Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің саны мен құрамы

Облыс аумағында 52 этномәдени бiрлестiк тiркелген, оның iшiнде: орыс — 2, славян — 5, казак — 12, поляк — 6, немiс — 3, армян — 3, Әзiрбайжан — 3, еврей — 4, шешен-ингуш — 2, өзбек — 2, корей — 2, татар — 2, Түрiк — 1, Украин — 1, Чуваш — 1, курд — 1, ұйғыр — 1, тәжiк — 1.

Жыл сайын Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығын, рухани келiсiмiн сақтау мен нығайтуға байланысты елеулi жұмыстар жүргiзуде. Өңiрдiң әрбiр этносының өз мәдениетiн, салт-дәстүрiн және тiлiн сақтау мен дамытуға барлық жағдай жасалған.

Ақмола облысының этномәдени бiрлестiктерiнiң
құрамы

1. «Қазақ тiлi мен мәдениетi» ҚБ

2. «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ

3. «Ақмола облыстық «Видергебурт» немiстер қоғамы» ҚБ

4. «Ақмола облысының татар және башқұрт бiрлестiгi» ҚБ

5. Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» ҚБ

6. «Ақмола облысының поляктар бiрлестiгi» ҚБ

7. Ақмола облысының «Әзiрбайжан қауымдастығы» республикалық ҚБ филиалы

8. «Чинсон» корей мәдени орталығы» ҚБ

9. «Бари» армян мәдени орталығы» ҚБ

10. «Ақмола облысының өзбек ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ

11. «Ақмола облысының қазақ-түрiк мәдениетi мен достығын дамыту орталығы» ҚБ

12. «Чуваш этномәдени орталығы» ҚБ

13. «Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдени орталығы» ҚБ

14. «Қазақстанның орыс, славян және казак бiрлестiктерi қауымдастығы» ЗТБ Ақмола облыстық филиалы

15. Ақмола облысының «Санги-Кабуд» тәжiк ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ

1. «Қазақ тiлi мен мәдениетi» ҚБ

Төрағасы: Қиықов Мейрамбек Қиықұлы.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: мемлекеттiк тiлдiң дамуына, оның қолданылу аясын кеңейтуге жәрдемдесу, «Тiл туралы», «Мәдениет туралы» ҚР Заңдарының орындалуын бақылауға қатысу.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: облыстық және қалалық бiлiм, мәдениет және тiлдердi дамыту басқармаларымен, жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарымен, облыстың (аудандардың) мәдениет және спорт мекемелерiмен, дiни бiрлестiктермен бiрлесiп жастар, мектеп оқушылары мен мектепке дейiнгi балалар арасында мәдени-ағартушылық және тәрбие-адамгершiлiк жұмыстарын жүргiзу үшiн әрiптестiк байланыстарды ұйымдастыру.

2. «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ

Төрағасы: Артеменко Александр Александрович.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: қазақстандық патриотизмдi, жалпыұлттық келiсiм мен толеранттылықты қалыптастыру, дәстүрлердi, мәдениет пен тiлдi дамыту, нығайту және сақтау, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының барлық iс-шараларына қатысу. Бiрлестiк өңiрдегi этносаралық келiсiм мен бiрлiктi нығайтуға бағытталған көптеген iс-шаралардың бастамашысы және ұйымдастырушысы болып табылады, спортқа демеушiлiк, қаржылай қолдау көрсетедi.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: ұлтаралық келiсiм мен толеранттылықты дамыту, өңiрдегi дәстүрлердi, мәдениеттi, тiл мен бiрлiктi нығайту және сақтау.

3. «Чуваш этномәдени орталығы» ҚБ

Төрайымы: Мащинская Елена Ивановна.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: Қазақстанда тұратын чуваштар мәдениетiнiң, тiлiнiң, өзiндiк ерекшелiгiн және ұлттық дәстүрлердiң этномәдени құндылықтарын сақтауға жәрдемдесу; қайырымдылық жасау.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: Ақмола облысында тұратын чуваштар туралы мәлiметтер жинау; чуваш тiлiн үйрену және чуваш халқының мәдениетiн танымал ету; халықтың түрлi топтарына қайырымдылық көмек көрсету.

4.ОО «Ақмола облысының татар және башқұрт бiрлестiгi» ҚБ

Төрағасы: Сулькарнаев Рафаил Саитович.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: жалпыұлттық қатынастарды жетiлдiруге, облыста тұратын этностардың ұлттық мәдениетiн өзара байытуға жәрдемдесу; татар этносының тiлiн, мәдениетiн, тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн сақтау және дамыту бойынша мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, этностар арасындағы достықты сақтау, татар этносының тiлiн, мәдениетiн, салт-дәстүрлерiн және әдет-ғұрыптарын жаңғырту және дамыту.

5. «Чинсон» корей мәдени орталығы» ҚБ

Төрайымы: Лим Людмила Константиновна.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: Қазақстанның көпұлтты халқының құрамдас бөлiгi ретiнде корей этносының дамуы.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: ұлттық мәдениет пен дәстүрлердi дамыту, кәрiс тiлiн үйрену; экономикалық базаны құру және өңiрлiк кәрiс ұйымдарын дамыту; ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, жастар қозғалысын қолдау; этносаралық келiсiмдi нығайту және сақтау; халықаралық және мәдени байланыстарды орнату және дамыту.

6. «Ақмола облысының поляктар бiрлестiгi» ҚБ

Төрағасы: Суховецкий Александр Анатольевич.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: этносаралық қатынастарды нығайту, әр түрлi ұлт өкiлдерi арасындағы достық, өзара түсiнiстiкке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: поляктардың ана тiлiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерiн және мәдениетiн зерделеу, сақтау және насихаттау; поляк халқының тарихын зерделеу; поляк және Қазақстан тарихы мен мәдениетiнiң белгiлi бiр кезеңдерiне байланысты мерекелердi өткiзу; Қазақстанда да, Польшада да поляк тiлi мен поляк мәдениетiн үйрену бойынша балалар мен жастар бағдарламаларын ұйымдастыру және қатысу; облыс тұрғындарына консультативтiк-әдiстемелiк, қайырымдылық көмек көрсету.; бейбiтшiлiктi, достықты, ұлтаралық және конфессияаралық келiсiмдi сақтау iсiнде Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттау, өскелең ұрпақты толеранттылық, қазақстандық патриотизм, Отанға деген сүйiспеншiлiк рухында тәрбиелеу.

7. Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» ҚБ

Төрағасы: Яндиев Герихан Июрагимович.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: Қазақстан Республикасының этникалық топтары арасындағы достық пен сенiмдi нығайту; шешен және ингуш этностарының тiлiн, мәдениетi мен дәстүрлерiн сақтау және дамыту.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: бiрлестiк барлық қалалық және облыстық мәдени iс-шараларға белсендi қатысады, Қазақстан этностарының арасындағы өзара достық қатынастарды қалыптастыруға қатысады, өңiрлердегi шешен-ингуш бiрлестiктерiмен тығыз байланысты қолдайды.

8. «Ақмола облыстық «Видергебурт» немiстер қоғамы» ҚБ

Төрайымы: Корнеева Светлана Георгиевна.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: немiс халқының тiлiн, мәдениетiн, салт-дәстүрлерiн сақтау, дамыту, насихаттау, халықтың әлеуметтiк осал топтарын, еңбекшiлердi қолдау; мемлекеттiк және үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық жасау.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: түрлi көпшiлiк iс-шараларды ұйымдастырады, немiс ұлттық мерекелерi мен күндерiн, Қазақстан Республикасының мерекелерiн атап өтедi. Немiс тiлiн үйренудi ұйымдастырады, немiс суретшiлерiнiң, ақындардың, жазушылардың, композиторлардың және ғалымдардың шығармашылығын, әлемдiк мәдениет жетiстiктерiн насихаттаумен айналысады, шетел фирмаларымен бiрлескен кәсiпорындар құруға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдеседi, тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi қайырымдылық, медициналық-әлеуметтiк iс-шараларды жүзеге асырады.

9. «Ақмола облысының өзбек ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ

Төрайымы: Медетова Тожибуви Усмановна.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: Қазақстанда тұратын өзбектердiң этномәдени құндылықтары: өзбек мәдениетi, тiлi, өзiндiк ерекшелiгi және ұлттық дәстүрлерiн сақтау. Ардагерлер мен қоғамдық бiрлестiктiң әлеуметтiк жағынан осал мүшелерiне әлеуметтiк көмек көрсету, этностар арасындағы бейбiтшiлiк пен достықты нығайтуға жәрдемдесу.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: Қазақстан этностары арасындағы этносаралық қатынастар мен достықты нығайту; әлеуметтiк, этносаралық қақтығыстарды болдырмау; жұмысқа орналасуға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету, Қазақстанда тұратын әлеуметтiк қорғалмаған өзбектердi қолдау; облыста тұратын өзбектер туралы ақпарат жинау; Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарды орнату мен дамытуға жәрдемдесу; қайырымдылық жасау.

10. Ақмола облысының «Әзiрбайжан қауымдастығы» республикалық ҚБ филиалы

Төрағасы: Шихалиев Назим Абыоғлы.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: әзiрбайжан халқының тiлiн, салт-дәстүрiн, қолөнерiн жаңғырту мен сақтауға жәрдемдесу; этносаралық қатынастарды нығайту, мәдениеттi, дәстүрлердi, тiлдi сақтау; Қазақстан халқының игiлiгi жолындағы мiндеттердi iске асыруға қатысу және көмек көрсету; жас ұрпақты отаншылдық, Отанға деген сүйiспеншiлiк рухында тәрбиелеу.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: бiрлестiк өз қызметiнде қайырымдылыққа көп көңiл бөледi. Көкшетау қаласының әзiрбайжандары жаңа мешiттiң құрылысына өз үлестерiн қосты. Бiрлестiк қайырымдылықпен ғана емес, қоғамдық-саяси қызметпен де айналысады, облыс аудандарына дәрiстермен барады, бейбiтшiлiк пен ұлтаралық келiсiмдi сақтаудың маңыздылығын түсiндiредi.

11. «Ақмола облысының қазақ-түрiк мәдениетi мен достығын дамыту орталығы» ҚБ

Төрағасы: Экиджи Фатих

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: түрiк халқының мәдениетiн, дәстүрлерiн, тiлiн зерделеу және сақтау; этносаралық қатынастарды нығайту және дамыту.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: түрiк халқының көпғасырлық, күрделi және қайғылы тарихын, оның бай мәдениетiн, мерекелерi мен дәстүрлерiн зерделеу; жас ұрпақты Отанға деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу.

12. «Бари» армян мәдени орталығы» ҚБ

Төрағасы: Магламян Норик Ашотович.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: армян жастары арасында өзiндiк мәдениет пен дәстүрлердi сақтау және дамыту; Қазақстан халқының этникалық мәдениетiн жан-жақты өзара байытуға жәрдемдесу; Қазақстан мен Армения арасындағы жан-жақты мәдени байланыстарды дамыту.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: қазақстандық патриотизмдi, ұлтаралық келiсiм мен толеранттылықты қалыптастыру; армян этносының дәстүрлерiн, мәдениетi мен тiлiн дамыту, нығайту және сақтау; қайырымдылық қызмет жүргiзу.

13. «Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдени орталығы» ҚБ

Төрағасы: Погребицкий Владлен Владимирович.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: еврей халқының мәдениетiн, дәстүрлерiн, тiлiн зерделеу және сақтау; этносаралық қатынастарды нығайту және дамыту.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: еврей халқының көпғасырлық, күрделi және қайғылы тарихын, оның бай мәдениетiн, мерекелерi мен дәстүрлерiн зерделеу; жас ұрпақты Отанға деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу.

14. «Қазақстанның орыс, славян және казак бiрлестiктерi қауымдастығы» ЗТБ

Төрағасы: Осиненко Геннадий Вениаминович.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: казактардың дәстүрлерi мен мәдениетiн жаңғырту, тарихи мұраны сақтау мақсатында мәдени бұқаралық iс-шаралар өткiзу; этносаралық келiсiмдi нығайту; ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: этносаралық қатынастарды нығайту үшiн басқа да мәдени орталықтармен өзара iс-қимыл жасау; қайырымдылық және бiтiмгершiлiк қызметтi ұйымдастыру; қоғамды идеялық шоғырландыру тұжырымдамасын iске асыру; азаматтық келiсiм мен этносаралық қатынастарды нығайту.

15. «Санги-Кабуд» тәжiк ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ

Төрағасы: Шоназаров Умар Файзуддинович.

Қызметiнiң мақсаты мен мәнi: халықтар достығын, қоғамдағы ұлтаралық келiсiм мен тұрақтылықты нығайту және сақтау мақсатында азаматтарды ерiктi түрде бiрiктiру.

Қызметiнiң негiзгi бағыттары: қайырымдылық iс-шараларын өткiзу және тәжiк халқының салт-дәстүрлерiн, мәдениетiн сақтау, бiрлiк пен қоғамдық келiсiм мен қазақстандық патриотизмдi нығайту жөнiндегi одан әрi мақсатты жұмыс жүргiзу.

Құрылған күні: 09.01.2020 12:34
Жаңартылған күні: 09.01.2020 12:34
Қаралым саны: 495
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус