Азаматтарды қабылдау кестесі

Хабарландыру

Коронавирус инфекциясы таралауының тәуекелiн төмендету бойынша алдын алу және сақтандыру шараларының қабылдануына байланысты, Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың және оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдаулары уақытша тоқтатыла тұрады.

Бұған дейiн қабылдауға жазылған азаматтардың кезегi сақталады. Қабылдауды жандандыру туралы ақпарат барлық қол жетiмдi интернет-ресурстарда қосымша орналастырылатын болады. Халық «е-gov» электрондық үкiмет порталы, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ қызметi арқылы жазбаша түрде өтiнiш бiлдiре алатынын атап өтемiз.

Орын алған қолайсыздық үшiн кешiрiм сұраймыз, түсiнiстiкпен қарайтындарыңызға сенiмдiмiз.

Құрылған күні: 10.04.2015 12:39
Жаңартылған күні: 17.03.2020 10:18
Қаралым саны: 16245
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус