Қоғамдық институттардың жұмысы заман ағымына лайық болуы тиіс

2020ж. 12 ақпанда «Қоғамдық келiсiм» КММ-де қоғамдық келiсiм кеңестерi мен қоғамдық кеңестердiң өзара iс-қимылын үйлестiру бойынша бiрыңғай күнге арналған Қоғамдық келiсiм кеңесiнiң кеңейтiлген отырысы өттi.

Оның жұмысына облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерi, «Nur Otan» партиясы өңiрлiк филиалдары төрағаларының бiрiншi орынбасарлары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелерi қатысты.

Отырысты аша отырып, Хатшылық меңгерушiсi, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Ю. Тохаева аталған iс — шараның мақсаты — тәжiрибе алмасу және азаматтық қоғам институттарының оң тәжiрибелерiн көрсету, сондай-ақ олардың қызметiн жетiлдiру бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу екенiн атап өттi.

Одан кейiн Ақмола облыстық қоғамдық келiсiм кеңесiнiң қызметi туралы оның төрағасы Ғ. Т. Төлеғұл сөз сөйледi.

Қоғамдық бақылау жүргiзу жөнiндегi қоғамдық кеңестердiң жұмыс тәжiрибесi туралы облыстық Қоғамдық кеңес мүшесi С. Қ. Баймағанбетова бөлiстi.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ақпаратпен «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Ғ. М. Бекмағамбетов сөз сөйледi.

Аталған мәселенi талқылау барысында отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi әзiрлеген заң жобасына бiрқатар ескертулер мен ұсыныстар енгiздi.

Қатысушылар кеңестердiң құрамында белсендi, принциптi, креативтi ойлайтын, олардың қызметiне жаңа серпiн бере алатын, жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыра алатын адамдар жұмыс iстеуi тиiс, ал жергiлiктi жерлердегi Қоғамдық келiсiм кеңестерi халықтың әлеуметтiк мәселелерiн шешуде ұжымдық медиаторлар болуға тиiс деген пiкiрлерiн бiлдiрдi.

Құрылған күні: 10.03.2020 12:11
Жаңартылған күні: 10.03.2020 12:11
Қаралым саны: 229
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус