Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Қоса берiлiп отырған:

«Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

«Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С. Үйсiмбаевқа жүктелсiн.

3.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                                  М. Мырзалин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы 3 қаңтардағы
№ А-1/3 қаулысымен
бекiтiлдi

«Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жер қатынастары бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын бере отырып, жазбаша келiсу немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2017 жылғы 4 шiлдедегi № 285 бұйрығымен бекiтiлген «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiқ құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15846 болып тiркелдi) (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында қарастырылған негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды тексередi және ұсынылған құжаттардың толық еместiгi және қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсыну фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша түрде дәлелдi бас тартуды дайындайды — 1 күн;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толық болу фактiсi анықталған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындайды — 11 күн;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасына қол қояды  — 1 сағат;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны орындау;

3) ұсынылған құжаттарды тексеру;

4) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындау;

5) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне қол қою;

6) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тiркеу және беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды тексередi және ұсынылған құжаттардың толық еместiгi және қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсыну фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша түрде дәлелдi бас тартуды дайындайды — 1 күн;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толық болу фактiсi анықталған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындайды — 11 күн;

5) мемлекеттiк қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасына қол қояды — 1 сағат;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 15 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процеciнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

Қосымша (DOCX 72 Kb)

Құрылған күні: 18.01.2018 16:00
Жаңартылған күні: 18.01.2018 16:00
Қаралым саны: 2465
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус