Талдамалық жазба

Бағдарламалық құжаттың деректемелерi:

Аталуы: Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi — Бағдарлама)

Құжаттың қабылдау күнi және нөмiрi: 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №5С-43-6 Ақмола облысы мәслихаты сессиясының шешiмi, 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №6С-40-7 шешiмiмен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.

Әзiрлеушi орган: Ақмола облысының әкiмдiгi.

Құжаттың жүзеге асырылу мерзiмдерi : 2016-2020 жылдары, соның iшiнде кезеңдер бойынша — 1 кезең — аралық — 2016-2018 жылдары; 2 кезең — қорытынды — 2019-2020 жылдары.

1) Жүргiзiлген талдаудың қорытындылары

Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасында 18 мақсат, 45 нысаналы индикатор көзделген, соның iшiнде 53 жоспарлы мәнi көзделген, олардан 2019 жылдың қортындысы бойынша (2019 жылдың 28 ақпандағы жай-күйi бойынша) нысаналы индикаторларының 24 жоспарлы мәндерiне қол жеткiзiлгенi белгiлендi, 20 жоспарлы мәндерi бойынша статистикалық мәлiметтер жарияланған жоқ, 9 нысаналы индикаторға қол жеткiзiлген жоқ.

Соның iшiнде «Экономикалық даму» 1 бағыты бойынша 2019 жылға 7 мақсат, 19 нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерi көзделген. Нысаналы индикаторлардың 3 жоспарлы мәндерiне қол жеткiзiлдi.

«Әлеуметтiк сала» 2 бағыты бойынша 6 мақсат, 21 нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерi көзделген. Нысаналы индикаторлардың 9 жоспарлы мәндерiне қол жеткiзiлдi.

«Қоғамдық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiп» 3 бағыты бойынша 1 мақсат, 3 нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерi көзделген. Нысаналы индикаторлардың 3 жоспарлы мәндерiне қол жеткiзiлдi.

«Инфрақұрылым» 4 бағыты бойынша 2 мақсат, 7 нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерi көзделген. Нысаналы индикаторлардың 6 жоспарлы мәндерiне қол жеткiзiлдi.

«Экология және жер ресурстары» 5 бағыты бойынша 1 мақсат, 2 нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерi көзделген. Нысаналы индикаторлардың 2 жоспарлы мәндерiне қол жеткiзiлдi.

«Мемлекеттiк қызметтер» 6 бағыты бойынша 1 мақсат, 1 нысаналы индикаторы көзделген. Нысаналы индикатордың жоспарлы мәнiне қол жеткiзiлген.

2) Соңғы нәтижеге ықпал еткен орындамаудың себептерi мен нақтыорлары

Нысаналы индикаторлардың 9 жоспарлы мәндерiне қол жеткiзiлген жоқ, соның iшiнде:

1. «Өңдеу өнеркәсiбi өнiмi шығарылымының нақты көлемiнiң индексi» НИ, жоспар бойынша 103,5%, нақты — 101,1.

«Altyntau Kokshetau» АҚ (облыстың НКИ — дегi шығындар — 17,8 млрд. теңге). Құрамында таза алтын бар Доре қорытпасының шығарылуына байланысты (бiрақ өнiмнiң құрғақ салмағы аз).

«КЗ Вектор» ЖШС (облыстың НКИ — дегi шығындар — 4,2 млрд. теңге). Jysan Bank (бұрынғы Цесна Банк) қайта құрылымдауынан туындаған комбайндарды құрастыру үшiн жинақтаушыларды сатып алуға айналым қаражатының болмауына байланысты кәсiпорын жылдық өндiрiстiк жоспарды (380 бiрлiк) орындамаған.

«Astana Nan Chemicals» ЖШС (облыстың НКИ — дегi шығындар — 6,7 млрд.теңге). «Өсiмдiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi №331 Заңына (14-6-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген өсiмдiктердi қорғау құралдарын өндiруге тыйым салынады, бұл «Astana Nan Chemicals» ЖШС Ресей Федерациясына өнiмдi экспорттау мүмкiндiгiн шектейдi.

2. «2016 жылға қарай негiзгi капиталға инвестиция жұмсау» НИ, жоспар бойынша 124,5%, нақты — 124,3. Алдын ала деректер. 2018 жылғы төмен НКИ — 99,2%.

3. «Жыл басына урбандалу деңгейi» НИ, жоспар бойынша — 47,9%, нақты — 47,3. Халықтың көшi-қоны.

4. «PISA тестiсiнiң нәтижелерi бойынша мектептегi бiлiм берудiң сапасын бағалау: математика бойынша» НИ, жоспар бойынша 442 балла, нақты — 411.

5. «PISA тестiсiнiң нәтижелерi бойынша мектептегi бiлiм берудiң сапасын бағалау: оқу бойынша» НИ, жоспар бойынша 431 балл, нақты 395.

6. «PISA тестiсiнiң нәтижелерi бойынша мектептегi бiлiм берудiң сапасын бағалау: ғылым бойынша» НИ, жоспар бойынша 451 балл, нақты — 401.

Облыста PISA халықаралық зерттеуi 2018 жылдың 2-27 сәуiр аралығында өткiзiлдi, оған 43 мектеп қатысты, PISA халықаралық зерттеуiне қатысу үшiн мектептердi iрiктеу компьютердi ықтимал (кездейсоқ) iрiктеумен жүзеге асырылады.

7. «Жұмыс iстеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны» НИ, жоспар бойынша 0/10 ед., нақты — 1/10.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыста үш ауысымда оқытатын 10 мектеп жұмыс iстедi. 2020 жылы 2820 орындық 4 мектептiң және Көкшетау қаласының мектептерiне 1320 орындық 3 қосымша оқу корпусының құрылысы жүргiзiлуде. Аршалы ауданы Жiбек жолы ауылында 300 орындық мектеп және Көкшетау қаласының №4 ОМ 360 орындық 1 қосымша оқу корпусының құрылысы басталады. Целиноград ауданы Шұбар ауылында 300 орындық мектеп құрылысы бойынша ЖСҚ әзiрленуде. 2020-2021 жылдары Нұр-Сұлтан шетiндегi Әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту шеңберiнде Целиноград ауданының Қосшы ауылында 1200 орындық тағы 1 мектеп салу жоспарлануда.

Оқу жылының басында Бiржан Сал ауданының Бұланды мектебi ғимаратының апаттылығы анықталды. Оқушылар контингентi шамамен 60 баланы құрайды. Аудан әкiмдiгi Бiржан Сал жаңа мектептiң құрылысына жобалық-сметалық құжаттарын әзiрлеуге 10,0 млн.теңге бөлдi.

8. «Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етiлуi, 1000 адамға арналған спорттық алаңдар саны» НИ, жоспар бойынша 56,4%, нақты — 55,8. Ерейментау ауданында мердiгердiң мiндеттемелерiн орындамауына байланысты дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы аяқталмаған.

9. «Бiр адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету» НИ, жоспар бойынша 22,8 кв. м., нақты — 22,7. Тұрғын үймен қамтамасыз етуi тұрғындардың тiркелуi бойынша өседi.

Жоғарыда көрсетiлген нысаналы индикаторлардың 9 жоспарлы мәндерiнiң орындалмауы облыс тұрғындарының жоғары даму деңгейi бар елдi мекендер бағыты бойынша көшi-қон қозғалысына ықпал еттi.

Құрылған күні: 03.03.2020 10:31
Жаңартылған күні: 03.03.2020 10:31
Қаралым саны: 240
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус