Кітапхана ісі

Ақмола облысының мемлекеттiк кiтапханалық жүйесi 370 кiтапхананы құрайды. Облыс бойынша модельдi кiтапханалар саны — 61, оның iшiнде 41 — ауылдық жерлерде. Облыстағы кiтап қоры — 4 903 762 дана. Оқырмандар саны — 133,332 адам, облыстық кiтапханаларға 933 912 адам келдi.

Ағымдағы жылдың I жартыжылдығында облыс кiтапханаларында 5 246 iс-шара ұйымдастырылып, оған 115 450 адам қатысты. М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК 107 iс-шара ұйымдастырылып, оған 8 640 адам қатысты.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттiк бағдарламасын көпшiлiкке насихаттау мақсатында облыстық және жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен жастарға арналған диалог алаңын құру, оларды киелi география бойынша шыққан жаңа басылымдармен, әдебиет жаңалықтарымен таныстыру, қазақ тiлiнiң латын графикасына көшуiн насихаттау және Ақмола облысында шығарылған фильмдердi көрсету үшiн «Рухани жаңғыру» залдарын ашу тәжiрибесi жалғасуда. Облыстың бес кiтапханасында, атап айтсақ: М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасында «Рухани жаңғыру» жобалық залы ашылды, Ақкөл, Бұланды ОАК «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесi, Целиноград, Бiржан сал ОАК «Рухани жаңғыру» бұрыштары ашылды.

Шағын баспа орталығы бар «Цифрлы зертхана» жобасы iске қосылды. Қазiргi уақытта жобаны iске асыру шеңберiнде лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi: серверлiк және клиенттiк лицензияларды сатып алу бойынша Петропавл қ. «Интеграл» ЖШС-мен шарт жасалды. Бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Мәдениет объектiлерiн цифрландыру шеңберiнде облыстық кiтапхананың ғимаратында Көкшетау қаласының кез-келген тұрғыны мен қонағына қажеттi байланыс ақпараттарынан, жұмыстың басым бағыттарынан, тарих бойынша ақпараттардан тұратын QR-коды орналастырылды. Аталмыш жоба Көкшетау қаласының оқу орындары арасында (кафедралар, оқу бөлмелерi рәсiмделедi) өз таралуына ие болды. Әдебиеттi таңдау және QR-кодтарды беру АОӘҒК-де жүзеге асырылады.

Облыстық кiтапханада әлеуметтiк желiлер мен сайттардың пайдаланушыларын «Тұлға», «Туған өлке», «Жас таланттар», «Кiтаптар» бөлiмдерi шеңберiнде Ақмола облысының көрнектi жерлерiмен, танымал тұлғаларымен, жазушылары және ақындарымен,туған өлкенiң аңыздарымен қоса «Magjan.kz» тарихи-әдеби порталы өз жұмысын жалғастыруда.

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кiтапханада «Арманымның ақ құсы» ақындар сайысы (мүшәйра) өткiзiлдi. Мамыр айында «Рухани қазына — 2019» мәдениет және өнер саласы қызметкерлерiнiң республикалық фестивалi шеңберiнде республика бойынша аудандық маңызы бар «Ең үздiк кiтапханашы» номинациясымен және 500 000 теңге сертификатымен Зерендi ОКЖ кiтапханашысы Ғабдулманова Гәкку Жанғазықызы, Ұлттық академиялық кiтапханадан ерекше номинациямен және планшетпен Аршалы ауданы Берсуат ауылдық кiтапханасының кiтапханашысы Дектярева Елена Владимировна марапатталды. Ал Виктория Манукян, Атбасар ауданының «Маленькая Фея» театр-студиясының жетекшiсi «аудандық мәдениет үйiнiң үздiк қызметкерi» номинациясы бойынша марапатталды.

Құрылған күні: 25.07.2019 14:54
Жаңартылған күні: 25.07.2019 14:59
Қаралым саны: 4443
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус