Гендерлік теңдік (саясат, заңнама) және мемлекеттік сектордағы жұмыс орындарының гендерлік бөлінуі туралы 2019 жылғы 2-тоқсандағы жағдай бойынша ақпарат

Ақмола облысында әйелдер экономиканың барлық бағытында, оның iшiнде өкiлеттi, атқарушы, сот билiгi деңгейiнде бар.

Барлық деңгейдегi мәслихаттың 276 депутаты iшiнде 70-i әйел (25,4%). 532 жергiлiктi атқарушы орган арасында 147 әйел бiрiншi басшы (27,9%). Облыс әкiмiнiң 5 орынбасарының iшiнен 1-уi әйел, 19 аудан мен қала iшiнен 1 әйел Шортанды ауданын басқарады. 22 облыстық басқарма iшiнен 4 әйел басшы, 48 әйелдiң iшiндегi 11-i аудан және қала әкiмiнiң орынбасарлары, 56-сы ауылдық округ әкiмдерi болып жұмыс iстейдi.

Билiктiң сот органдарында 112 судьяның iшiнен 50-i (44,6%) әйел. Құқық қорғау органдарындағы әйел саны — 11,4%.

Облыстың бiлiм беру ұйымдарында 21 мыңнан астам педагог қызметкерi жұмыс iстейдi, олардың басым бөлiгi 81% пайыздан аса әйел. Олардың арасында 60-тан астамы «Ыбырай Алтынсарин», «Бiлiм бердiң құрметтi қызметкерi» және «Ғылымды дамытудағы еңбегi үшiн» төсбелгiлерiнiң иегерi.

Облыста 7955 медицина қызметкерi жұмыс iстейтiн 42 медициналық мекеме қызмет етедi. 1294 әйел дәрiгер, 6116 әйел орта медициналық персонал.

Мәдениет саласында 3271 адам жемiстi шығармашылық жұмыс iстейдi. Оның 1 895-i әйел. 44 әйел «Мәдениет қайраткерi» және «Мәдениет үздiгi» құрмет белгiлерiнiң иегерi, 7 әйел Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi, 3 әйел «Құрмет» және «Парасат» ордендерiнiң иегерi.

Кәсiби спортпен 4650 адам айналысады, 15 спортшы халықаралық сыныпты спорт шеберi атағына ие, 43 Қазақстан Республикасының Спорт шеберi. Олардың арасында Қысқы олимпиада ойындары-2018 қатысушылары, ҚР еңбек сiңiрген спорт шеберлерi Алина Райкова, Валерия Тюленева, бокстан әлем чемпионы, 2017 ж. «Қазақстанның 100 жаңа есiмi» жобасының жеңiмпазы Дина Жоламан және жазғы Олимпиада ойындары-2012 ж. күмiс жүлдегерi Анна Нұрмұхамбетова, Одесса қ. киокушинкай каратэдан 2018 жылғы Әлем чемпиондары Әлемгүл Сабырхан және Ұзақбаева Нарқыз, ересектер арасында бокстан 2018 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегерi Мөлдiр Базарбаева, жастар арасында бокстан 2018 жылғы Азия чемпионатының күмiс жүлдегерi, жастар арасында бокстан 2018 жылғы Әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi Еслямғали Айзада, ересектер арасында бокстан Әлем чемпионатының қола жүлдегерi Карина Ибрагимова және т.б. бар.

Құрылған күні: 25.06.2019 16:02
Жаңартылған күні: 24.09.2019 12:24
Қаралым саны: 1038
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус