Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі туралы ақпарат

Ақмола облысында 100 — ден астам этностар мен этникалық топтардың өкiлдерi тұрады, оның iшiнде: 51% — қазақтар, 33,1% — орыстар, 4,4% — украиндер, 3,5% — немiстер, 1,8% — татарлар, 1,4% — белорустар, 1,1% — поляктар, 3,7% — басқа ұлттар.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының саны 106 адамды құрайды, олардың қатарында — этномәдени бiрлестiктердiң, мемлекеттiк органдардың, үкiметтiк емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғамдық пiкiр көшбасшылары бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына Ақмола облысынан 16 адам кiредi.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанынан мынадай құрылымдар құрылды және жұмыс iстейдi:

- Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметiн ғылыми сүйемелдеу үшiн ғылыми-сараптамалық топ;

- мемлекеттiк ұлттық саясат, этносаралық келiсiмдi, қазақстандық патриотизмдi, Ақмола облысында тұратын этностар арасындағы толерантты қарым-қатынасты насихаттау мәселелерiн кеңiнен жариялау мақсатында журналистер клубы;

- халық кәсiпшiлiгiн одан әрi дамыту және қолдау, сәндiк-қолданбалы өнер шеберлерiнiң шығармашылық потенциалын дамыту мақсатында — сәндiк-қолданбалы өнер шеберлерiнiң Одағы.

- Неке және отбасы институтын, дәстүрлi отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында — Аналар кеңесi.

Ақмола облысының аумағында 52 этномәдени бiрлестiк тiркелген. Ақмола облысы этностарының өкiлдерi облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени даму үдерiсiне тиiмдi тартылған.

Көптеген этностардың негiзгi шоғырландырушы факторы өзiндiк мәдениеттi, дәстүрлердi, әдет-ғұрыптар мен тiлдi сақтауға ұмтылу болып табылады. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының жанында 2010 жылдан бастап «Шаңырақ» тiлдердi оқыту мектебi жұмыс iстейдi, онда Қазақстан халқының тоғыз тiлi оқытылады. Сонымен қатар, ана тiлiн оқыту облыстың 4 ауданында жүргiзiледi (Астрахан және Шортанды аудандарында — поляк тiлi, Бурабай ауданында — немiс тiлi, Сандықтау — ингуш тiлi).

Облыстық ассамблеяның тиiмдi жұмысын қамтамасыз ету үшiн Көкшетау қаласында «Қоғамдық келiсiм» КММ, Степногорск қаласында «Достық және шығармашылық үйi», Зерендi және Целиноград аудандарында «Достық орталықтары» жұмыс iстейдi.

Қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктi нығайту мақсатында 2019 жылы облыста 100-ден астам қоғамдық-маңызды iс-шаралар өткiзiлдi. Олардың қатарында Алғыс айту күнiне, Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесiне арналған бiрқатар iс-шаралар, «Сарқыт», «Сыбаға», «Шашу» қайырымдылық акциялары, Наурыз мейрамына арналған мерекелiк iс-шаралар, «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығының жыл сайынғы қалалық байқауы бар. Этномәдени бiрлестiктермен бiрлесiп «Масленица» халықтық серуенi, «Терендез» армян халық мерекесi, ингуштер мен шешендердi Орта Азия мен Қазақстанға көшiрудiң 75 жылдығына арналған халықаралық конференция, ас үй фестивалi және т.б. өткiзiлдi. Ақмола облыстық ассамблеясы өз жұмысына ардагерлер, жастар ұйымдарын, үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктердi белсендi қатыстырады.

Ақмола облысында 248 Қоғамдық келiсiм кеңесi жұмыс iстейдi: 1 — облыстық, 2 — қалалық, 17 — аудандық және 228 — ауылдық деңгейде, жалпы саны 2 987 адамды қамтиды. ҚХАА жанындағы ҚКК қызметiнiң бағыттары: ақпараттық-түсiндiру жұмыстары (дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар, кездесулер, әңгiмелесулер, дәрiстер өткiзу), медиация кабинеттерiмен өзара iс-қимыл, қайырымдылықты дамыту, жоспарларды, аймақты дамытудың әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларын iске асыруға қоғамдық бақылау жүргiзу. 2019 жылдың басынан бастап қоғамдық келiсiм кеңестерi 5000 адамды қамтитын 150 түрлi iс-шаралар (дөңгелек үстелдер, кездесулер, отырыстар, мәдени iс-шаралар) өткiздi.

Облыста 101 аналар кеңесi жұмыс iстейдi, оның iшiнде 1 — облыстық, 1 — қалалық, 12 — аудандық, 87 — ауылдық деңгейлерде, оған 60-тан астам орталықтар, үйiрмелер мен клубтар кiредi. Аналар кеңесi қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады, халықтың рухани құндылықтары негiзiнде қыздарды тәрбиелеумен айналысады. 2019 жылдың басынан берi Аналар кеңесi 4000 адамды қамтыған 200 iс-шара өткiздi. Облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесi ауру балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшiн 4 қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 2019 жылдың бiрiншi тоқсанында облыстық Аналар кеңесiмен Көкшетау қ. Ақан серi атындағы жоғары мәдениет колледжiнде «Балқадиша» қыздар клубы ашылды.

Облыстық Ассамблеяның қызметiн ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудi Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң «Қазақстан халқы Ассамблеяс» кафедрасының оқытушылар құрамынан құрылған ғылыми-сараптамалық топ жүзеге асырады. Ғылыми-сараптамалық топтың құрамына барлық гуманитарлық бағыттағы мамандар кiредi — саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, психологтар, лингвистер, заңгерлер, оның iшiнде: 5 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 3 магистр бар. ҚХАА жанындағы ҒСТ төрағасы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң ҚХА кафедрасы меңгерушiсiнiң орынбасары, Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтiк жұмыс кафедрасының меңгерушiсi, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент — Қапышев Ардақ болып табылады. Қызмет Ережесiне сәйкес ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың отырыстары жылына екi рет өткiзiледi, топ мүшелерi өзектi мәселелердi шешу үшiн қажеттiлiгiне қарай жиналады. Мәжiлiстерде мемлекеттiк этносаясаттың негiзгi мәселелерi талқыланады, аймақтағы ғылыми, әдiстемелiк, сараптамалық-талдау қызметiн жетiлдiру бойынша идеялар мен тұжырымдамалар ұсынылады.

Ақмола облысында қайырымдылық қоры құрылды, оған қайырымдылық жасаушы 845 меценат, және 69 ұйым кiрдi. Қайырымдылық қоры жүйелi түрде жаңартылып, толықтырылып отырады, өңiрдегi қайырымдылық қызметiне тоқсан сайын мониторинг жүргiзiледi. Қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы этномәдени бiрлестiктер мен құрылымдар белсендi қатысады.

2019 жылдың басынан бастап, «Қайырымдылық керуенi» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында Ақмола облысында 1345 iс-шара өткiзiлдi, оның барысында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға жалпы сомасы шамамен 35 млн. теңге. көмек көрсетiлдi.

Құрылған күні: 09.01.2020 12:48
Жаңартылған күні: 09.01.2020 12:48
Қаралым саны: 499
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус