Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы журналистер клубы

I.Жалпы ережелер

1.Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубы (бұдан әрi — Клуб) ҚХАА жанындағы тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-сараптамалық және ақпараттық орган болып табылады.

2.Клуб өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдарын, Қазақстан халқының бiрлiгi доктринасын, Алматы облысының 2020 жылға дейiнгi Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3.Клуб отырысы жылына кемiнде екi рет өткiзiледi, қажеттiлiгiне қарай жиi шақырылады.

II. Клубтың негiзгi мiндеттерi:

1. толеранттылықты нығайтуға, мемлекеттегi этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi, азаматтық бiрлiктi, патриотизмдi және рухани-мәдени бiрегейлiктi сақтауға ықпал ету;

2.журналистiк этика түрлерiн сақтау, дамыту және енгiзу, сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық тақырыптарды жариялау мәселелерiнде журналистiк қоғамдастықта жауапкершiлiк қалыптастыру;

3.БАҚ-да азаматтық бiрегейлiк, патриотизм, этномәдени және конфессияаралық төзiмдiлiк туралы материалдардың шығуын кеңейту;

4.қоғам өкiлдерiнң санасында рухани-адамгершiлiк құндылықтарды және жалпыұлттық идеалдарды насихаттайтын және бекiтетiн позитивтi ақпараттық өнiмдер (телехабарлар, шоу, фильмдер, Жарияланымдар, роликтер және т. б.) шығаруға жәрдемдесу; журналистердiң кәсiби шеберлiгiн арттыру, кәсiби журналистiк байқауларды өткiзуге қатысу, сондай-ақ Клуб мүшелерiнiң шетелдiк және қазақстандық кәсiби байқауларға қатысуын қамтамасыз ету;

5.БАҚ-да этникалық тақырыпқа байланысты ұғымдар мен терминдердi пайдалануды ретке келтiруге ықпал ету;

6.клуб мүшелерiнiң бастамаларын, клубтың өзiнiң және оның жеке мүшелерiнiң ақпараттық iс-шараларын қолдау.

III. Осы Ережеде белгiленген негiзгi мiндеттердi iске асыру үшiн Клуб төмендегiдей функцияларды жүзеге асырады:

1.мемлекеттiк ұлттық саясатты жетiлдiру, этносаралық және конфессияаралық келiсiм мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бойынша ұсыныстар дайындайды;

2.этносаралық және конфессияаралық сипаттағы тақырыптарды дұрыс жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшiн ұсынымдар әзiрлейдi;

3.БАҚ-да этносаралық тақырыптың жарияланымдарына мониторинг жүргiзедi;

4.конференцияларды, семинарларды, баспасөз конференцияларын, брифингтердi және басқа да iс-шараларды ұйымдастырады және өткiзедi;

5.ақпараттық материалдарды баспа түрiнде, электрондық тасығыштарда, аудио-, фото-, видео-, киноөнiмдер және т. б. түрiнде дайындайды және таратады;

6.демеушiлiк көмектi, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерiн тартады.

IV. Клубтың құрамы мен құрылымы

1.Клуб төрағадан, хатшыдан және мүшелерден тұрады.

2.Клуб төрағасының, хатшысының және мүшелерiнiң мiндеттерiн атқару қоғамдық негiзде жүзеге асырылады.

3. Клуб төрағасы, хатшысы және мүшелерi журналистер, БАҚ редакторлары, сарапшылар, этносаралық қатынастар саласында жұмыс iстейтiн қоғам қайраткерлерi арасынан бiр жыл мерзiмге ашық дауыс беру арқылы қарапайым көпшiлiк дауыспен сайланады.

4. Облыста этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi, азаматтық бiрлiктi, патриотизмдi және рухани-мәдени бiрегейлiктi сақтау бойынша мәселелердi кеңiнен жариялайтын облыстық БАҚ басшылары, бас редакторлары, Ақмола облысы аумағында тiркелген облыстық, қалалық және аудандық БАҚ тiлшiлерi Клуб мүшелерi бола алады.

Құрылған күні: 29.01.2020 11:12
Жаңартылған күні: 29.01.2020 11:12
Қаралым саны: 511
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус