Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың 2019 жылы қызметі туралы ақпарат

Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми — сараптамалық топ — тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-талдау органы, оның мақсаты Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының тұрақтылықты, қоғамдық келiсiмдi және жалпыұлттық бiрлiктi нығайту жөнiндегi қызметiн ғылыми — сараптамалық сүйемелдеу болып табылады (бұдан әрi — ҒСТ).

ҒСТ облыстың жетекшi жоғары оқу орындары ғалымдарының жұмысын бiрiктiредi. Оның құрамына гуманитарлық бағыттың өкiлдерi — саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, психологтар, лингвистер, заңгерлер кiредi. Оның iшiнде: 4 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 3 магистр бар.

ҚХАА жанындағы ҒСТ төрағасы — тарих ғылымдарының кандидаты, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтiк жұмыс кафедрасының меңгерушiсi -Қапышев Ардақ Қайыржанұлы болып табылады.

ҚХАА жанындағы ҒСТ бекiтiлген Ережеге сәйкес әрекет етедi және жыл сайынғы жұмыс жоспарларында көрсетiлген iс-шаралар кешенiн жүзеге асырады.

Оның отырыстарында мемлекеттiк этносаясаттың негiзгi мәселелерi талқыланады, аймақтағы ғылыми, әдiстемелiк, сараптамалық-талдау қызметiн жетiлдiру бойынша идеялар мен тұжырымдамалар, облыстағы этносаяси, әлеуметтiк-экономикалық даму үрдiстерiн кешендi сараптамалық бағалау, өңiрдегi осы үдерiстердiң дамуын болжау ұсынылады.

2019 жылдың басынан бастап ҒСТ 2 ғылыми-практикалық конференция, 3 дөңгелек үстел, 1 семинар, этносаралық тақырып бойынша дәрiстер легiн ұйымдастырды.

2018 жылы ҒСТ жұмыс тобы «Ақмола облысы жастары арасында этносаралық келiсiмдi қалыптастырудың негiзгi факторлары» тақырыбы бойынша әлеуметтiк зерттеу жүргiздi.

Ақмола ҚХА хатшылығының бастамасымен Ақмола облысының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң оқушылары мен техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының студенттерi арасында Алғыс күнiне арналған «Мен алғыс айтамын…» атты шығармалар/эссе байқауы өткiзiлдi, қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктiң қазақстандық моделiне арналған 2 ғылыми жоба байқауының аймақтық кезеңдерi, сондай-ақ жастар арасындағы Қазақстандық бiрегейлiк пен бiрлiктi нығайту мен дамытуға арналған «Мен-Қазақстандықпын!» әлеуметтiк роликтер байқауы ұйымдастырылды.

Есеп беру кезеңiнде ҒСТ мүшелерi 2 ғылыми жоба дайындады, 7 монография, 5 ғылыми мақала шығарды.

ҒСТ мүшелерiнiң ғылыми еңбектерi: Кукубаева А. Х. Гран-при (2019ж.), Свинарчук А. И., Сагындыкова Ж. О. Н. Назарбаевтың қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктiң қазақстандық моделiне арналған республикалық байқауының 2 дәрежелi дипломдарымен марапатталды (2018ж.).

Қазiргi уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҒСТ «Ақмола облысының көпэтникалық халқының қалыптасуының тарихы мен дамуы» атты ұжымдық монографиясын басып шығаруға дайындалуда.

ҒСТ мүшелерiнiң басқа да iс-шараларының iшiнде — қазақстандық бiрегейлiктi қалыптастыру, қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктi нығайту мәселелерi бойынша жұмысшы, студент жастармен кездесулер ұйымдастыру iстерi бар.

Құрылған күні: 29.01.2020 12:23
Жаңартылған күні: 29.01.2020 12:23
Қаралым саны: 118
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус