Ақмола облысындағы Алғыс айту күні

Ақмола облысында Алғыс айту күнiн атап өтуге арналған iс-шаралар аясында түрлi форматтағы iс-шаралар өткiзiлдi (форум, фестиваль, дөңгелек үстел, халықтық мерекелер және т.б.).

Осылайша, 2020 жылдың 26 ақпан күнi «Достар» МҮ студенттiк ортада этносаралық келiсiм мен толеранттылықты нығайтуға,жастардың өзiндiк шығармашылығын дамытуға, студенттер арасында достық және iскерлiк байланыстарды орнатуға бағытталған Көкшетау қаласының жоғары оқу орындары арасында Студенттiк ассамблеялар фестивалi өттi. Шараға барлығы 400 адам қатысты.

А.ж. 28 ақпан күнi «Қоғамдық келiсiм» КММ «Бiр ел — бiр тағдыр» атты облыстық форум өттi. Форумға қатысушылар Елбасының және Қазақстан Республикасының Президентi К. К. Тоқаевтың қоғамдағы тұрақтылық пен этносаралық келiсiмдi сақтаудағы рөлiн атап өттi, барлық этностар мен қазақ халқына күнделiктi өмiрде өзара көмек пен қолдау көрсеткенi үшiн алғыстарын бiлдiрдi. Форумға 150 адам қатысты.

А. ж. 29 ақпанында «Қоғамдық келiсiм» КММ Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» ҚБ Алғыс айту күнiне арналған iс-шара өткiздi. Ақсақалдар кеңесi мен этномәдени бiрлестiк мүшелерi сталиндiк қуғын-сүргiн кезеңiнде қаза тапқандарды еске алып, қазақ халқына ауыр уақытқа қарамастан, мыңдаған шешен және ингуш отбасыларын қабылдағандары үшiн алғыстарын бiлдiрдi.

А. ж. 1 наурызында «Қоғамдық келiсiм» КММ этномәдени бiрлестiктер басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өттi. «Ақмола облысының поляктар бiрлестiгi» ҚБ төрағасы А. А. Суховецкий, «Санги Кабуд» тәжiк ұлттық-мәдени орталығының төрағасы У. Ф. Шоназаров және т. б. қазақстандық қоғамның құндылықтарын сақтау, жастардың бойында толеранттылық сезiмiн, Отанға деген достық пен сүйiспеншiлiктi тәрбиелеу туралы айтты.

Осы күнi Көкшетау қаласында қысты шығарып салуға арналған Масленица мерекесi аталып өттi, оған жалпы саны екi мыңнан астам адамды құраған, түрлi этностар өкiлдерi қатысты.

Өз сөздерiнде «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Г. В. Осиненко, Ақмола облысының орыс қауымы ҚБ төрағасы А. А. Артеменко, Чуваш этномәдени орталығы ҚБ төрайымы Е. И. Мащинская тұрғындарды Алғыс айту күнiмен құттықтап, Елбасының Тәуелсiздiктi нығайтып, елiмiздi мықты және гүлденген ел етудегi ұмтылыстары үшiн алғыстарын бiлдiрдi. Осындай iс-шаралар облыстың аудандары мен қалаларында өттi.

Алғыс айту күнiне арналған барлық iс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен көрiнiс тапты.

Құрылған күні: 05.03.2020 13:32
Жаңартылған күні: 05.03.2020 13:32
Қаралым саны: 259
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус