Мемлекеттік тіл курстары

Достық Үйiнде Қазақстанның өзге этнос өкiлдерiне мемлекеттiк тiлдi оқыту курстары ашылды.

Ел президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған мiндеттер аясында мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру және оның ұлтаралық қарым-қатынас тiлi ретiндегi рөлiн нығайту мәселесiне үлкен көңiл бөлiнуде.

Осыған байланысты жағдаяттық қазақ тiлiн оқыту курстарының ашылуы, оны әр түрлi этностар өкiлдерiнiң тез меңгеруiне және күнделiктi пайдалануына ықпал етедi.

Курстарға 40-тан астам адам қатысады. Сабақтар аптасына екi рет тәжiрибелi оқытушының басшылығымен мемлекеттiк тiлдi оқытудың жаңа әдiстемесiн қолдану арқылы өтедi.

Құрылған күні: 29.01.2020 11:41
Жаңартылған күні: 29.01.2020 11:41
Қаралым саны: 229
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус