Қонақтарға арналған ақпарат

ПРЕЗИДЕНТТIК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВIНЕ IРIКТЕУ БАСТАЛДЫ

Президенттiк жастар кадр резервiне өтiнiмдердi қабылдау басталды.

Құжаттарды қабылдау үшiн автоматтандырылған онлайн-платформа iске қосылды.

Онлайн-платформаны қолдану жеңiл әрi өте ыңғайлы.

Үмiткер сайттың басты бетiнде Президенттiк жастар кадр резервiнiң iрiктеуiне қатысты мағлұматты инфографика арқылы бiле алады. Онда iрiктеуге кiмдер қатыса алатындығы, уақыты мен iрiктеу кезеңдерi жазылған.

Тiркеу тәртiбi барынша жеңiлдетiлген.

Үмiткерге мiндеттi түрде өзiнiң жеке мәлiметтерiн, аты-жөнiн, тегiн, ЖСН, iрiктеу кезеңдерiнен өтуге қолайлы тiлдi таңдап өзiнiң ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келiсiммен танысып, тиiстi талаптарды қабылдауы керек.

Талаптарды қабылдамайынша үмiткер Президенттiк жастар кадр резервiне қатыса алмайды.

Президенттiк жастар кадр резервiне қатысу үшiн үмiткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тiркелу қажет.

Мемлекеттiк басқару академиясына құжаттар қабылдау жалғасуда

Қазiргi таңда Академия халықаралық бiлiм беру стандарттары бойынша жұмыс iстейдi және iс басындағы мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби дамуы мен бiлiм алуына жауап беретiн Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Академияның жұмысы мемлекеттiк аппаратқа стратегиялық және инновациялық тұрғыда ойлай бiлетiн, және, сәйкесiнше, бүгiнгi күннiң ғана емес, ертеңгi күннiң де мiндеттерiн шеше алатын кадрларды дайындауға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы еңбек өтiлi 1 жыл+ мемлекеттiк қызметшiлердi магистратураның 11 бағдарламасының немесе докторантураның 4 бағдарламасының бiрiне грантқа түсуге шақырады.

Академиядағы оқу қандай бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады?

МАГИСТРАТУРА (1 жылдық оқу)

•MPMМемлекеттiк менеджмент (ыңғайлы оқу кестесi)

•MDPAЦифрлық мемлекеттiк басқару

•MACPСыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

•MPPLМемлекеттiк саясат және құқық

•MPPМемлекеттiк саясат (ағылшын тiлiнде оқытылады)

•MHRM Адами ресурстарды басқару

•MIRХалықаралық қатынастар

МАГИСТРАТУРА (2 жылдық оқу)

•MPPМемлекеттiк саясат

•MPAМемлекеттiк басқару

•ME Экономика

•MRD Өңiрлiк даму

ДОКТОРАНТУРА (3 жылдық оқу)

•DPAМемлекеттiк басқару

•DEЭкономика

•DIRХалықаралық қатынастар

•EDPM Мемлекеттiк менеджмент

Мемлекеттiк қызметшiлер үшiн Академияда оқудың артықшылықтары:

• Академиядағы оқу уақыты мемлекеттiк қызмет өтiлiне есептелiнедi.

• Академияда бiлiм алушылар соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы мөлшерiнде стипендия алады.

• Академияда бiлiм алушылар Maxwell School of Citizenship and Public Affairs — Сиракуз университетi (АҚШ), DBB академиясы (Берлин, Германия), Вена дипломатиялық академиясы (Австрия), Эстон дипломатия мектебi, Мохаммед Бин Рашид атындағы Мемлекеттiк басқару мектебi (БАӘ), Нидерландтық «Clingendael» Халықаралық қатынастар институты (Нидерланды), сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнде бiлiм алуға және тағылымдамадан өтуге мүмкiндiк алады.

• Бiлiм алушылар Мемлекеттiк басқару академиясы жанындағы зерттеу орталықтарының жұмысына қатыса алады, мемлекеттiк сектордағы жобалық менеджмент бойынша сертификатталған сарапшылардың жетекшiлiгiмен өз жобаларын құрып, iске асыра алады.

Академияға түсу үшiн қажеттi құжаттар тiзiмi

• Өтiнiш

• Бiлiм туралы құжаттың көшiрмесi (қосымшаларымен бiрге)

• IELTS немесе TOEFL тестiн тапсырғаны туралы сертификаттың көшiрмесi немесе APTIS тестiн тапсыруға арналған тiркеу нысаны

• Еңбек қызметiн растайтын құжат (мемлекеттiк қызметшiлер үшiн қызмет тiзiмi немесе басқа тұлғалар үшiн еңбек кiтапшасының көшiрмесi)

• 086-У нысанындағы медициналық анықтама

• Мемлекеттiк органның жолдамасы (мемлекеттiк қызметшiлер үшiн)

• Магистратура бағдарламасының үмiткерлерi үшiн — мотивациялық эссе және бағдарлама бойынша эссе, докторантура бағдарламасының үмiткерлерi үшiн — мотивациялық эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal) және ғылыми еңбектердiң тiзiмi (бар болған жағдайда)

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 12 шiлдесiне дейiн, APTIS тестiлеуi — 2019 жылдың 17–18 шiлдесiнде жүргiзiледi. APTIS тестi төрт тiлдiк дағды бойынша тапсырмаларды қамтиды: айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым. APTIS тестiн ұйымдастыру мен өткiзудi Британ кеңесi жүзеге асырады, бұл процестiң объективтiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз етедi.

Академияның мемлекеттiк қызметшiлердiң IТ-құзыреттiлiгiн дамыту үшiн заманауи цифрлық платформасы, озық материалдық-техникалық базасы бар, ал оқу үдерiсiн ұйымдастырудың өзi цифрлық және интерактивтi оқыту технологияларын барынша қолдануға негiзделген. Академияның профессор-оқытушылар құрамы штаттағы, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан шақырылған оқытушылар-практиктерден тұрады, олар министрлер, министр орынбасарлары, әр түрлi департаменттердiң директорлары, елшiлер және т.б.

Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсу туралы толығырақ ақпаратты www.apa.kz сайтынан және +7 (7172) 75 33 95 телефоны немесе admissions@apa.kz e-mail адресi арқылы бiлуге болады.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы @apa.kz еңбек өтiлi 1 жыл+ мемлекеттiк қызметшiлердi МАГИСТРАТУРАНЫҢ 11 бағдарламасының немесе ДОКТОРАНТУРАНЫҢ 4 бағдарламасының бiрiне ГРАНТҚА ТҮСУГЕ шақырады

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

- мемлекеттiк қызметшiлер үшiн тегiн

- лауазымдық жалақы мөлшерiнде стипендия

- басқа қалалардан келгендерге жатақхана бар

- оқу уақыты мемлекеттiк қызмет өтiлiне есептелiнедi

- қос дипломды бiлiм алу және тағылымдамадан өту: АҚШ, Еуропа, БАӘ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 12 ШIЛДЕГЕ ДЕЙIН

Мемлекеттiк қызметшiлерге арналған Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орнында өз мүмкiндiгiңiздiң аясын кеңейтiп, құзыреттiлiгiңiздi дамытыңыз!


 

Қазақстанның депозиттерге кепiлдiк беру қоры (ҚДКБҚ) «Астана Банкi» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкi» АҚ салымшыларына бүкiл ел бойынша өтем төлеудi жалғастыруда. Салымшылар — жеке тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер — жинақталған сыйақымен қоса, салымдар бойынша өтемдi ағымдағы шоттары мен төлем карточкалары арқылы алуда.

«Астана Банкi» АҚ. «Астана Банкi» АҚ салымшыларына өтем төлеу жеке тұлғаларға қызмет көрсететiн «Еуразиялық банк» АҚ агент-банкiнiң барлық бөлiмшелерiнде жүргiзiлуде. ҚДБКҚ қазiрдiң өзiнде мiндеттемелердiң 98%-н өтедi. 36,7 миллиард теңге төлендi, оның iшiнде 23 миллиард теңге алғашқы екi күнде төленген болатын. Төлем беру басталған күнi қарбалас бола қойған жоқ; ҚДКБҚ және агент-банк бөлiмшелерде өтiнiш беру және тексеру процесiн жеделдету және салымшыларға қызмет көрсету тиiмдiлiгiн арттыруда барлық күш-жiгерiн жұмсады.

«Qazaq Banki» АҚ. Өтем төлеу Қазақстан аумағындағы «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ агент-банкiнiң барлық бөлiмшелерiнде жүргiзiлуде. ҚДКБҚ iс жүзiнде салымшылардың алдындағы өз мiндеттемелерiн өтедi: 20,1 миллиард теңге — салымшылардың алдындағы мiндеттемелердiң бастапқы сомасының 98%-ы төлендi .

«Қазақстан Эксимбанкi» АҚ. Төлем Ұлттық почта операторы — «Қазпочта» АҚ-ның орталық бөлiмшелерiнде Қазақстанның бес қаласында жүргiзiлуде. Эксимбанк салымшыларына 257 миллион теңге — мiндеттемелер сомасының 99%-ы төлендi.

Осы үш банктiң салымшыларына өтеу сомасының қалдығы мiндеттемелердiң бастапқы сомасының тек 3%-ын (1,5 миллиард теңге) құрағанына қарамастан, төлем алу үшiн 230 мыңнан астам адам (81%) хабарласқан жоқ. Өтiнiш бiлдiрмеген салымшылардың негiзгi бөлiгi — 220 мың адам — бұл «Астана Банкi» АҚ салымшылары.

Нәтижесiнде, сауалнама қорытындылары салымшылардың 19%-ы төлем алуға өтiнiш бiлдiргенiн көрсеттi, 19%-ы төлем мерзiмiнiң соңына дейiн өтiнiш бiлдiрудi жоспарлап отыр, салымшылардың қалған 62%-ы кепiлдiк берiлген өтем сомасын алуға өтiнiш бiлдiрудi жоспарлап отырған жоқ.

ҚДКБҚ қызметкерлерi «Қазақстан Эксимбанкi» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ-ның барлық салымшыларына қоңырау шалып, «Астана Банкi» АҚ барлық салымшыларына және ҚДКБҚ байланыс орталығы бiрнеше рет СМС-хабарламалар жiбердi, сондай-ақ агент-банк төлем туралы ақпараттандыру мақсатында «Астана Банкi» АҚ салымшыларының әрқайсысына қоңырау шалуды әлi де жалғастыруда.

Қазiргi уақытта, агент-банктер арқылы өтем төлеудiң аяқталуына бiрнеше ай қалғандықтан, ҚДКБҚ-ның агент-банкке әлi өтiнiш бiлдiрмеген салымшыларды, жеке тұлғаларға қызмет көрсететiн кез келген бөлiмшеге кез келген ыңғайлы күнi келiп өтiнiш беруге шақырады:

•24 маусымға дейiн — «Qazaq Banki» АҚ салымшылары «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ-на,

•26 шiлдеге дейiн — «Астана Банкi» АҚ салымшылары «Еуразиялық банк» АҚ-ға,

•4 тамызға дейiн — «Қазақстан Эксимбанкi» АҚ салымшылары «Қазпочта» АҚ-ға.

Таратылған банктердiң салымшыларына өтем төлеу салымшылардың өтiнiштерi бойынша жүргiзiледi. Ақша агент-банктерде қарастырылған және кез келген сәтте алуға қол жетiмдi. Агент-банк арқылы төлем мерзiмi аяқталғаннан кейiн өтемдi тiкелей ҚДКБҚ-дан алуға болады.

Депозит мөлшерi кепiлдiк берiлген сомадан (5/10/15 миллион теңге) асатын салымшылар — ал мұндай салымшылар таратылатын үш банк бойынша 2 мыңдай (салымшылардың жалпы санының 0,7%) — тарату комиссияларымен жүзеге асырылатын болады.

Банк кредиторлары әрбiр банктiң тарату жылдамдығын, тиiмдiлiгiн және кiрiстiлiгiн бақылай алады. Бұл бақылау кредиторлар комитетi арқылы iске асырылатын болады, онда әрбiр кезектегi ең iрi кредиторлар заңды және тұрақты негiзде қатысатын болады. Банк таратылған кезде ақша бiр кезектегi барлық кредиторлар арасында тепе-тең бөлiнетiндiктен, кредиторлардың барлық өкiлдерi тарату процесiнiң жылдамдығы мен тиiмдiлiгiне мүдделi. ҚДКБҚ сондай-ақ кредиторлар комитетiнiң құрамына кiредi және тарату процесiнiң барысы туралы хабардар ететiн болады.

Депозиттер бойынша кепiлдiк туралы және өтемдi төлеуге және тарату комиссиясының жұмыс тәртiбiне байланысты барлық мәселелер бойынша консультацияны колл-орталықтан алуға болады:

1460 call center

@KDIF_ASK Телеграм-чатында

•ҚДКҚ веб-сайтында www.kdif.kz


Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Қайта өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете қайта өңдеп өнiм шығаруы үшiн оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасына қатысу үшiн өтiнiмдердi «QOLDAU» ақпараттық субсидиялау жүйесi арқылы қабылдау басталғаны туралы хабарлайды (2019 ж. 1 желтоқсан (қоса алғанда).

Шикiзатты сатып алуды субсидиялау нормативi сары май өндiру үшiн — 35 теңге/килограмм, қатты iрiмшiк өндiру үшiн — 24 теңге/ килограмм.


 

«Жұмысты жаңа парақтан бастау»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына сәйкес, 2019 жылы шағын және орта бизнес үшiн салық амнистиясы басталды.

Шағын және орта бизнеске 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негiзгi берешегiн 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейiн өтеген жағдайда, өсiмпұл мен айыппұлдар сомасын есептен шығару қарастырылады.

Амнистия:

- мониторингiлеуге жататын iрi салық төлеушiлерге;

- жер қойнауын пайдаланушыларға (жерасты суларын, емдiк саздарды өндiруге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда);

- подакциздi өнiм өндiрушiлерiне таралмайды.

Амнистияға түсуi үшiн, салық төлеушiлерге ешқайда өтiнiш бiлдiрулерi қажет емес, себебi мемлекеттiк кiрiстер органдары жыл сайын негiзгi есепшоттардың ахуалына мониторинг жүргiзедi және 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмей негiзгi берешек төленген жағдайда, есептен шығаруға тиiстi шешiм шығарады.

Салық төлеушiлердiң «Салық төлеушiнiң кабинетi» веб-қосымшада негiзгi есепшоттан көшiрме ала отырып, негiзгi берешектiң сомасын және өсiмпұл көлемiн нақтылауына құқығы бар.

Сонымен қатар, амнистия салықтарды төлеу бойынша мерзiмiн ұзартуға бұған дейiн рұқсат алған немесе оңалту рәсiмiндегi салық төлеушiлерге де таралады. Егер де, мұндай салық төлеушiлер салық амнистиясын қолдануға ниет бiлдiрген жағдайда, өсiмпұл мен айыппұлдарды есептен шығару үшiн олар негiзгi бершектiң сомасын бюджетке мерзiмiнен бұрын төлеуi тиiс.

Байланыс мәлiметтерi: 8 (7162) 72-11-70
Ақмола облысы бойынша МКД борыштармен жұмыс жүргiзу басқармасы


 

1.Ақпараттық қауiпсiздiк комитетi жеке деректер сақталуын арттыру үшiн аса қажет болмаған жағдайда оларды Интернетке қол жетiмдiлiк нүктесi Wi-Fi жалпы қол жетiмдi құралдарымен жiбермеудi бұлтартпай ұсынады.

2.Ақпараттық қауiпсiздiк комитетi Интернетте қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезiнде Интернетке Wi-Fi ашық қол жетiмдiлiк нүктелерiне қосылмай, Сiздiң байланыс операторыңыз арқылы қосылуларды пайдалануды бұлтартпай ұсынады.

3.Ақпараттық қауiпсiздiк комитетi Интернетке қосылған құрылғыларды қорғау үшiн вирусқа қарсы бағдарламаны, веб-браузердi және операциялық жүйенi уақытылы жаңартуды бұлтартпай ұсынады.

4.Ақпараттық қауiпсiздiк комитетi Сiздiң балаларыңыздың Интернеттегi жеке ақпаратын қорғауды бұлтартпай ұсынады, сондай-ақ Интернетке қосылған құрылғыларда «Ата-аналар бақылауы» сервисiн қолдануға кеңес бередi.


 2017 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ақпарат және коммуникациялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасы «Байланыс туралы» Заңына ұялы байланыстың абоненттiк құрылғыларын тiркеу бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.

Өз кезегiнде, Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғыларын тiркеу қағидалары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрi мiндетiн атқарушының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығымен бекiтiлдi (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2018 жылғы 11 маусымда № 17028 болып тiркелдi).

Абонент үшiн ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысын тiркеу өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.

Ұялы байланыс операторының желiсiнде 2019 жылғы 1 қаңтарға дейiн қызмет көрсетiлетiн ұялы байланыстың абоненттiк құрылғылары оқшауланған жүйеде автоматты түрде тiркеледi және ұялы байланыстың абоненттiк құрылғылары сәйкестендiру кодтарының дерекқорына жiберiледi.

Қазақстан Республикасының аумағында роумингте тұрған, не машинааралық өзара iс-қимыл жасауға арналған ұялы байланыстың абоненттiк құрылғыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген, оның iшiнде Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желiлерiнде жұмыс iстейтiн ұялы байланыстың абоненттiк құрылғылары тiркеуге жатады.

Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысын тiркеу (қайта тiркеу) үшiн оның иеленушiсi мынадай:

1) ЖСН (жеке тұлға үшiн) немесе БСН (заңды тұлға үшiн);

2) ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру коды;

3) ұялы байланыстың тiркелетiн абоненттiк құрылғысында пайдаланылатын абоненттiк нөмiрлер туралы мәлiметтердi ұсынады.

Тiркеу (қайта тiркеу)және тiркеуден алып тастау мерзiмi

Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысын тiркеу (қайта тiркеу), сондай-ақ тiркеуден алып тастау рәсiмi келесi мерзiмдерде жүзеге асырылады:

1) жеке тұлғалар үшiн 4 жұмыс сағатқа дейiн;

2) заңды тұлғалар үшiн 8 жұмыс сағатқа дейiн.

Кәмелетке толмағандардың ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысын тiркеу

Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысын тiркеу олардың заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен жасалады.

Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) үшiн ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысын тiркеу олардың атынан заңды өкiлдерiмен жасалады.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұялы байланыс операторына мәлiметтерi ұялы байланыстың абоненттiк құрылғылары сәйкестендiру кодтарының дерекқорына енгiзiлмеген не ұялы байланыстың абоненттiк құрылғылары сәйкестендiру кодтарының дерекқорына енгiзiлген мәлiметтерге сәйкес келмейтiн ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерiн көрсетуiне тыйым салынады.

Абоненттiк құрылғыларды тiркеу әдiстерi:

1) «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2 и Алтел) операторы бойынша:

•оператордың абоненттерiмен ЖСН-дi көрсету арқылы 6914 нөмiрiне sms жiберу бойынша абоненттiк құрылғыны өздiгiнен тiркеу;

•*6914# USSD-командасын теру және ЖСН-дi енгiзу бойынша абоненттiк құрылғыны өздiгiнен тiркеу;

•қажеттi ақпартты сату және қызмет көрсету кеңселерiне беру арқылы;

абоненттiк нөмер бойынша тiркелген ұялы байланыстың абоненттiк құрылғыларын тексеру үшiн *6914# USSD-командасын теру қажет;

•http://imei.altel.kz немесе http://imei.tele2.kz интернет-ресурсында

ЖСН-дi жiберу арқылы абоненттiк құрылғыны өздiгiнен тiркеу;

•абоненттiк құрылғының дұрыс тiркелгендiгiн *835# командасы немесе Жеке кабинет арқылы тексеруге болады;

•абоненттiк құрылғыны тiркеу немесе тiркеуден алу үшiн абонентке Теле2 и Алтел байланыс кеңселерiне жүгiну қажет.

2) «Кар-Тел» ЖШС (Билайн) операторы бойынша:

•оператордың абоненттерiмен ЖСН-дi көрсету арқылы 6914 нөмiрiне sms жiберу бойынша абоненттiк құрылғыны өздiгiнен тiркеу;

•*6914# USSD-командасын теру және ЖСН-дi енгiзу бойынша абоненттiк құрылғыны өздiгiнен тiркеу;

•«Мой Beeline» мобильдi қосымшасы арқылы;

•6914 нөмiрiне қоңырау шалу арқылы (қоңырауларды қабылдау графигi — таңғы сағат 09:00-ден түңгi сағат 01:00-ге дейiн);

•QIWI төлем терминалдары арқылы;

•қажеттi ақпартты сату және қызмет көрсету кеңселерiне беру арқылы;

•пошташы немесе «Қазпочта» АҚ бөлiмдерiнде;

•Компанияның www.beeline.kz ресми сайтында.

3) «Кселл» АҚ (Актив и Кселл) операторы бойынша:

•оператордың абоненттерiмен ЖСН-дi көрсету арқылы 6006 нөмiрiне sms жiберу бойынша абоненттiк құрылғыны өздiгiнен тiркеу;

•*660# USSD-командасын теру және ЖСН-дi енгiзу бойынша абоненттiк құрылғыны өздiгiнен тiркеу;

•kcell.kz или active.kz сайтында жеке кабинент арқылы абоненттiк құрылғыны өздiгiнен тiркеу;

•қажеттi ақпартты сату және қызмет көрсету кеңселерiне беру арқылы.

 

Қоғамдық қабылдау

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетi Ақмола облысы бойынша департаментiнiң ТҮКШ қызметтерiн тұтынушыларымен керi байланысты қамтамасыз ету мақсатында, Департаментпен коммуналдық саланың проблемалық мәселелерi бойынша азаматтар үшiн қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды.

Осы мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау сағат 15:00-ден 18:00-ге дейiн ай сайын екiншi және төртiншi дүйсенбi күндерi Ақмола облысы, Көкшетау қ., Ш. Құдайбердиев к-сi, 27/3, 3-қабат, 6-кабинет мекенжайы бойынша өтедi.

Тегiн заң кеңесi

«MEDIATOR KZ» заң компаниясы 2018 жылғы 9 шiлдеден бастап 2019 жылғы 9 шiлде кезеңiнде «Тегiн заң кеңесi. Құқықтық сауаттылық» республикалық акция өткiзедi. Өтiнiш берушi компанияда азаматтық, жер, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зияткерлiк, әкiмшiлiк және қылмыстық құқық саласында қызметтердiң кең спекторын алуға құқылы.

Тегiн заң кеңесiне қабылдау 8 776 702 89 89, 8 701 870 98 89 телефондары бойынша алдын ала жазылу арқылы жүргiзiледi немесе компанияның www.pomogvsem.kzсайтында өз мәселесi туралы хабарлама қалдыру мүмкiндiгi бар.

«7-20-25» бағдарламасын сәттi iске қосу

Қазақстанда көптеген қазақстандықтар асыға күткен оқиға орын алды: ағымдағы жылдың 19 маусымында ҚР Ұлттық банкi «7–20–25» ипотекалық тұрғын үй несиесiн беру бағдарламасын бекiттi. Бұл — әр отбасы үшiн тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкiндiктерi. Ол Елбасының «Бес әлеуметтiк бастама» атты халыққа үндеуiнде атап өтiлгендей, «Әрбiр отбасына баспана алудың жаңа мүмкiндiктерiн беру» бiрiншi бастамасының мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн әзiрленген болатын. Бағдарламаның ипотекалық тұрғын үй қарыздарын берудiң негiзгi шарттарын, бағдарламаға қатысу үшiн қарыз алушыларға және банктерге өлшемдердi, банктердiң оператормен қатынасу тәртiбiн, сондай-ақ бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асыру үшiн заңнамалық актiлер деңгейiнде қолданылуы тиiстi шараларды айқындайтыны анық.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап ипотекалық қарыздардың берiлуi басталды, алғашқы 3 өтiнiм Көкшетау қ. «Банк Центр Кредит» АҚ қабылданды. Қаладағы басқа банктер бойынша түсiндерме жұмыстары жүргiзiлуде, өтiнiмдер қабылдау айдың соңына жоспарлануда.

Жүктеу (DOCX 435 Kb)

Халық үшін базалық цифрлық машықтануларға оқыту курстарын, кадрларды қайта дайындауды өткізу 

Елдi мекендердi тиiстi санитарлық тәртiпке келтiру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шiлдедегi кодексiне, Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегi № 5С-41-10 шешiмiмен бектiлген Жасыл көшеттердi күтiп-ұстау және қорғау, Ақмола облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумағын абаттандыру қағидаларына сәйкес, облыс әкiмi ағымдағы жылғы 9 сәуiрден бастап 9 мамыр аралығында жергiлiктi жерлерде елдi мекендердi санитарлық тазарту, абаттандыру, көгалдандыру бойынша айлық жариялауды тапсырды. Айлық iс-шараларының өту барысын бақылау бекiлуiне қарай облыстық басқармалардың және ведомстволардың басшыларына жүктеледi.

Ақмола облысының
энергетика және ТҮКШ
басқармасы
8 (7162) 29-80-18

Аңдатпа

Елбасының кiтапханасы мен қоры журналистерге арнап «Қазақстан Тәуелсiздiгi және Елбасы» конкурсын жариялайды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасының кiтапханасы мен Қоры Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын құрметпен атап өту мақсатында, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерi арасында «Қазақстан Тәуелсiздiгi және Елбасы» тақырыбы бойынша, алдағы тарихи оқиғаға арналған таңдаулы материалдарға ашық конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты — елдiң тәуелсiздiк жылдарындағы жетiстiктерiн көрсету, Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң негiзi ретiнде «Назарбаев моделiн», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.

Конкурс төрт номинация бойынша өткiзiледi:

  1. «Үздiк теледидар материалы»;
  2. «Үздiк радиоматериал»;
  3. «Газеттер мен журналдардағы үздiк мақала»;
  4. «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздiк жарияланым».

Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңiмпаздарға 1 миллион теңге мөлшерiнде ақшалай жүлде берiледi, ал екiншi және үшiншi орындар үшiн тиiсiнше — 500 мың және 200 мың теңге берiледi. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгiлер тапсырылады.

Конкурсқа кәсiпқой журналистер жеке де және ұжымдық негiзде де қатыса алады. Конкурсқа 2016 жылғы 1 маусымнан бастап 31 қазан мерзiмi бойынша мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ресми жарияланған (басылған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бiрегей материалдар қабылданады.

Конкурстың қорытындысын құрамына белгiлi журналистер, Қазақстанның көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерi енген Конкурс комиссиясы шығарады.

Жеңiмпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсiмi Тәуелсiздiк күнi қарсаңында өткiзiледi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер 2016 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде әкелiп беру тәртiбiмен немесе поштамен жөнелту арқылы мына мекен-жайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Еңбекшiлер көшесi, 10, 213-каб., «Қазақстан тәуелсiздiгi және Елбасы» конкурсына» деген белгiсiмен қабылданады (байланыс тел.: (7172) 69-30-57, 69-30-52, 69-30-50).

Конкурсты өткiзудiң шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz, www.presidentfoundation.kz/ сайттары арқылы танысуға болады.

Құрметтi Ақмола облысының тұрғындары!

2018 жылдың 23 ақпанында «Көкшетау» мәдениет сарайында облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң өңiрiмiздiң 2017 жылғы әлеуметтiк-экономикалык даму қорытындылары мен алдағы жылғы мiндеттер туралы кезектi есептiк кездесуi өтедi.

Ұсыныстар мен сын-ескертпелердi жинауға арналған жәшiктер өңiрiмiздiң барлық аудандары мен қалаларының әкiмдiктерiнде және облыс әкiмдiгiнде (Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83) орналасқандығын естерiңiзге саламыз.

Облыс басшысына сауалдарыңызды сондай-ақ, akim@akmo.kz электронды поштасымен жолдай аласыздар. Фэйсбук, инстаграм сияқты әлеуметтiк желiлер бойынша сұрақтарыңызды #вопросакимуМаликуМурзалину хэштегi бойынша және 8-7162 (29-72-43) телефоны арқылы да қоюларыңызға болады.

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Қайта өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете қайта өңдеп өнiм шығаруы үшiн оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасына қатысу үшiн өтiнiмдер қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды. Субсидия алу үшiн өтiнiмдердi қабылдау Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасында тоқсан сайынғы негiзде есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-на дейiн мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Көкшетау қ., Абай көшесi 89, 310-кабинет.

Террористiк актiлердi болдырмау жөнiндегi халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйiңiздiң кiреберiсiндегi, аулаларыңыздағы, көшедегi бөгде заттар мен адамдарды дер кезiнде өздерiңiз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүрiс-тұрысына, орынсыз жатқан иесiз мүлiктер мен заттарға көңiл аударыңыздар.

Үйлерiңiздiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiңiздер: кiреберiсте домофонымен темiр есiк орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есiктерiнiң ашық — жабықтығын тексерiңiздер.

Көлiктегi жолаушының күдiктi жүрiс-тұрысын көрiп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сiздер көлiкпен жүру қауiпсiздiгiн сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тiптi, өте қауiпсiз болса да, қандай да бiр сақтау немесе басқа бiреуге беру үшiн бiреудiң қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесiз) жерде күдiк тудыратын затты тауып алу сiздiң сақтығыңызды әлсiретуге тиiс емес. Қаскөй адам оны бiр нәрседен, бiреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкiн.

Тiптi, сiздiң жарылғыш құрылғыларын бiлетiн жеке тәжiрибеңiз болса да, онымен бiр нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздiгiнен жарылғыштар өте сезiмтал және әккi болып келедi.

Күдiк тудыратын затқа жақындамаңыздар, тiптi қол тигiзбеңiздер, бұл — өмiрлерiңiзге өте қауiптi.

Балаларыңызға қауiпсiздiк шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есiк ашуға, жерде жатқан иесiз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретiңiздер.

Субсидиялау бағдарламасына қатысу үшiн өтiнiмдер қабылдаудың басталғаны және құжаттарды қабылдау мерзiмi туралы хабарландыру

Ақмола облысының әкiмдiгi «Қайта өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете қайта өңдеп өнiм шығаруы үшiн оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасына қатысу үшiн өтiнiмдер қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды. Субсидия алу үшiн өтiнiмдердi қабылдау Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасында тоқсандық негiзде есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10 күнiне дейiн мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Көкшетау қ., Абай көшесi 89, 310 кабинет.

«100 нақты қадам»

Құрылған күні: 17.04.2015 11:23
Жаңартылған күні: 17.09.2019 10:12
Қаралым саны: 14740
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус