Ақмола облысының 2019 жылғы қыркүек айы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне 2019 жылдың 2 тоқсанына жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,7 %, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 2,8 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 13 692 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 80,2 % құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1544 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1386 адам (89,8%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 79 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 3852 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 255 адам жұмысқа, оның iшiнде тұрақты жұмыс орнына 70 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 78 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-15 адам, жастар тәжiрибесiне — 48 адам, кәсiптiк оқуға -44 адам.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 3680 адам жоспарлунуда, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адамды қамтылды;

- қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 2490 адам қамтылады. 01.10.2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1977 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 3369 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1270 адамды қамтылады. 01.10.2019 жылдың қорытындысы бойынша 1478 адам оқу өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 956 азаматқа 4,7 млрд. теңге сомасына несие берiлдi. 01.10.2019 жылдың қорытындысы бойынша 2856,8 млн. теңгеге 680 микрокредит алынды.

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 463,6 млн. теңге сомасында 1143 грант беру. 2019 жылдың 01.10.2019 жылдың қорытындысы бойынша 633 адам грант алды.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 2989 адам белсендi жұмыспен қамту шараларымен қамтуға жоспарлануда. 01.10.2019 жылдың қорытындысы бойынша 3455 қамтылды соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 1988 адам (жоспар 1745);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 684 адам (жоспар 544);

- жастар тәжiрибесiне 783 адам (жоспар 700) жiберiлдi.

2019 жылдың 9 ай бойынша облыста 10289 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 100,3 % (10 260) құрылды, оның iшiнде 6454 тұрақты жұмыс орын құрылды. Жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (2058).

Әлеуметтiк көмек

2019 жылдың 1 қазанына әлеуметтiк төлемдер саласында 62 620 азаматқа жалпы сомасы 3 211 348,0 мың теңге төлендi:

- АӘК — 8 241 отбасына тағайындалды, оның iшiнде 40 205 адам, 7 994 отбасына 37 734 азаматқа 2 555528,1 мың теңге төлендi;

– МБМҚЕ — 325 балаға тағайындалды, 318 мүгедек балаға 11 007,8 мың теңге төлендi;

- ТҮК -1115 отбасына тағайындалды (1 945 адам), 1 106 отбасына 1 925 азаматқа 34 538,6 мың теңге төлендi;

- Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек — 23 462 адам 610 273,5 мың теңге.

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау 2019 ж.01.10.

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста барлық топтағы 29 219 мүгедек тұрады (оның iшiнде 1,2 топтағы — 14 004 адам, 3-топтағы — 12 360 адам, мүгедек-балалар — 2855 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар объектiлер қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

2019 жылы 1 672 паспортталған объектiнi толық бейiмдеу шаралары жалғасуда. Сонымен қатар, 335 нысанды қосымша паспорттау жұмыстары жүргiзiлдi.

2019 жылы 408 мың. теңге сомасына 17 жол белгiсiн және 1 жаяу жүргiншiлер өткелiн қайта жабдықтап орнатылды.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2019 жылы 467,1 млн.теңге сомасына мүгедектердi қамту жоспарланған:

- санаторлық-курорттық емделумен 1 243 адам, оның iшiнде 26 мүгедек бала. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша емделуге 1 093 адам жiберiлдi;

- 589 бiрлiк тифлотехникалық құралдармен ағымдағы жылдың 1 қазанына 516 бiрлiк бұйым берiлдi;

– сурдотехникалық құралдармен — 368 бiрл. а. ж. 1 қазандағы жағдай бойынша 205 бiрл. бұйым берiлдi;

- кресло — арбамен — 505 бiрл. а. ж. 1 қазандағы жағдай бойынша 242 бiрл. бұйым берiлдi;

- протездiк-ортопедиялық бұйымдармен — саны 1 373 бiрлiк бұйым. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 106 бiрл. бұйым берiлдi;

«Инватакси» қызметiне 11,7 млн.теңге қарастырылған, 274 адам қамтылды.

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен 8,6 млн. теңге сомасына 2 мүгедек сөйлеу процессорларымен қамтамасыз етiлдi, қосымша 1 ересек мүгедектi қамтамасыз ету жоспарлануда.

Мемлекеттiк сектор шеңберiнде облыста 26 бөлiмше және 7 үйде әлеуметтiк көмек көрсету қызметi 544 әлеуметтiк қызметкерлермен 2 792 адамға қызмет көрсетiледi (соның iшiнде мүгедектер — 111, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар-121, ТҚА бұзылған балалар-125, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан балалар-141, қарттар — 2 294).

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 20 ымдау тiлi мамандары 162 есту кемiстiгi бар мүгедекке қызмет көрсетедi, 659 жеке көмекшiлер жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы 662 мүгедекке қызмет көрсетедi, 3 716 мүгедек мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етiлдi.

Этникалық көшi-қон

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен 2019 жылдың 1 қазанға 173 отбасына (359 адам) оралман мәртебесi берiлдi, оның iшiнде Қытайдан — 48 (120), Өзбекстаннан — 40 (57), Моңғолиядан — 74 (166), Ресейден — 11 (16).

Көрсетiлген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi бойынша уәкiлеттi органдарға еңбек делдалдылығы үшiн оралмандардың арасынан 45 адам өтiнiш бiлдiрдi, жұмыспен қамтылды — 33 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысты — 12.

2019 жылға оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасы 258 адам санында бекiтiлдi.

Комиссияның 5 отырысы өткiзiлдi, оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына 82 отбасы қосылды, олардың iшiнде 258 адам.

Оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына қосылғандардың санынан еңбекке қабiлеттi жастағылар 132 адам, 84 адам жұмысқа орналастырылды, 5 адам мамандықты алу үшiн оқудан өтуде, 5 студенттер, бала күтiмi бойынша демалыста 20 адам табылуда, денсаулық жағдайына байланысты — 2, 9 адам нәтижесiз өз бетiнше жұмыспен қамтылған (жеке қосалқы шаруашылық), 7 адам әртүрлi себептер бойынша жұмыс iстемейтiндер.

Құрылған күні: 15.10.2019 14:53
Жаңартылған күні: 15.10.2019 14:53
Қаралым саны: 176
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус