Ақмола облысы әкімінің өкімімен бекітілген 2019 жылғы қаңтар-ақпандағы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен көтерілген мәселелерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ақпарат

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша

№р/б Іс-шара Орындалу мерзімі Орындаушылар Ескерту
Көкшетау қаласы
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Көкшетау қаласының автопаркін жаңарту үшін автобустар сатып алу 2019 жылғы 1 шілдеге дейін «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Орындалды.2018 жылғы 20 желтосқанда жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, Көкшетау қ. ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің, «Көкшетау автобус паркі» ЖШС арасында шарт жасалды, онымен қала маршруттарына қызмет көрсететін ЖШС автопаркін жаңарту қарастырылды.ЖМӘ шартының аясында 44 автобус сатып алу жоспарланды. А.ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша 30 автобус жеткізілді. Қалған автобустарды жеткізудің екінші кезеңі – а.ж. 4 қараша.
Степногорск қаласы
2. «Степногорск – Өнеркәсіп аймағы» автомобиль жолына жөндеу жүргізу 2019 жылғы 1 қарашаға дейін Степногорск қаласының әкімдігі Орындалуда.2019 жылы республикалық бюджеттен 140,5 млн. теңге, қалалық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді. Мердігер «Көкшетау жолдары» ЖШС 5000 м² тегістелді, асфальт жамылғысын төсеу басталды.
Біржан сал ауданы
3. «Первомайка – Степняк» автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жүргізу 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін Біржан сал ауданының әкімдігі Орындалды.2019 жылы облыстық бюджеттен 40 млн. теңге бөлінді.19.04.2019 «Көкшетау жолдары» ЖШС шарт жасалды.А.ж. 18 маусымда жөндеу жұмыстары толық көлемде аяқталды.
Егіндікөл ауданы
4. «Новочеркасское – Егіндікөл» автожолына орташа жөндеу жүргізу 2019 жылғы 1 қарашаға дейін «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Орындалуда.2015 жылы басқармамен 1 370,2 млн.теңге жалпы сомасына автожолды (км 0-53) орташа жөндеу бойынша ЖСҚ әзірленді. Мердігері – «Көкшетау Жолдары» ЖШС.2016-2018 жылдар кезеңінде 841,6 млн.теңге сомасына 35,4 км ұзындығымен участок жөнделді (2016ж. - 350,5 млн. теңгеге 14,4 км, 2017ж. - 400 млн. теңгеге 16,5 км, 2018ж. - 91,1 млн. теңгеге 4,5 км).2019 жылы жобаны толық іске асыруға 430 млн. теңге қарастырылды (17,6 км). Қазіргі уақытта, 16,2 км ұзындықта жүргізілді, жұмыс жалғастырылуда
Ерейментау ауданы
5. Ақмырза орта мектебінің шатырына күрделі жөндеу жүргізу 2019 жылғы 25 тамызға дейін Ерейментау ауданының әкімдігі Орындалуда.А.ж. 26 наурызда 35,1 млн. теңге сомасына конкурс жарияланды. Бүгінгі таңда, конкурстық рәсімдер техникалық қатеге байланысты аяқталған жоқ. ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу комитетіне проблеманы анықтау және шешу үшін хат жолданды (20.06.2019 №968).
6. Сілеті ауылының сумен жабдықтаудың тарату тораптарын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ Орындалуда.2019 жылы Сілеті а. су тарату тораптарын реконструкциялауға ЖСҚ әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 11,9 млн.теңге бөлінді. «АстанаБытСервис» ЖШС (Астана қ.) шарт жасалды. Жұмысты аяқтау мерзімі – а.ж. 1 қазан.Бүгінгі таңда, жұмыс 90% орындалды.
Целиноград ауданы
7. 19 км ұзындығымен «Астана – Қорғалжын» трассасының жағынан «Қабанбай батыр – Жалғызқұдық – Оразақ» облыстық маңызы бар автожолына жөндеу жүргізсін 2019 жылғы 1 қарашаға дейін «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Орындалуда.2018 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен автожолды орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірленді. Жобаның жалпы құны – 2,1 млрд. теңге.2019 жылы жобаны іске асыруды бастау үшін 972,5 млн. теңге бөлінді (РБ - 671,6 млн. тг, ОБ - 300,9 млн. тг).2018 жылы мердігер ұйым «АБК-Автодор НС» ЖШС шарт жасалды. Қазіргі уақытта, 15,5 км ұзындықта жүргізілді, жұмыс жалғастырылуда.
Құрылған күні: 12.04.2018 10:45
Жаңартылған күні: 03.07.2019 11:54
Қаралым саны: 5822
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус