Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын ұйымдастыру-ақпараттық қолдау және түсiндiру мақсатында ағымдағы жылдың қазан-желтоқсанында тиiстi жұмыстар жүргiзiлдi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Б.Ә. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсiндiру бойынша халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргiзу мақсатында республикалық ақпараттық топтар құрылды.

Ақпараттық саясат бөлiмi аудандық/қалалық iшкi саясат бөлiмдерiмен бiрлесе отырып, РАНТ-ның 11 мүшесiне бару бағдарламасын дайындады. 15-19 қазан аралығында ҚР Әдiлет министрi М.Б. Бекетавтың басшылығымен топ облыста Жолдауды түсiндiру бойынша 28 кездесу өткiздi.

Кездесу барысында халықтан медициналық қызметкерлердiң еңбекақысын көтеру, жол құрылысы, коммуналдық қызмет көрсету және табиғи монополияларды реттеу саласындағы тарифтi қайта қарау, ТКШ жаңғырту, өңiрлiк ҮЕҰ республикалық гранттарды iске асыру, педагог мәртебесi, 3% квота бойынша мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларды жұмысқа орналастыру және т.б. мәселелер келiп түстi.

РАТ мүшелерiнiң халықпен кездесулерiнiң қорытындылары республикалық және өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ танымал әлеуметтiк желiлерде жарияланды: «Хабар», «31 канал», «СТВ», «Казинформ» АА, «Закон кз», «Казахстан тудэй», «Ньютаймс», «Биньюс», «Объектив кз» телеарналарында, «Акмолинская правда», «Арқа ажары», «Степной маяк», «Любимый город Кокшетау», «Степногорск ақшамы», «Ақкөл өмiрi» газеттерiнде, «Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалының эфирiнде, Ақмола облысы iшкi саясат басқармасының, аудан әкiмдерiнiң сайттарында және басқаларда.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң а.ж. 18 қазанындағы № А-10/447 қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауын түсiндiру бойынша облыстық ақпараттық топтардың құрамы мен Ақмола облысының қалалары мен аудандарына бару кестесi бекiтiлдi. 10 облыстық ақпараттық топ құрылды,оның құрамына облыстық мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк органдардың, үкiметтiк емес ұйымдардың басшылары мен орынбасарларының, қоғамдық пiкiр көшбасшыларының, БАҚ-тың 114 мүшесi кiрдi.

Халықты кеңiнен қамту мақсатында өңiрлiк ақпараттық топтардың жұмыс жоспарына ауылдық округтерге шығу, түрлi мақсатты топтармен кездесулер, нысандарға бару және азаматтарды қабылдау кiрдi. Өңiрлерге шығу бойынша облыстық ақпараттық топ мүшелерiмен кеңес өткiзiлдi.

Мысалы, экология департаментiнiң басшысы а.ж. 29 қазанында Жақсы ауданының Белағаш ауылының тұрғындарымен және «Айбат» ЖШС қызметкерлерiмен кездесу өткiздi, а.ж. 31 қазанында Мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы басшысының орынбасары В.Қазжанова Ақкөл ауданының Домбыралы ауылының тұрғындарымен кездесу өткiздi, а.ж. 1 қарашасында Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң департамент басшысы Қ. Қасенов Жарқайың ауданының Гастелло ауылының тұрғындарымен кездесу өткiздi.

Ағымдағы жыл қазан-қараша айларында облыстық ақпараттық топ мүшелерiмен облыс тұрғындарымен 80 кездесу өткiзiлдi.

Ақмола облысының БАҚ-да Жолдауды жүзеге асыру барысын жариялау ұйымдастырылды.

Жолдауды ақпараттық қолдау және түсiндiру медиа — жоспары әзiрлендi.

Өңiрлiк БАҚ-тарда Жолдаудың негiзгi бағыттары бойынша тақырыптық айдарлар ашылды.

Осылайша, мемлекеттiк органдардың, бiлiм беру және денсаулық сақтау мекемелерiнiң, кәсiпкерлердiң, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкiлдерiнiң, азаматтық қоғам институттарының және БАҚ өкiлдерiнiң қатысуымен облыстық және аудандық активтердi ақпараттық сүйемелдеу ұйымдастырылды.

Облыстың БАҚ-тарында республикалық және облыстық ақпараттық топтар өкiлдерiмен кездесулер өткiзу көрiнiс тапты.

Саяси партиялар, үкiметтiк емес ұйымдар, этномәдени бiрлестiктер өкiлдерiнiң, қоғамдық пiкiр көшбасшыларының, кәсiпкерлердiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауының негiзгi месседждерi мәселелерi бойынша пiкiрлерiн жариялау ұйымдастырылды. Жалпы, өңiрлiк БАҚ және республикалық ақпараттық агенттiктерде 120-дан астам пiкiр, әлеуметтiк желiлерде 180-нен астам пiкiр жарияланған.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi табысты жобалардың кейстерi бойынша республикалық БАҚ-тарда сюжеттер мен материалдардың шығуы ұйымдастырылған. Бұл-Көкшетау қ. қоғамдық көлiктерде жол жүру ақысын төлеу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн құру, Ақмола облысындағы сервис және туризм академиясы туралы, iшкi нарықты құс етiмен толықтыру және экспорттық әлеуеттi арттыру және бiлiм беру ұйымдарына тиесiлi қазандықтарды сенiмдi басқаруға беру туралы жоба.

Облыс кәсiпорындары қызметкерлерiнiң жалақысын арттыру жөнiндегi материалдар қоғамдық оң резонанс тудырды. Мысалы, а.ж. 29 қазанында «Закон кз» ақпараттық агенттiктерiнiң таспаларында «Тыныс», «TNK», «Гормолзавод» ЖШС сияқты облыстағы 20 iрi компания қызметкерлерiнiң жалақысын көтеру жөнiндегi Мемлекет басшысының бастамасын қолдау бойынша ақпарат жарияланды; а.ж. 19 қазанында «Казинорм» ақпараттық агенттiгiнде «Кокшетауские медики: повышение минимальной зарплаты — своевременный шаг» мақаласы жарияланды; а.ж. 2 қарашасында «Биньюс кз» ақпараттық агенттiгiнде «В Акмолинской области крупные предприятия поднимут заработные платы» мақаласы жарияланды;

а.ж. 2 қарашасында республикалық «Казахстанская правда», «Караван» газеттерiнде «Крупные кампании Акмолинской области повысять зарплату своим сотрудникам» мақаласы жарияланды; а.ж. 9 қарашадағы «Маяк» өңiрлiк баспа басылымдарында «У тружеников села повысится зарплата»; а.ж. 9 қарашасында «Зерен» газетiнде «Заработная плата будет расти» мақаласы, а.ж. 8 қазанында «Көкше» облыстық телеарнасының эфирiнде және басқалары жарияланды.

Облыстық телеарнада арнайы заставкалар мен 10 бейнероликтiң көрсетiлуi ұйымдастырылды.

Жолдаудың iске асырылуын жариялау бойынша барлығы — өңiрлiк және республикалық БАҚ — та шамамен 2 мың материал, оның iшiнде баспа БАҚ-та — 884 мақала, интернет-ресурстарда — 629 материал, 498 сюжет жарияланды.

Облыста Жолдауды жүзеге асыру саласындағы ақпараттық жариялау жұмыстары жалғасуда және бақылауда тұр.

Құрылған күні: 07.04.2015 16:24
Жаңартылған күні: 16.01.2019 11:25
Қаралым саны: 9188
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус