ҚХАА жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметі туралы ақпарат

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен құрылған Қоғамдық келiсiм кеңестерi мемлекеттiк органдардың өңiрлердiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларын iске асыру жөнiндегi қызметiне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, халықтың әлеуметтiк проблемаларына мониторинг жүргiзедi.

Кеңестердiң қызметi қазақстандық патриотизм, азаматтық және рухани — мәдени қауымдастық негiзiнде топтастыру жолымен қазақстандық бiрегейлiктi қалыптастыру процесiне түрлi әлеуметтiк топтарды, үкiметтiк емес ұйымдарды, этномәдени бiрлестiктердi тартуға, қайырымдылықты, медиацияны және жергiлiктi жерлерде қоғамдық бақылау жүйесiн дамытуға бағытталған.

Ақмола облысында 248 Қоғамдық келiсiм кеңесi жұмыс iстейдi, олар қоғам қайраткерлерi, ардагерлер, ҮЕҰ өкiлдерi, жастар, кәсiподақ ұйымдары, аналар кеңесiнiң мүшелерi, медиаторлар қатарынан 2 мыңнан астам адамды бiрiктiредi.

Кеңестер жұмысы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi бекiтiлген iс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы Қоғамдық келiсiм кеңестерi жергiлiктi бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану мониторингiмен; агроөнеркәсiптiк секторда прогрессивтi технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыспен; «кедергiсiз орта» құрумен, ТКШ және табиғи монополиялар қызметтерiне тарифтердi қалыптастыру мәселелерi бойынша отырыстарды өткiзумен, бизнестi заңсыз әкiмшiлiк қысым мен қылмыстық қудалау қаупiнен қорғау шараларымен, «7- 20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй ипотекасының қолжетiмдiлiгi мәселелерiмен айналысты.

2019 жылы Қоғамдық келiсiм Кеңестерiмен халықтың әлеуметтiк мәселелерiн дер кезiнде анықтау және шешу бойынша бiршама жұмыс жүргiзiлдi (типтiк паспорт), 335 iс-шара ұйымдастырылды (2000 адам iс-шараға қатысты), 240 мәселе шешiлдi, ҚХА «Жаңғырған ауыл» жобасын iске асыру бойынша 39 iс-шара, ауылдағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң қолжетiмдiлiгi, «кедергiсiз орта» құру туралы, азық-түлiкке бағаның өсуiне жол бермеу туралы, медициналық қызмет көрсетудiң және медициналық қызметкердiң проблемалық мәселелерi бойынша, көп балалы отбасыларға қайырымдылық көмек туралы 29 отырыс өткiзiлдi. Жергiлiктi бюджеттiң тиiмдi пайдаланылуына талдау жүргiзу мақсатында көшпелi қоғамдық қабылдау бөлмелерiнiң жұмысы ұйымдастырылды. ҚКК отырыстарында қоғамдық тыңдаулар өткiзiлдi

«Кедергiсiз орта» құру үшiн кеңестер «Кедергiге жол жоқ» әлеуметтiк жобасын iске асыруда, оның шеңберiнде арнайы мониторингтiк топ әлеуметтiк инфрақұрылымның 64 нысанын мүмкiндiктерi шектеулi тұлғалардың қол жетiмдiлiгiне тексердi.

Жергiлiктi бюджеттердi тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету бойынша 72 iс-шара, агроөнеркәсiптiк секторда прогрессивтi технологияларды iлгерiлету бойынша 44 iс-шара өткiзiлдi.

Агроөнеркәсiптiк секторда прогрессивтi технологияларды жылжыту бойынша Жол картасы шеңберiнде Qoldau порталында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi цифрландыру мониторингi, жердi (егiстiк, жайылым, шабындық, көпжылдық екпелер) суреттеу жалғасуда, астық жинау, жем-шөп жинау техникасы, тиегiштер, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылығы жабдықтары жаңартылуда.

Қоғамдық келiсiм Кеңестерiмен халықтың өмiр сүру сапасын жақсарту, қоғамды топтастыру және патриотизмге тәрбиелеу бойынша жұмыстар белсендi жүргiзiлуде.

Құрылған күні: 09.01.2020 12:44
Жаңартылған күні: 09.01.2020 12:44
Қаралым саны: 103
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус