ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің қызметі туралы ақпарат

Облыста 105 аналар кеңесi жұмыс iстейдi,оның iшiнде 1 — облыстық, 1 — қалалық, 16 — аудандық, 87-ауылдық, оған 60-тан астам орталық, үйiрмелер мен клубтар кiредi. 2019 жылдың басынан бастап аналар кеңесi 10 000 адамды қамтыған 359 iс-шара өткiздi.

Кеңес қызметiнiң негiзгi бағыттары — отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау және дамыту, отбасы мәртебесiн арттыру және қыздарды тәрбиелеудiң үздiк тәжiрибесiн, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық тәрбиенiң дәстүрлерiн тарату. Олардың қатарында аудандық Аналар кеңесiнiң отырысы, ҚХАА аналар кеңесiнiң облыстық форумы, отбасы институтын нығайтуға және қазақ халқының салт-дәстүрлерi мен әдет- ғұрыптарын насихаттауға бағытталған әр түрлi этностардан тұратын жас отбасылар байқауы, қайырымдылық акциялары, қыздарға арналған «Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер жасаймыз», «Қыз тәрбиесi — ұлт тәрбиесi», «Жақсы отбасы-табысты адам» шеберлiк-сабақтар топтамасы, сенiмдi әңгiмелесу форматындағы кездесулер және т. б.

2019 жылы облыста 4 аудандық Аналар кеңесi ашылды (Ақкөл, Егiндiкөл, Жақсы, Шортанды аудандары).

А. ж. қаңтар айында облыстық Аналар кеңесiмен Көкшетау қ. Ақан серi атындағы жоғары мәдениет колледжiнде «Балқадиша» қыздар клубы ашылды

2019 жылдың маңызды iс-шаралары:

Ағымдағы жылдың 15 мамырында облыс әкiмi, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Е. Б. Маржықпаевтың төрағалығымен Достық үйiнде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесiнiң облыстық форумы өттi.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесi республикалық акция аясында ү. ж. 28 маусымында «Арыс балаларына» қайырымдылық акциясын өткiздi. Оның аясында Арыс қаласының көп балалы аналарына арналған жаңа киiм-кешек, аяқ киiм, гигиеналық құралдар, төсек-орын жинақтарын жинау ұйымдастырылды.

Көкшетау қаласының №6 «Нұрай» балабақшасының тәрбиеленушiлерi өз қолдарымен Арыс қаласының балаларына арналған қолөнер бұйымдары және бояулы суреттер жасады.

Акция нәтижесiнде гуманитарлық қоржындар құрылып, Арыс қаласының балаларына iзгi тiлектермен акция қатысушыларының бейне үндеулерi дайындалды.

12 шiлде күнi Аналар кеңесi қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған поэтикалық эстафетасының республикалық акциясын алғашқылардың бiрi болып қолдады. «Мәншүк» қыздар клубының жетекшiсi А. Жазиева мен оның оқушылары қазақ классигi туралы кеңiнен мағлұмат бердi. Жас ұрпақ Абай шығармаларын бiледi және жақсы көретiндiгi қуантады.

Сонымен қатар, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесi Көкшетау қаласының туған күнiне орай «Құрақ көрпе fest» акциясына белсене қатысты. Бiздiң қала тұрғындарының қолдарымен жасалған он алты шақырым көрпеде бiздiң шеберлердiң де үлесi бар. Аналар кеңесiнiң мүшесi. У. Ементаева көрпе жұмысы қалай жүрiп жатқанын және көрпе суретiнде түрлi түстердi қалай бейнелейтiндiгiмен бөлiстi.

А. ж. қыркүйек айында Отбасы күнi аясында 50 жыл бiрге өмiр сүрген отбасыларға құрмет көрсетiлдi. Оларға «Махаббат пен адалдық үшiн» медалi табыс етiлдi.

2019 жылғы 20-21 қараша аралығында Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесiнiң қолдауымен Қазақстанның этномәдени бiрлестiктерi қатарынан жас отбасылардың қатысуымен «Дәстүрдi сақтай отырып» атты республикалық фестивалi өттi.

Ақмола облысын фестивальде Зерендi ауданының тұрғындары Сонгиндер жас отбасы таныстырды. Рүстем-поляк, оның жұбайы Сезiм қазақтың қызы, олар көрермендерге поляк Рождество мерекесiннен үзiндi көрсеттi. Фестиваль ұйымдастырушылары оларды дипломмен және ноутбукпен марапаттады. Отбасылық құндылықтарды дамытуға қосқан үлесi үшiн Зерендi ауданының Аналар кеңесiнiң төрайымы К. С. Рақымжанова дипломмен марапатталды.

А. ж. 11 желтоқсанында Целиноград ауданының Ақмол ауылында аудан басшылығының, ауданның құрметтi азаматтарының, еңбек ардагерлерiнiң, ауылдық округтер аналар кеңестерi төрайымдарының, көп балалы аналардың қатысуымен «Ана — отбасының берекесi» аудандық Аналар кеңесiнiң форумы өттi.

Iс-шара барысында 16 белсендi анаға аудан әкiмi М. С. Таткеевтiң алғыс хаты табысталды.

2019 жылы науқас балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек және қолдау көрсету мақсатында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесi 12 қайырымдылық акциясын өткiздi, оның нәтижесi бойынша 10 млн.теңгеден астам қаражат жиналды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесi «Қыз тәрбиесi — Ұлт тәрбиесi» жобасын iске асыруда, оның мақсаты отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау және дамыту, отбасы мәртебесiн арттыру және қыздарды тәрбиелеудiң үздiк тәжiрибесiн, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық тәрбиенiң дәстүрлерiн тарату. Жоба аясында «Мәншүк», «Айғаным», «Сырғалым», «Шаңырақ», «Абай», «Үкiлiм-ай», «Еркеназ» және т.б. қыздар клубтары ашылды. Клубтарда өңiрдiң көрнектi қоғам қайраткерлерiмен дәрiстер, мамандықты саналы таңдау, өмiрлiк табыс негiздерi бойынша шеберлiк-сабақтары, семинарлар, жеке басының өсуi бойынша тренингтер және басқа да iс-шаралар өткiзiледi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақ тiлi мен мәдениетi» қоғамдық бiрлестiгi облыстық Аналар кеңесiмен бiрлесе отырып, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен облыстың аудандары мен қалаларына көшпелi iс-шаралар. Iс-шаралар барысында облыстық Аналар кеңесiнiң төрайымы Зере Қиықова қатысушыларды негiзгi жұмыс бағыттарымен таныстырды, аналар кеңесiнiң мүшелерiмен кездесулер өткiздi, келесi жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

2019 жылы республикалық, облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-да облыстық Аналар кеңесiнiң қызметi бойынша 117 мақала жарияланды, әлеуметтiк желiлерде 99 жарияланым орналастырылды, облыстық «KÓKSHE» телеарнасында 13 сюжет шығарылды.

Құрылған күні: 09.01.2020 12:42
Жаңартылған күні: 09.01.2020 12:42
Қаралым саны: 486
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус