Ақмола облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

Ақмола облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы
мемлекеттiк бағдарламасын iске асырудың барысы туралы
ақпарат

Ақмола облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк бағдарламасы келесi бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

-Сатып алусыз жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысы;

-Кредиттiк тұрғын үй құрылысы;

-Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

-Жеке тұрғын үй салушылардың құрылысын ынталандыру;

-Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiн тарта отырып, тұрғын үй құрылысын салу.

2019 жылы тұрғын үй құрылысына 8,7 млрд. теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен 5,8млрд.теңге, облыстық бюджеттен 1,4 млрд. теңге тартылды, мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару жолымен «Бәйтерек девелопмент» АҚ қаражатын тарту есебiнен 1,5 млрд. теңге тартылды.

2019 жылы 501,9 мың шаршы метр тұрғын үйдi пайдалануға беру күтiлуде немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiне 105% (477,9 мың шаршы метр).

«Сатып алусыз жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысы" бағыты бойынша бүгiнгi таңда 6,6 мың м2 жалға берiлетiн тұрғын үй пайдалануға берiлдi, оның iшiнде:

-Республикалық бюджет қаражатының есебiнен 6,6 мың м2 (Көкшетау қ.үш 40 пәтерлi т.ү.).

«Кредиттiк тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Бәйтерек девелопмент» АҚ қаражатын тарту есебiнен бағалы қағаздар шығару жолымен 2018 жылдан бергi өтпелi ауданы 4,97 мың м2екi

45 пәтерлi тұрғын үй (Көкшетау қ. екi 45 пәтерлi т.ү. (1-поз. және 2-поз.) және екi35 пәтерлi тұрғын үй (Көкшетау қ. екi 35 пәтерлi т.ү. (1-поз. және 2-поз.) пайдалануға берiлдi

«Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағдарламасының бағыты аясында 2019 жылы сумен жабдықтау желiлерiн салуға (0,64 млрд. теңге сомасына 5 жоба, ҚР ИИДМ ҚIК) және электрмен жабдықтау (1,28 млрд. теңге сомасына 10 жоба, ҚР ЭМ) республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлiндi.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 393 жер учаскесiн инженерлiк желiлермен қамтамасыз ету жоспарлануда (Шортанды ауданындағы 94 учаске, Көкшетау қ.299 учаске).

Облыс орталығында және облыстың жекелеген аудандарында жеке меншiк компаниялардың көп қабатты тұрғын үй құрылысы белсендi жүргiзiлуде.

Бұл «Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағытына сәйкес келедi. Бағдарламаның осы бағыты шеңберiнде мәселелер Тұрғын үй құрылысы мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк үйлестiру кеңесi арқылы шешiледi. ӨҮК 2017 жылы бiр жобаны субсидиялау, 2018 жылы 1,8 млрд.теңге сомасына 6 жобаны субсидиялау мақұлданды (2017 жылы ӨҮК бiр отырысы өткiзiлдi, 550,0 млн.теңге сомасына Көкшетау қаласында тұрғын үй құрылысына ЕДБ берiлетiн кредитi бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау мақұлданды (Банк ЦентрКредит). 2018 жылы ӨҮК үш отырысы өткiзiлдi және 1,8 млрд.теңге сомасына 6 жобаны субсидиялау қарастырылған АТФ Банк, ЦентрКредит Банкi, «Сбербанк России» АҚ).

Ағымдағы жылдың басынан бастап 1 жобаны 440,0 млн. теңгеге субсидиялау мақұлданды.

Құрылған күні: 20.06.2018 09:14
Жаңартылған күні: 19.04.2019 15:36
Қаралым саны: 6738
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус