Мәдениет

Ақмола облысы мәдениет саласының 2019 жылғы 1-жартыжылдықтағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы ақпарат

I. ЖЕЛI

2019 жылғы 1-жартыжылдықта облыста барлық меншiк түрiнiң мәдени объектiлерiнiң 694-i жұмыс iстедi, олардың 663-i мемлекеттiк, 31-i басқа меншiк объектiлерi:

-276 клуб (олардың iшiнде 256 мемлекеттiк және 20 жекеменшiк);

-378 кiтапхана (олардың iшiнде 370 мемлекеттiк және 8 ведомстволық);

-11 музей;

-2 театр;

-21 мемлекеттiк архив;

-облыстық филармония;

-тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы;

-облыстық халық шығармашылық және мәдени тынығу орталығы;

-3 жекеменшiк кинотеатр.

II. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

2019 жылдың 1-шi жарты жылдығына саланы қаржыландырудың жалпы көлемi 5 млрд. 613 млн. 681 мың теңгенi құрады.

11 облыстық мәдени объектiлердi жөндеуге облыстық бюджеттен 198 905,5 т. қаражат бөлiндi.

«Ауыл — Ел бесiгi» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2 мәдени объектiге 87752,0 т. қаражат бөлiндi.

Облыстық мәдени объектiлердi жөндеу

Облыстық бюджеттен «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейi» КММ залының жөндеу жұмыстарына, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» КММ 5 мүсiндiк композициясын орнатуға, «Әдебиет және өнер музейi» КММ ғимаратын күрделi жөндеуге, «Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ ғимаратының қасбетiн және жылу жүйесiн ағымдағы жөндеуге, «Көкшетау қаласы тарихы музейi» КММ қасбетiн жөндеуге 893381,2 т. қаражат, «Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ залдарын қайта экспозициялау және еденiн жөндеу бойынша көркемдiк-конструкторлық жұмыстарға 75 503,2 т. қаражат бөлiндi.

Материалдық-техникалық базаны нығайту

2019 жылдың 1-жартыжылдығында материалдық-техникалық базаны нығайту үшiн 177 779,1 т. жұмсалды.

Ақылы қызметтер

Жоспар — 92 160,5 т.

Нақтылы — 69 984,3 т.

Пайыздық көрсеткiш — 75,9 %

III. СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР МЕН НЕГIЗГI ТАЛДАУ КӨРСЕТКIШТЕРI

Мемлекеттiк «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 31 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, 20 жоба жүзеге асырылды.

ХАЛЫҚ ӨНЕРI

Облыстаа бiрiншi жартыжылдықта 2513 клуб жұмыс iстедi, оған 30,600 адам қатысты. Ауылда 2145 клубтық бiрлестiк бар, оған 22950 адам қатысады.

Облыста «Халықтық» атағы бар 81, «Үлгiлi» — 18, барлығы 2 842 адам айналысатын 99 ұжым жұмыс жасайды: хореографиялық — 31; хор — 18; фольклор — 18; вокалды топтар — 14; әуесқой театрлар — 4; отбасылық ансамбльдер, цирк студиялары, орыс халық аспаптар ансамбльдерi, ән-би ансамбльдерi, қазақ халық аспаптар ансамбльдерi — 2-еуден, ВИА, фотостудия, орыс халық аспаптар оркестрi, поэтикалық студия — 1-ден.

2019 жылдың 1-жартыжылдығында барлығы 1 865 275 адам қатысқан 19 500 iс-шара, оның iшiнде ауылдық жерде 998 447 адам қатысқан 16 223 iс-шара өткiзiлдi.

Өткiзiлген негiзгi iс-шаралардың қысқаша сипаттамасы

Өңiрдiң мәдени саясатының стратегиялық үстемдiгi — рухани байыту мен ұлттық сананы жаңғыртуға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзiнiң ұлттық идеясы, бай мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуетiмен Қазақстан халқын бiрiктiруге арналған.

Осы мiндеттердi орындаудың бiр мысалы «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар шығармашылығына өңiрлiк шолу болды. Оған қатысушылардың саны үнемi артып келедi. 2019 жылы оған әр түрлi жастағы және әр кәсiпте 49 мыңнан астам ақмолалық тұрғын қатысты. Орындаушылық шеберлiк, бағыт сапасы, техникалық және материалдық қолдау қарастырылып, 61 жаңа талантты өнерпаз анықталды.

Мәдениет объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға және облыстың шығармашылық көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық әлеуетiн дамытуға биыл халық шығармашылығына өңiрлiк сараптама жүргiзуге жергiлiктi бюджеттен 134 млн. теңге бөлiндi.

«Жаһандық әлемдегi заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысының көркемөнерпаздары ұлттық мәдениеттiң жетiстiктерiн кеңiнен насихаттап, Қазақстанның өңiрлiк iс-шараларымен қатар, Ресей, Польша, Түркиядағы республикалық және халықаралық фестивальдар мен байқауларға қатысып, Қазақстанның жағымды имиджiн қалыптастыруға ықпал еттi.

2019 жылы шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар жақсы нәтижелерге қол жеткiздi: 18 ансамбль мен 33 орындаушы халықаралық және республикалық байқаулардың жеңiмпаздары атанды.

Облыста дарынды балалар мен жастарды анықтау, қолдау, дамыту, олардың шығармашылық өсуi үшiн жағдайлар жасалуда, қалаларда да, ауылдық жерлерде де тиiмдi бiлiм беру технологиялары енгiзiлуде. Бiлiктi мамандар студияларда, клубтарда, балалар үйiнде және өнер мектептерiнде жүйелi жұмыстар жүргiзедi. Мемлекет пен бизнес құрылымдарының тұрақты қаржыландыруы нәтижесiнде мәдени индустрияның, атап айтқанда клуб объектiлерiнiң қызметiнде оң үрдiс байқалады.

«Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру барысында Қазақстанның ұлттық ақыны, ақындар одағының бiрiншi президентi Көкен Шәкеевтiң 95 жылдық мерейтойына және Қазақ КСР еңбек сiңiрген қайраткерi, ақын-айтыскер Мұса Асайыновтың 90 жылдығына арналған «Айтыстың қос тарланы — Көкен, Мұса» атты облыстық айтыс өткiзiлдi.

Балуан шолақтың туғанына 155 жылдығына және Бiржан салдың 185 жылдығына арналған өңiраралық «Арқа әуендерi» байқауын өткiзу жоспарланды.

Облыстың туристiк әлеуетiн, атап айтқанда «Бурабай» курорттық аймағын дамыту мақсатында облыс әкiмдiгiнiң қолдауымен «Бурабай толқындары» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның серiктестерi — «Бурабай даму» ЖШС және Ақмола облысының туризм басқармасы. Бұл жобаны iске асыру Бурабай курорттық туристерi мен демалушыларының демалысын жақсартуға ықпал етедi.

КӘСIБИ ӨНЕР

Театр I жартыжылдықта 347 спектакль қойып, оның 11-i премьера, 39 097 көрермен қамтылды. Ақылы қызмет кiрiсi 6 586,0 теңгенi құрады. Облыстық филармония ұжымдарымен 110 концерт өткiзiлiп, 20980 көрермен қамтылды. Ақылы қызмет кiрiсi 9151,6 теңгенi құрады.

Жастар жылы аясында Ақмола облыстық орыс драма театры Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығымен бiрлесе отырып, «Jas O’ner» жобасын қолға алды, жоба аясында қаламыздың шығармашыл жастарына арналған актерлiк шеберлiк бойынша шеберлiк сыныбы ұйымдастырылды.

26 наурызда Халықаралық театр күнi қарсаңында Ақмола облыстық орыс драма театрында «Гвоздь сезона» театр премиясын табыстау рәсiмi өттi.

Облыстық орыс драма театры «АЛЖИР» спектаклiмен А.С.Грибоедов атындағы Грузин мемлекеттiк академиялық орыс драма театрының турын ұйымдастырды. Гастрольдiк тур Целиноград ауданы мен Қазақстанның бес қаласында өттi. 19-24 сәуiр аралығында театр труппасы Шымкент және Қарағанды қалаларында болып, көрермендердiң ыстық ықыласына бөлендi. «Алые паруса», «Слуга двух господ», «Гамлет» және жас көрермендерге арналған «Қаңбақ шал» қойылымдары аншлагпен өттi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Расширяя границы» инновациялық жобасы аясында, сонымен қатар театр өнерiн дәрiптеу және этносаралық театр қарым-қатынасын нығайту мақсатында Ақмола облыстық орыс драма театры 2019 жылғы 12-19 мамыр аралығында Татарстан Республикасы Буинск қаласында өткен «БУА: Диалог кеңiстiгi» ұлттық театрлардың III Халықаралық фестивалiне қатысып, Ш.Айтматовтың «Плаха» спектаклiн қойды. Бiлiктi қазылар алқасы мен қала жастары үшiн спектакль 2 рет сахналанып, оны 1000 адам тамашалады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жетi қыры» жобасын жүзеге асыру аясында тарихи тұлға — сұлтан Бейбарыс жайындағы Р.Отарбаевтың «Бейбарыс» драмасының премьерасы 28-29 шiлде аралығында өттi. 29 маусымда театр осы қойылыммен 42-шi театр маусымын аяқтады.

Петропавл қаласында дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу мақсатында режиссер М.Оспановтың «Мен мұсылман» фильмiнiң тұсаукесерi өттi. Бұдан басқа бүгiнгi таңда театр репертуарында Отанға деген сүйiспеншiлiктi, отбасы дәстүрi мен құндылықтарын сақтауды насихаттайтын 40-тан аса түрлi жанрдағы қойылым бар.

2019 жылғы қаңтарда қоюшы-режиссер Б. Әбдiрахманов пен А. Володиннiң «Мен сенi сағындым» спектаклiнiң премьерасы өттi. Спектакль камералық типте қойылды. Бұл Көкшетау көрерменi үшiн тың нәрсе болды.

Театрдың шығармашылық ұжымы мен Ақан серi ат. Көкшетау жоғары мәдениет колледжiнiң актерлiк шебер бөлiмiнiң 4-курс студенттерi екi жақты келiсiм бойынша У.Шекспирдiң «Макбет» трагедиясын жақсы сахналады. Көркемдiк кеңестiң шешiмiмен қойылым ағымдағы маусым репертуарына енгiзiлдi. Сәуiр айында театр репертуары қоюшы-режиссерi Мұратбек Оспанов, авт.Ғабит Мүсiреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қойылымымен толыға түстi.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап Үкiлi Ыбырай ат. облыстық филармониясы қабырғасында «Музыкальная кофейня» инновациялық жобасы аясында музыкалық мәдениеттi қалыптастыру мақсатында түрлi кештер өтуде, Қарағанды облыстық филармониясының дирижерi Петр Грибановтың қатысуымен симфониялық оркестр концертi, «Көкшетау — тал бесiгiм» өңiрлiк музыкалық фестивалi, 72-шi концерттiк маусымның жабылуы аясында К.Күмiсбеков ат.қазақ халық аспаптар оркестрiнiң, сонымен қатар Нұр-Сұлтан және Қазақстанның басқа да өңiрлерiнен келген жас композиторлардың қатысуымен «Жастар жалыны» фестивалi өткiзiлдi.

2019 жылғы 13-14 қаңтар аралығында «Сувенир» халықтық би ансамблi «Жар-Птица» фестиваль орталығының ұйымдастыруымен Мәскеу қаласында өткен «Академия звезд» халықаралық өнер байқау-фестивалiне қатысты. Нәтижесiнде «Сувенир» халықтық би ансамблiнiң негiзгi тобы «Дуслашу» татар биiмен I дәрежелi дипломант атанса, дайындық тобы II дәрежелi лауреат атанды. Ұжым классикалық биден шеберлiк сыныбына қатысып, 10 адам сертификатқа ие болды.

30 қаңтарда Кабардино-Балкария Республикасының Нальчик қаласында өткен «Рождественские таланты» II Халықаралық байқауына «Көкшетау» халықтық би ансамблi қатысып, I, II және III дәрежелi лауреат атанды.

3 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Бала шабыты» Халықаралық байқау жобасына «Он алты қыз» халықтық би ансамблi қатысып, «Хореография» номинациясында «Жги и зажигай» заманауи биiмен 7 мен 9 жас аралығында I дәрежелi лауреат атанса, «Сүйiншi» қазақтың халық биi 13 пен 16 жас аралығында Гран-при жүлдесiне ие болды.

22-25 ақпанда «Полянка» үлгiлi би ансамблi эстрадалық және балалар биi саласындағы «Приз хореографа Елены Барткайтис» II ұлттық премия жабық жобасына қатысты (Сочи қ.). Елена Барткайтис, Марина Нейштадт, Константин Карин, Анна Ситникова, Антон Овчинников, Анна Зенцова сынды еңбек сiңiрген қайраткерлер, белгiлi хореографтар сараптау кеңесiнiң құрамына ендi. Фестиваль қорытындысы бойынша «Полянка» ансамблi II дәрежелi лауреат атанып, әр қатысушы сертификатқа ие болды.

15 наурызда Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында «Триумф» шығармашылық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен бейнежазба арқылы өткен «STAR» II Халықаралық музыкалық-көркемдiк байқауында «Он алты қыз» халықтық би ансамблi I және II дәрежелi лауреат атанды.

24 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының Оқушылар сарайында өткен «Freestule Danze KZ» Халықаралық байқау-фестивалiне «Тұмар» заманауи би ансамблi қатысты. Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Орал, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және т.б. қалаларынан 20 ұжым бақ сынасты.

Ансамбльдiң 65 қатысушысы екi жас санатында байқауға қатысып, 2 бас жүлдеге ие болды.

«Тұмар» ансамблi «Түркия дарындар елi» Халықаралық байқауына жолдама алды.

Үкiлi Ыбырай ат. облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Рухани қазына» кiшi бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында өткен «Көкшетау — тал бесiгiм» өңiрлiк музыкалық фестивалi Көкшетау қаласы мен облыстың мәдени өмiрiне жаңа серпiн бердi. Фестиваль бағдарламасы Ерназар Оразалин мен кеш қонағы — Игорь Андрейченконың жетекшiлiгiмен (Қарағанды қ.) эстрадалық-үрмелi оркестрдiң орындауындағы джаз стилiндегi композицияларға арналды.

13 маусымда жас композиторларды қолдау және шығармашылығын тарату мақсатында Ақмола облыстық филармониясының концерт залында 72-шi концерттiк маусымның жабылуы аясында К.Күмiсбеков ат. қазақ халық аспаптар оркестрiнiң, сонымен қатар Нұр-Сұлтан және Қазақстанның басқа да өңiрлерiнен келген жас композиторлардың қатысуымен «Жастар жалыны» фестивалi өткiзiлдi.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:49
Жаңартылған күні: 25.07.2019 14:45
Қаралым саны: 14388
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус