Ақмола облысының мектептерінде экологиялық сағат басталды

Бүгiн облыс әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясында экологиялық сағат өткiздi.

Аймақ басшысының мектеп оқушыларымен диалогы табиғатқа, туған өлкеге ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды сақтау, өсiмдiктер мен жануарлар әлемiн, су ресурстарын сақтау, экологиялық демалысты дамыту мәселелерiн талқылаудан басталды.

«Сiздер — бiздiң балаларымыз, туған өлкеге патриоттық және ұқыпты қарау үлгiсiн көрсетулерiң керек, өйткенi Жер — бiздiң ортақ үйiмiз және қолда бар байлықты сақтау және көбейту өте маңызды. Жердi, табиғатты, экологияны. Қазiргi уақытта экологиялық мәселелер туралы ойланып қана қоймай, табиғи ресурстарды сақтау, сау экологиялық әдеттердi, экологиялық демалысты дамыту бойынша практикалық қадамдар жасау», — деп атап өттi Ермек Маржықпаев.

Экологиялық сабақта облыс әкiмi оқушылардың назарын елiмiздiң Тұңғыш Президентi бастамашылық еткен Астана айналасында жасыл белдеудi құру жөнiндегi Бағдарламаны iске асыруға аударды.

Өңiрде 2009 жылдан бастап Щучье-Бурабай курорттық аймағының орман алқабын Нұр-Сұлтан қаласының айналасында жасыл белдеумен бiрiктiру жұмыстары жүргiзiлуде. Соңғы 10 жылда осы учаскеде орман екпелерiнiң жалпы көлемi 2,5 мың гектардан асады. Бұл — 160 км. 6 млн. данадан астам ағаш пен бұтаның 11 түрi отырғызылды.

Оқушылар ғаламшар фаунасының тiршiлiк ету ортасын сақтау мәселелерiн талқылаудан тыс қалған жоқ. Экологиялық сағатта олар облыс әкiмiне Бразилияның тәжiрибесi бойынша жол жүру билеттерiне жиналған қоқысты бөлек ауыстыруды ұсынды. Бұл ұсынысты қабылдай отырып, аймақ басшысы идеяның жақсы екенiн, оның үстiне оны жүзеге асыруға жағдай бар екенiн атап өттi. Қалада қоқыс жинау бойынша 10-ға жуық орын жұмыс iстейдi. Бiрақ бұл үшiн ата-аналар мен оқытушылар комитетiнiң бiрыңғай пiкiрi, сондай-ақ оқушылардың өз пiкiрi болуы қажет.

Экологиялық сабақ ғылыми экологиялық жобалардың тұсаукесерiмен, 1 сынып оқушыларының «жас экологтар» қатарына қабылдау рәсiмiмен жалғасты.

Экологиялық сағат соңында Ермек Маржықпаев мектеп оқушыларымен бiрге «ЭКОС» мектеп-гимназиясының ауласына ағаш отырғызды.

Айта кету керек, өскелең ұрпақты табиғи ресурстарды сақтау және ұқыпты қарау мәселелерiне тартуға бағытталған экологиялық сағат бiр уақытта барлық 557 мектепте өткiзiлдi және бүгiнгi күнi учаскелерде 10 мың ағаш көшетi отырғызылды.

Құрылған күні: 03.10.2019
Қаралым саны: 230
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус