Талдамалық жазба

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылға арналған Меморандумы 20 жоспарлы мәндi қамтитын 16 түйiндi нысаналы индикатордан тұрады.

2020 жылғы 7 ақпандағы жағдай бойынша келесi ақпарат бар: 14 жоспарлы мәнге қол жеткiзiлген, 1 — қол жеткiзiлмеген, 5 — статистикалық деректер жарияланған жоқ, алдын ала деректер қолданылған.

1. Жергiлiктi бюджетке салықтық және салықтық емес түсiмдердiң өсуi — жоспар 106,7 %-ан 100,5 % дейiн түзетiлетiн болса, нақты 102,6 % құрды. Қол жеткiзiлген.

Жоспар, акциз бойынша түсiмдердiң азаюын ескере отырып, 100,5 % дейiн түзетiлген. Салықтық және салықтық емес түсiмдердiң нақты 102,6 % өсу қарқыны «Алиби» компания тобына кiретiн ауыл шаруашылық кәсiпорындарынан (банкроттық) бiр жолғы мемлекеттiк баж салығы түсiмдерi есебiнен құрастырылған.

2. Негiзгi капиталға салынған инвестициялардың атаулы өсуi (мемлекеттiк бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) — жоспар 105,5 % болса, нақты 129,5 % құрды. Қол жеткiзiлген.

Өсуi «ЦАТЭК GREEN ENERGY» ЖШС (жел паркi), «Урожай» ЖШС (жарма өндiретiн зауыт), «Mining Chemical Company» ЖШС (эмульсиялық матрица және жарылғыш заттардың құрамдауыштарын өндiретiн зауыт), «Kaz Beef Processing» ЖШС (ет комбинатын реконструкциялау), «Агример Астық» ЖШС (жарма өндiретiн зауыт) инвестициялық жобалары мен «Altyntau Kokshetau» АҚ, «Қазақалтын «ТКМК» АҚ және т.б. жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың инвестициялар салу есебiнен қамтамасыз етiлдi.

3. Құрылған жұмыс орындарының саны — жоспар 6159 орын болса, нақты 8010 орын құрды. Қол жеткiзiлген.

Асыра орындалуы мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру барысында жүргiзiлген iс-шаралармен байланысты.

4. Аналар өлiм-жiтiмi 100 мың тiрi туылғандарға шаққанда — жоспар 9,0 бiрлiк болса, нақты 8,19 бiрлiк құрды. Қол жеткiзiлген.

1 ана өлiмi оқиғаcы тiркелген. Жүктi әйелдердi тұрақты бақылау және мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар отбасын жоспарлау бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде.

5. Нәресте өлiм-жiтiмi 1 мың тiрi туылғандарға шаққанда — жоспар 7,3 бiрлiк болса, нақты 7,0 бiрлiк құрды. Қол жеткiзiлген.

Аналар мен нәресте өлiм-жiтiмiн қысқарту бойынша жоспар iске асырылуда. Аналар мен нәресте өлiм-жiтiмi көрсеткiштерiне қол жеткiзу бойынша жауапкершiлiк медициналық ұйымдардың бiрiншi басшыларының еңбек келiсiмдерiне енгiзiлдi.

6. 3-6 жастағы балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамту — жоспар 100 % болса, нақты 100 % құрды. Қол жеткiзiлген. Мектепке дейiнгi 13 мекеме ашылуы және қолданыстағы 8 мекеменiң кеңейтуi есебiнен 1475 орын құрылды.

7. Пайдалануға берiлген тұрғын үйлердiң жалпы ауданы — жоспар 501,9 мың шаршы метр болса, нақты 534,1 мың шаршы метр құрды. Қол жеткiзiлген. Облыс халқының тұрғын үйдi енгiзу көлемi 338,2 мың шаршы метрге дейiн 25,3%-ға ұлғайды.

8. Қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамассыз ету үлесi — жоспар 92,2 % болса, нақты 97,8 % құрды. Қол жеткiзiлген. Бурабай ауданының Щучинск қаласында сумен жабдықтау жобасының iске асырылуы.

9. Қалаларда орталықтандырылған су бұрумен жабдықтауды қамтамассыз ету үлесi — жоспар 61 % болса, нақты 61 % құрды. Қол жеткiзiлген.

10. Ауылдық елдi мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамассыз ету үлесi — жоспар 60,1 % болса, нақты 60,7 % құрды. Қол жеткiзiлмеген.

2019 жылы орталықтандырылған сумен 3 ауыл қамтылған, оның iшiнде Аршалы ауданында Қостомар с., Атбасар ауданында Сепе а., Жарқайың ауданында Бiрсуат с. Облыста халқы сирек 11 ауылды жою арқылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейi 60,7 % жеттi.

11. Ауылдық елдi мекендерде орталықтандырылған су бұрумен жабдықтауды қамтамассыз ету үлесi — жоспар 4,4 % болса, нақты 4,7 % құрды. Қол жеткiзiлген.

12. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесi — жоспар 71,3 % болса, нақты 74,3 % құрды. Қол жеткiзiлген. 2019 жылы 230 км жергiлiктi маңызы бар жолдар жөнделген.

13. 10 мың халыққа шаққандағы қылмыстылық деңгейi — жоспар 171 бiрлiк болса, нақты 155 бiрлiк құрды. Қол жеткiзiлген.

Республикалық және облыстық жедел-профилактикалық iс-шараларының өткiзiлуi, полицияның саптық бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық базасының күшейюi, сыртқы бақалау бейнекамералары орнатылуы, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет.

14. 100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлiк оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету — жоспар 13,0 бiрлiк болса, нақты 8,7 бiрлiк құрды. Қол жеткiзiлген.

Жоғарыда баяндалған республикалық және облыстық жедел-профилактикалық iс-шаралары өткiзiлдi

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 540 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 706 бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген мақсаттарға қол жеткiзу тиiмдiлiгiн бағалау бойынша әдiстеменiң 21 тармағына сәйкес жол-көлiк оқиғаларында қаза тапқандар санының 100 адамға азаюы көрсеткiшiнiң артығымен орындалуы бойынша айыппұл балдары ескерiлмейдi.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 1 жоспарлы мән орындалмаған.

1. Жалпы өлiм-жiтiм 1 мың тұрғынға шаққанда– жоспар 9,93 бiрлiк болса, нақты 9,96 бiрлiк құрды. Қол жеткiзiлмеген.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсандағы алдын ала деректерi бойынша қатерлi өскiндерден (2019 жыл — 845 адам, 2018 жыл — 794 адам), тұмау, ТЖАА мен өкпенiң қабынуынан (2019 жыл — 219 адам, 2018 жыл — 178 адам), инфекциялық және паразитарлы аурулардан (2019 жыл — 56 адам, 2018 жыл — 43 адам) өлiм-жiтiм көбейген. Осымен бiрге 2018 жылмен салыстырғанда өлу себептерiнiң негiзгi жiктелiмiне қарай өлiм-жiтiмнiң төмендеуi байқалады. Скрининг бағдарламасының iске асырылуы жалғасуда.

Жоғарыда көрсетiлген меморандумның түйiндi нысаналы индикаторына қол жеткiзiлмеу жағдайы елдiң, өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына жағымсыз әсер еткен жоқ.

5 индикатор бойынша есептi 2019 жылдың статистикалық деректер жарияланған жоқ.

1. Жалпы өңiрлiк өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi — жоспар 103,4 % болса, 2019 жылғы нақты жарияланған жоқ (2019 жылғы 3 тоқсандағы нақты — 106,0 %).

2. Шикiзат емес экспорт көлемiнiң өсуi — жоспар 107,9% болса, 2019 жылғы нақты жарияланған жоқ, (2019 жылғы қаңтар-қарашадағы нақты көрсеткiш — 108,5 %).

3. Шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң өнiм шығарылымының нақты көлем индексi — жоспар 102,9 % болса, 2019 жылғы нақты жарияланған жоқ (2019 жылғы 3 тоқсандағы нақты — 103,1 %).

4. Шағын және орта бизнестiң жалпы қосылған құны — жоспар 411,2 млрд. теңге болса, 2019 жылғы нақты жарияланған жоқ (2019 жылғы 3 тоқсандағы нақты — 337,0 млрд. теңге).

5. Жұмыссыздықтың қысқартылуы — жоспар 4,8 % болса, 2019 жылғы нақты жарияланған жоқ (2019 жылғы 3 тоқсандағы нақты — 4,7 %).

Құрылған күні: 03.03.2020 11:04
Жаңартылған күні: 03.03.2020 11:04
Қаралым саны: 231
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус