ҚХАА жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубы

2014 жылдан бастап «Қоғамдық келiсiм» КММ жанында «Шаңырақ» тiлдердi оқыту клубы жұмыс iстейдi, онда балалар тоғыз тiлдi: қазақ, орыс, поляк, немiс, чуваш, корей, ингуш, армян және татар тiлдерiн оқиды. Соңғы екi жылда (2018-2019) 218 адам оқудан өттi.

Сабақтар аптасына бiр рет (әр жексенбiде) тәжiрибелi кәсiби педагогтардың басшылығымен өтедi. Оқытудан басқа оқушылармен қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастыруға, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да этностарының салт-дәстүрлерiн құрметтеуге бағытталған тәрбиелiк iс-шаралар өткiзiледi.

Бұл-ашық сабақтар, салтанатты жиындар, басқа ұлт өкiлдерiмен кездесулер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк және ұлттық мерекелерiне арналған iс-шараларды өткiзуге қатысу.

Құрылған күні: 29.01.2020 11:25
Жаңартылған күні: 29.01.2020 11:33
Қаралым саны: 232
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус