Cтуденттік ассамблеялар фестивалі

26 ақпан күнi «Достар» МС Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын мерекелеу аясында Көкшетау қаласының жоғары оқу орындарының арасында студенттiк ассамблеялар фестивалi өткiзiлдi. Ұйымдастырушы — Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы.

Фестивалге Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң, Гуманитарлы-техникалық академияның, Көкшетау техникалық университетiнiң студенттерi қатысты. Бұл оқу орындарында студенттiк ортада этносаралық келiсiм мен толеранттылықты нығайту, демократиялық нормаларға сүйенетiн студенттердiң саяси-құқықтық мәдениетiн қалыптастыру үшiн қолайлы жағдай жасауға арналған Студенттiк Ассамблеялар құрылды және жұмыс iстеуде.

​​Iс-шараның мақсаты — жас азаматтардың белсендi өмiрлiк ұстанымдарын қалыптастыру, жастардың өзiндiк шығармашылығын дамыту, студенттер арасында достық және iскерлiк байланыстарды орнату.

Фестиваль көрермендерге көңiлдi тапқырлар клубының байқауын еске салды. Тек мұнда 7-10 адамнан тұратын командалар бес байқауға қатысты. Алдымен командалар өздерiн таныстырып, кейiн «Қазақстан халқы Ассамблеясы миниатюрада» атты театрлық қойылымын көрсеттi, «Интеллектуалдық викторина» сұрақтарына жауап бердi, «Егер мен этномәдени бiрлестiктiң жетекшiсi болсам …» капитандар сайысында жарысты және соңында тақырыптық музыкалық нөмiр көрсеттi.

Сайыстарда қатысушылар бiлiмдерiн, эрудициясын ғана емес, шығармашылық, музыкалық қабiлеттерiн, тапқырлығын, нағыз көңiлдi тапқырлар ретiндегi жоғары орындаушылық шеберлiктерiн көрсету керек болды. Дәл осы критерийлер бойынша қазылар алқасы командалардың өнерiн бағалады. Ал көрермен қауым әрбiр топқа ұрандата қолдау көрсеттi.

Қазылар алқасы командалардың сайыстарда үздiк өнер көрсетулерiн атап өттi.

Нәтижесiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi орындарды сәйкесiнше Көкшетау техникалық институты, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi және Ш. Уәлиханов атындағы КМУ командалары иелендi.

​Ақмола облысының әкiмi, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Гран-при жүлдесiн Гуманитарлық-техникалық академия командасы жеңiп алды.

​Барлық қатысушылар облыстық Ассамблеяның арнайы мүсiншелерiмен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Құрылған күні: 04.03.2020 18:46
Жаңартылған күні: 05.03.2020 13:44
Қаралым саны: 261
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус