Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Облыс әкімдігінде көшелерді жарықтандыруды жаңғырту мәселелері талқыланды

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Көкшетау қаласы, Зерендi және Бурабай аудандары әкiмдерiнiң, энергетика және ТҮКШ, экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармалары басшыларының, Ақмола облысы бойынша МЖӘ өңiрлiк орталықтары және «Атбасар Технопарк» ЖШС светодиодтық өнiмдерiн жергiлiктi өндiрушiлер өкiлдерiнiң қатысуымен кеңес өткiзiлдi.

Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Иван Юрченко мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шеңберiнде кәдiңгi ДРЛ шамдарын отандық өндiрушiлердiң заманауи энергия үнемдегiш ЛЭД-шамдарына ауыстыруды ұсынды.

Атап айтқанда, Көкшетау қаласы бойынша 4 мың, Бурабай және Зерендi аудандары бойынша 800-ден аса ДРЛ шамдардарды ауыстыру қажет.

МЖӘ шеңберiнде «Атбасар Технопарк» ЖШС шамдарды ауыстыру және оларға кепiлдi қызмет көрсетудi өз мiндетiне алады, бұл жағдайда бюджеттiк қаржының үнемделуi Көкшетау қаласы бойынша ғана 23 млн. теңге шамасында құрайды.

Облыс әкiмi осы мәселенi егжей-тегжейлi зерделеудi және аталған елдi мекендерде пилоттық жобаны жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастыруды тапсырды.

Құрылған күні: 09.10.2019
Қаралым саны: 218