«Бір ел – бір тағдыр» форумы

27 ақпан күнi «Қоғамдық келiсiм» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай және Алғыс айту күнiне арналған «Бiр ел-бiр тағдыр» атты облыстық форум өттi.

Облыс әкiмi, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Е. Б. Маржықпаев өз сөзiнде Ассамблеяны құрудың бастамасында тұрған және қазақстанның бiрлiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауға үлес қосқан әрбiр адамның атын атап өттi.

Ақмола облыстық ассамблеясының қазiргi кезеңдегi қызметi туралы айта келе, облыс әкiмi «бұл күнделiктi қайтарымы бар, нәтижелi iстерде құрылған жұмыс болуы тиiс екендiгiн атап өттi. Облыстық Ассамблея бiздiң азаматтарымыздың, бизнес өкiлдерiнiң туған өлкенi дамытуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды, «Туған жер» жобаларын iске асыруға қатысуының лайықты мысалдарын көбейтiп таратуы керек. Оның жастарды жұмысқа орналастыру, ерiктiлер қозғалысын дамыту, қайырымдылықты iлгерiлету, жұмысшы жастар арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегi жұмысына оң баға бере отырып, облыс әкiмi iс-шараларды өткiзу формалары, «әрқайсысы азаматтардың идеялық бiрiгуiне, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, жалпыұлттық бiрлiктi нығайтуға қызмет етуi тиiс» дегенге назар аударды.

Одан кейiн облыстық Ассамблеяның белсендi мүшелерi марапатталды. Қиықов Мейрамбек, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесi, «Қазақ тiлi мен мәдениетi» ҚБ төрағасы Қазақстан Республикасының Президентi К. К. Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды, ал облыстық Аналар кеңесiнiң төрайымы Қиықова Зереге Ассамблеяның «Бiрлiк» алтын медалi табыс етiлдi. Облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен ҚХАА сәндiк-қолданбалы өнер шеберлерi одағының мүшесi Ементаева Үкiжан, «Үкiлiм-ай» қыздар клубының жетекшiсi Айтқожина Жанар, «Шаңырақ» тiлдердi оқыту мектебiнiң поляк тiлiнiң оқытушысы Крупельницкая Наталья марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесi Б. С. Жанәдiлов, Ақмола облыстық «Видергебурт» немiстер қоғамы ҚБ мүшесi Л. С. Хаврушина, ҚХАА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Әбутәлiпбов А. және т. б. сөз сөйлеушiлер Елбасы мен ҚР Президентi Қ. Тоқаевтың мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруда ұстанған бағыттарына қолдау бiлдiрiп, этносаралық келiсiмдi нығайтқаны, өскелең ұрпаққа төзiмдiлiк, достық пен Отанға деген сүйiспеншiлiк сезiмiн қалыптастырғаны үшiн қазақ халқына және этностарға алғыстарын бiлдiрдi. Iс-шара мерекелiк концертпен аяқталды.

Құрылған күні: 04.03.2020 18:45
Жаңартылған күні: 04.03.2020 18:45
Қаралым саны: 387
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус