ҚХАА мүшелері соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып қайтты

Ұлы отан соғысындағы жеңiстiң 75 жылдығы қарсаңында «Бiз — Ұлы Жеңiстiң ұрпақтарымыз» атты еске алу эстафетасы бастау алған болатын.

Оның мақсаты — қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерлiктерiн есте сақтау және құрмет көрсету.

Осы акция аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелерi, «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ, «Чуваш этномәдени орталығы» ҚБ, «Бари» армян мәдени орталығы» ҚБ, «Санги Кабуд» тәжiк ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бiрлестiктерiнiң басшылары Александр Артеменко, Елена Мащинская, Норик Магломян және Умар Шоназаров Ұлы Отан соғысына қатысушылардың үйлерiне барып қайтты.

Кездесу барысында соғыс ардагерлерi Горбонос Василий Кондратьевич және Дериглазов Николай Яковлевич соғыс, еңбек қызметi туралы естелiктерiмен бөлiстi. Олардың әрқайсысы тоқсанға келсе де, бұрынғы соғыс туралы жақсы бiледi, қонақтармен өз тарихымен қуана бөлiсiп, оларға көңiлдерi мен қамқорлықтары үшiн алғыс айтты.

«Ардагерлер көбiнесе жастармен қарым-қатынас жасағысы келедi, өз тарихымен бөлiскiсi келедi. Мұндай кездесулер олардың әрқайсысында терең iз қалдырады, — деп облыстық ассамблеяның волонтерлiк қозғалысы орталығының жетекшiсi Умар Шоназаров мойындады. Бiз олардың әрқайсысына Жеңiс күнiне әскери китель тiгуге, дәрi-дәрмек сатып алуға көрсетуге уәде бердiк. Бiздiң ерiктiлер оларға қамқорлық жасайды», — деп атап өттi.

Кездесу барысында ҚХАА мүшелерi соғыс ардагерлерiне азық-түлiк себеттерi табысталды.

Құрылған күні: 17.03.2020 12:54
Жаңартылған күні: 17.03.2020 12:54
Қаралым саны: 120
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус