiледi:

«Кезекке қою және жолдамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi жаңа Стандартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.

Ақпараттық жүйе (https://akmola.kz, қолдау қызметі, +77710224503, +77162252986, дс – жм: 09:00 - 18:30) өтiнiш иелерiне кезекке қоюға өтiнiш беруге, берiлген өтiнiштi өзгертуге (байланыс деректерiне түзету енгiзу қосу), өтiнiштi кезектен алуға (кезектен шығу), мемлекеттiк немесе жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымға орналастыру үшiн жолдама алуға, жолдама алуға мүдделiлiктi көрсетуге мүмкiндiк бередi.

Қазiргi уақытта балабақшаға жолдама алу үшiн ата-аналардың өтiнiшiнде көрсетiлген баланың туылған жылы бойынша бiрыңғай қалалық кезек қалыптастырылады (белгiлi бiр балабақшаға арналған кезектер жоқ).

Кезектегi өтiнiштер кезекке қойылған күнiнен бастап басымдылық бойынша орналасады.

Жүйедегi жеңiлдiк санаттары екiге бөлiнедi:

Кезектен тыстағылар (әскери қызметшiлердiң балалары). Осы санат бойынша өтiнiш берушiлер балабақшада бос орын болса, кезектен тыс жолдама алады.

Бiрiншi кезектегiлер (заңды өкiлдерi мүгедек адамдардың балалары, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетiм балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балалар). Жеңiлдiктердiң осы санатындағылар жолдаманы «1/3» қатынасы бойынша алады. (Жеңiлдiк санатындағы бiр өтiнiш берушi және жалпы негiздегi үш өтiнiш берушi).

Жолдама алу үшiн:

1. Кезек келген кезде аталған электронды поштаға және телефон нөмiрiне кезектiң келгенi туралы хабарлама келедi. Сол себептен https://akmola.kz ақпараттық жүйесiнде байланыс деректерiн жаңарту қажет. Егер ата-ана 3 жұмыс күн iшiнде балабақшаны таңдамаса және тиiсiнше жолдама алмаса, осы орын кезекте тұрғандардың барлығына, тобының және жас шамасына сәйкес қолжетiмдi болады (осы орайда балабақшаны таңдамаған өтiнiш берушi яғни, ата-ана жалпы кезекте қала бередi);

2. Мектепке дейiнгi ұйымға жолдама алған кезде бала кезектен автоматты түрде шығарылады (осы орайда өтiнiш берушi кезекке қоюға өтiнiш бере алады, егер ол тiзiмнен алынған және балабақшаға барып жүрген болса);

3. Егер ата-ана жолдама алған соң, 5 жұмыс күнi iшiнде балабақшаға бармаса, жолдама автоматты түрде жойылады және бала 10 жұмыс күнi мерзiмiне стоп-парақ бойынша жiберiледi. Өтiнiштiң стоп-парағында тұрған кезде жолдаманы алу мүмкiндiгi тоқтатылады.

Егер өтiнiш берушi берiлген жолдаманы қолдану уақытын 2 рет өткiзiп алса, бала кезектен автоматты түрде шығарылады;

4. Мына жағдайда мемлекеттiк тапсырыс бойынша жеке меншiк балабақшаға жолдама алу қолжетiмдi болады:

•егер баланың жасы 3-ке толса және одан асса;

•егер бала кезекте тұрса;

•балабақшада бос орын болса.

Мемлекеттiк тапсырыс бойынша жеке меншiк балабақшаға жолдама алу кезiнде кезектiң нөмiрi маңызды болмайды. Алайда ата-аналар мемлекеттiк тапсырыс бойынша жеке меншiк балабақшаға жолдама алу кезiнде баланың автоматты түрде кезектен шығарылатынын ескеруi қажет.

Баланы басқа мектепке қалай ауыстыруға болады?

Баланы басқа мектепке ауыстыру үдерiсi

Жаңа мектепке ауысу үшiн келесiлер қажет:

1. жаңа мектепте келгенi туралы талон алу;

2. талонды бұрынғы оқу орнына тапсырып, шығу талоны мен оқушының жеке құжаттарын алу;

3. https://akmola.kz ақпараттық жүйесi арқылы өтiнiм жiберу. Өтiнiмге келесi құжаттарды қоса тiркеу қажет:

•Баланың тууы туралы куәлiктiң электронды көшiрмесi

•Дәрiгерлiк кәсiби кеңес қорытындысының электрондық көшiрмесi

•3x4 өлшемдi сандық фотосурет

Ескеру: баланы басқа мектепке ауыстыру туралы өтiнiштi жергiлiктi бiлiм басқармасы қарайды.

Баланы басқа сыныпқа ауыстыру

Баланы бiр сыныптан екiншi сыныпқа ауыстыру мәселесiн мектеп директоры шешедi. Сыныптың толуына байланысты оған ауысуға рұқсат берiлмеуi мүмкiн. Сыныптағы оқушылар саны 25 адамнан аспауы тиiс.

Туындауы мүмкiн өзге жағдайлар

1. Шетелдiк балалар бiлiм алуға Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты тең құқыққа ие. Шетелдiк баланы мектепке қабылдау үшiн өтiнiшке ықтияр хатты (Көкшетау қаласы ПД көшi-қон полициясы басқармасының аудандық бөлiмшесiмен берiледi) қоса тiркеу керек.

2. Азаматтығы жоқ тұлғалар өзiмен бiрге азаматтығы жоқ тұлғаға берiлетiн куәлiктi, ал босқындар, тиiсiнше, босқынның куәлiгiн алып жүруi тиiс. Оралмандар оралман куәлiгiн немесе көшi-қон полициясымен берiлген анықтаманы алып жүруi тиiс.

3. Уақытша тұратын тұлғаларда төлқұжаттың көшiрмесi және көшi-қон карточкасының көшiрмесi болғаны жөн.

4. Осы құжаттардың барлығы тiркелген жерiндегi оқу орнына тапсырылады.

Жалпы бiлiм беретiн бағдарламалар бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

•Өтiнiш иесiнiң өтiнiш беру процесi

•Баланы басқа сыныпқа ауыстыру

•Өзге де туындауы мүмкiн жағдайлар

1.Өтiнiш беру үшiн ата-аналарға «https://akmola.kz» сайтына кiру керек;

2.Бұдан әрi, басты парақта «Мектепке алуға құжаттарды қабылдау» қызметiн тандау қажет;

3.Авторизациялау терезесi ашылады, онда «ЭЦҚ бойынша» кiру үлгiсiнде таңдау қажет;

4.Өтiнiш нысанының 1-қадамы көрсетiледi, одан мiндеттi алаңдарды толтырып «Бұдан әрi» батырмасын басу қажет;

5.Одан әрi, екiншi қадамда аударатын сыныпты, оқу тiлiн, мектептi және мiндеттi құжаттарды жүктеу қажет;

Назар аудару қажет!

Егер мектеп шағын учаске бойынша шықпаса, мектептi шағын учаскеге сәйкес тандау керек. Олай болмаған жағдайда, өтiнiштi қабылдаудан бас тартуы мүмкiн.

Мектептер тiзiмiн қарағанда, бос орын бар мектептер ғана көрсетiледi.

6.Соңғы қадамда «Қол қою және жiберу» бастырмасын басып ЭЦҚ (RSA) көмегiмен қол қойып жiберу қажет.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:38
Жаңартылған күні: 12.09.2019 09:11
Қаралым саны: 41213
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус