«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

(2019 жылғы 1 тамыздағы жағдайы бойынша)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 25 тамыздағы №522 қаулысымен бекiтiлген «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасының аясында, жүзеге асыру сәтiнен бастап 1125 жоба мақұлданды:

- сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша (1,2,3-бағыттар): 116,9 млрд. теңге сомасына 709 жоба;

- ШОБ кредиттерi бойынша кепiлдiктер беру: 4,7 млрд. теңге берiлген кепiлдiк сомасына 301 жоба;

- жетiспейтiн инфрақұрылымдарды тарту бойынша: 1839,6 млн. теңге инфрақұрылымдарды жеткiзу сомасына 24 жоба;

- гранттық қаржыландыруға 239,5 млн. теңге грант сомасына 91 жоба;

«Кәсiпкерлiктi қолдаудың қаржылай емес шаралары» төртiншi бағыты аясында:

«Кәсiпкерлiктi қолдаудың қаржылық емес шаралары»

1.Жұмыс iстеп тұрған бизнестi сервистiк қолдау (оператор — облыстық Кәсiпкерлер Палатасы).

Жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлерге облыстың барлық аудандарында, сондай-ақ Степногорск және Көкшетау қалаларында қызметтердiң сегiз түрi бағытында менеджерлердi жұмысқа тарту жолымен көрсетiледi. Жалпы 10 305 кәсiпкер қамтылған (2015 жылдан бастап), оның iшiнде 2019 жылы — 307 кәсiпкер.

Кәсiпкерлiк субъектiлерiн және кәсiпкерлiк бастамасы бар халықты ақпараттық қамтамасыз ету (консультация беру) 18 кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Барлығы 71 607 кеңес көрсетiлдi, оның iшiнде 2019 жылы — 2546.

2. «Бизнес-Кеңесшi», «Бизнес-Өсу» оқыту жобалары, салалар бойынша жобалық оқыту (оператор — облыстың Кәсiпкерлер Палатасы).

«Бизнес-Кеңесшi» компонентi шеңберiнде 4662 адам оқудан өттi (2015 жылдан бастап), оның iшiнде 2019 жылы — 834.

«Бизнес-Өсу» компонентi шеңберiнде 420 кәсiпкер оқудан өттi (2015 жылдан бастап), оның iшiнде 2018 жылы — 100.

3. «Iскерлiк байланыстар» құралын iске асыру (оператор — облыс Кәсiпкерлер Палатасы). Барлығы 85 кәсiпкер оқудан өттi (2016 жылдан бастап), оның iшiнде 2018 жылы — 18. 2019 жылы жобаға қатысуға 20 өтiнiм қабылданды.

4. ШОБ топ-менеджментiн оқыту бойынша (оператор — РФ «Даму» КДҚ» АҚ). «Назарбаев Университетi» ДБҰ жанынан оқуға 113 адам жiберiлдi (2009 жылдан бастап), оның iшiнде 2017 жылы аталған жоба бойынша 23 жеке кәсiпкерлiк субъектiсi оқудан өттi.

5. «Аға Сеньорлар» оқыту компонентiн iске асыру.

2017 жылы 6 шетелдiк миссия iске асырылды. 2018 жылы 3 миссия жүзеге асырылды. 2019 жылы жұмысқа қатысуға 8 өтiнiм қабылданды.

«Даму «КДҚ» АҚ РФ кәсiпкерлiктi қолдау мобильдi орталығы (МКҚО) 2835 кеңес көрсеттi (2014 жылдан бастап), оның iшiнде 2018 жылы — 420.

Құрылған күні: 16.04.2015 11:26
Жаңартылған күні: 19.08.2019 14:40
Қаралым саны: 10302
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус