ҚХАА медиация институтын дамыту бойынша қызметі туралы ақпарат

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы тұрақты түрде қоғамдық медиаторлар институтын құру және оны жетiлдiру бойынша жүйелi жұмысты жүргiзедi. Сондай-ақ әлеуметтiк шиеленiстердi алдын ала реттеуде кәсiби медиацияны дамытуға көп көңiл бөлiнедi.

Облыста 116 медиация кабинетi жұмыс iстейдi. ҚХАА-мен әрекет ететiн 12 кәсiби және 75 кәсiби емес медиатор қызмет етедi.

2019 жылдың басынан бастап кәсiби және кәсiби емес медиаторлар азаматтарға отбасылық-тұрмыстық, мүлiктiк және еңбек салаларындағы мәселелердi шешу бойынша 1200-ге жуық кеңес бердi.

Көмекке жүгiнген азаматтардың негiзгi сұрақтары: мүлiктiк, отбасылық-тұрмыстық, еңбек iсiндегi даулар.

Көмекке жүгiнушiлердiң құрамы: жұмысшылар, қызметкерлер, зейнеткерлер, 29 бен 60 жас аралығындағы кәсiпкерлер, осының өзi медиация институты қоғамның барлық санаты мен жас тобы арасында кездесетiн дауларды шешудiң баламалы жолы екендiгiн көрсетедi.

Көкшетау қаласының «Қоғамдық келiсiм» КММ медиация кабинетiнiң қоғамдық қабылдауында 2 кәсiби медиатор Диковенко Дмитрий Николаевич, Ойнарова Гульмира Умытбековна және 1 кәсiби емес (халықтық) медиатор ҚХАА жанындағы Аналар кеңесiнiң төрайымы Қиықова Зере Еспайқызы өз жұмысын жүргiзедi. (87162) 72-31-71 сенiм телефоны жұмыс жасайды. Келу кестесiне сәйкес тегiн заңгерлiк және психологиялық кеңестер берiледi. (8 716 2) 723171 сенiм телефоны жұмыс жасайды.

Айта кету керек, 2018 жылы Ақмола облысы ҚХА-ның «Үздiк медиация кабинетi» және «Үздiк медиатор» республикалық байқауларына қатысып, оның қорытындысы бойынша Сыздықова Ғайша Ибрагимқызы 2 орынға ие болып, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л. А. Прокопенконың мақтау қағазымен марапатталды.

«Қоғамдық келiсiм» КММ Ақмола облыстық сотымен бiрлесiп татуластыру рәсiмдерiн дамыту мақсатында, мекеме сайтында — «Медиаторға өтiнiм» қосымша бетiн әзiрледi, оның көмегiмен үйден шықпай-ақ кәсiби медиатордан кеңес алуға «онлайн» режимiнде өтiнiм беруге болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы халық бiрлiгiн нығайтуда, мемлекет iшiнде бейбiтшiлiк пен келiсiмдi сақтауда үлкен рөл атқарады. Iс жүргiзу тұрғысынан медиация этносаралық қатынастар саласында да, этномәдени бiрлестiктер мен ҚХА — Қоғамдық келiсiм кеңестерi мен Аналар кеңестерi сынды құрылымдары арқылы да жұмыс iстей бастады.

Ағымдағы жылдың басынан Ақмола облысының ҚХА жанындағы Аналар кеңесi және Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған соты бiрлескен қызмет туралы жасалған меморандум шеңберiнде медиация институтын дамыту бойынша бiрқатар iс-шаралар өткiздi.

Ағымдағы жылдың 15 маусымында «Бақытты шаңырақ — қуатты мемлекет» атты Аналар кеңесiнiң облыстық форумында Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жұматова Айсұлу Өмiрсерiкқызы «Қазақстан Республикасында отбасылық соттар құру туралы» тақырыбында баяндама жасады.

Медиация институтын әлеуметтiк және құқықтық жанжалдардың алдын алу, шешу, халық арасында дауларды сотқа дейiн реттеу тетiгi ретiнде дамыту және танымал ету мақсатында облыс аудандарында кездесулер, дөңгелек үстелдер, «Ашық есiк күндерi», кеңестер беру және т. б. шаралар өткiзiледi.

Медиация институтын әлеуметтiк және құқықтық жанжалдардың алдын алу, шешу, халық арасында дауларды сотқа дейiн реттеу тетiгi ретiнде дамыту және танымал ету мақсатында облыстың аудандары мен қалаларында түрлi кездесулер, дөңгелек үстелдер, «Ашық есiк күндерi», консультациялар және басқа да iс-шаралар өткiзiлдi. Жалпы 2019 жылы Ақмола облысында медиация саласында 2800 адамды қамтитын 160 iс-шара өткiзiлдi.

А.ж. 5 тамызы Республикалық бiрыңғай медиация күнi аясында кәсiби және кәсiби емес медиаторлардың қатысуымен достық орталықтарында, қалалық және аудандық маңызы бар әкiмдiкте Медиация кабинеттерiнiң ашық есiк күнi ұйымдастырылды. Ақмола облысында 57 iс-шара өткiзiлдi, оның iшiнде 49 Медиация кабинеттерiнде, 10 кәсiби және 143 кәсiби емес медиаторлардың қатысуымен. Көмекке жүгiнген азамат саны — 171 адам. Сондай-ақ Республикалық бiрыңғай медиация күнi аясында жедел сұрақ (сауалнама) өткiзiлiп, оған 298 адам қатысты.

2019 жылдың есептi кезеңiнде ұлтаралық мәселелер бойынша Ақмола ҚХА медиация кабинеттерiне сұрақтар келiп түскен жоқ, бұл этникалық топтар құқының бұзылу жағдайлары жоқ екенiн дәлелдейдi және облыстағы ұлтаралық қарым-қатынастардың тұрақты екендiгiн көрсетедi.

Құрылған күні: 29.01.2020 11:52
Жаңартылған күні: 29.01.2020 11:52
Қаралым саны: 122
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус