Жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі жедел штаптың отырысы

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен жол қозғалысын ұйымдастыру жөнiндегi жедел штаптың отырысы өткiзiлдi.

«Жалтырдан Макинскiге дейiн, Аршалы — Ерейментау және басқа жолдарды тазартып астанадан Көкшетауға дейiн баламалы автокөлiк қозғалысын қамтамасыз етуiмiз керек. Автокөлiк қозғалысы жабылуымен қатар, елдi мекендердi электрмен жабдықтау кiдiрiстерi де тiркелген. 30-ға жуық кiшi станциялар шектеулi тоқпен жұмыс iстеп тұр немесе мүлде тоқсыз (ал бұл облысты энергиямен қамсыздандырудың бестен бiр бөлiгi). Халықты, әсiресе шағын ауылдарда, азық-түлiкпен қамтамасыз ету бойынша проблемалар бар», — дедi облыс әкiмi.

ТЖ дағдарыстық орталығында жедел штаб құрылды, оның құрамына барлық мүдделi органдардың өкiлдерi енгiзiлдi. Олардың әрқайсысы қолданылып жатқан шаралар туралы есеп бердi.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Асқар Мұратұлының ақпараты бойынша, қар астында қалған автокөлiктердi шығарып алу үшiн барлық мүмкiндiктер қолданылуда.

Айта кетейiк, ауа райы қолайсыз кезде жолда қалған адамдар жылыту пункттерiне жеткiзiлген, олардың өмiрлерi мен денсаулықтарына қауiп жоқ. Жол қызметтерi жолда қалдырылған малшиналарға жолдарды аршып иелерiн автокөлiктерiне жеткiзуде. Өңiрлердiң әкiмдiктерi электрмен жабдықтауды қалпына келтiру үшiн кең көлемдi жұмыстар жүргiзуде. Басты мiндет — жөндеу бригадаларын апат орындарына жеткiзу. Боранда және көрiнiстiң шектелуiнде бұл өте қиын жұмыс.

«Hұp-Сұлтан — Щучинск жолы қармен бекiтiлiп қалған, оны тазарту үшiн көп уақыт қажет, қазiр Жалтыр ауылы арқылы баламалы маршрут салып жатырмыз», — дедi Асқар Мұратұлы.

Облыстық ТЖ департаментi басшысының орынбасары Қанат Доспаевтың мәлiметi бойынша, автотрассаның 10 учаскесiнде алты ауданда 600 автомобиль қар астында қалды. «Көш басында» Целиноград ауданы — 419 көлiк құралы, 130 автомобиль Ерейментау ауданында жолда тұр, Аршалы және Шортандыда 30-дан, Қорғалжында — 20 шақты. Жол қызметтерiнiң, ТЖ органдарының бiрлескен күштерiмен қар тұтқынынан 225 автомобиль босатылды, 377 адам (соның iшiнде 42 бала) алты жылыту пункттерiне жеткiзiлдi.

Өңiр басшысы Ермека Маржықпаевтың неге осынша көлiк қолайсыз ауа райында жолда болды деген сұрағына, Қанат Доспаев: «ТЖ органдары ауа райының қолайсыздығы туралы бiрнеше рет ескерткен, жолдың жабықтығы туралы мүмкiн болған барлық құралдар арқылы, соның iшiнде интернет және SMS-хабарламалар арқылы хабарланған. Бiрақ жүргiзушiлер дауыл туралы ескертулердi елемей, өз өмiрлерiн қатерге тiгiп жолға шығады», деп жауап бердi.

Облыс әкiмi пәрмендi iс-қимылдар жасауды талап еттi.

«Жол жабық болса, барлығы үшiн жабық. Егер тәуекелшiл жүргiзушiлердi тоқтата алмасаңыңыздар, жүк көлiгiн көлденең қойыңыздар — кез келген ескертуден артық», — дедi Ермек Маржықпаев.

Электрмен жабдықтауға қатысты жағдай туралы анықырақ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченко баяндады. Демалыс күндерi елдi мекендердi апаттық ажыратулар орын алды, бұл негiзiнен АЭТК қызмет көрсететiн оңтүстiк бағыттар. Жөндеу бригадалары қар үстiне дейiн басып қалған кiшi подстанцияларда жұмыс iстеп жатыр, ал тазалау тек қолмен ғана жүргiзiледi. Трансформаторлық подстанциялардағы апаттарды жою үшiн кем дегенде екi күн қажет.

«Электрмен жабдықтауды қалпына келтiруге өте мұқият болуымыз керек. Ол жай ғана жарықтандыру емес, қазандық жабдықтарының, сумен жабдықтау жүйесiнiң жұмысы. Аудан әкiмдiктерiмен бiрлесiп барынша шұғыл iстеулерiңiздi талап етемiн», — дедi облыс әкiмi.

Бiлiм басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Валерий Гамазов барлық аудандар мен қалаларда (Көкшетау қ. басқа) ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-11 сыныптарда сабақтар тоқтатылғанын хабарлады. Мектептерде өмiр сүрудi қамтамасыз ету жүйелерiнiң жұмысы тоқтаусыз жүргiзiлуде.

Халықтың арасында үсiкке шалынғандар тiркелген жоқ, боранда ешкiм адасқан жоқ. Медицина мекемелерi штаттық режимде жұмыс iстеп тұр, бiрақ дәрiгерлер босанатындарға жете алмауы фактiлерi орын алды. Оларға ауылдық ФАП медицина қызметкерлерi көмек көрсетуде.

Азық-түлiкпен қамтамасыз етуге қатысты. Облыс әкiмiнiң орынбасары Марат Иғалиев нан және басқа да ең қажеттi өнiмдер елдi мекендердi қар басып қалғанға дейiн жеткiзiлгенiн баяндады.

Естерiңiзге сала кетейiк, қатты жел, қар мен боран өткен демалыс күндерi Ақмола облысында автокөлiк қозғалысын барлық бағыттарда тоқтатқан. Аудан орталықтарындағы жылыту пункттерi қар басып қалған автомобильдерден көшiрiлген жүздеген адамдарды қабылдады. Облыстың жолдарында әлi де көптеген техника қалып отыр. Hұp-Сұлтан — Көкшетау авто жолында жағдай әлi де қиын болып тұр: жексенбi күнi 300-ге жуық автомобиль көшiрiлдi, тағы 150 қар құрсауында. Алматы — Екатеринбург трассасы учаскесiнде және астана маңында да осындай жағдай.

Құрылған күні: 27.01.2020
Қаралым саны: 2579
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус