Облыс әкімдігінде құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткiзiлген құқықбұзушылықтың алдын алу жөнiндегi комиссияның отырысында бiрқатар әлеуметтiк маңызды мәселелер талқыланды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды жұмысқа орналастыру, ақтау және бейiмдеу, әлеуметтiк көмек көрсету бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы Қылмыстық атқару жүйесi департаментiнiң бастығы Қайрат Айдарбеков баяндады. 2019 жылдың басынан берi пробация қызметiнiң есебi бойынша 953 тұлға өттi. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандарға қажеттi әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетiлдi. Олар — емделуге, жұмысқа орналасуға, психологиялық жетелеуге, құжаттарын қалпына келтiруге және т.б. қолдау көрсету.

Ермек Маржықпаев осы санат тұлғаларының 100% жұмысқа орналастырылуының маңыздығына назар аударып, аудандар мен қалалардың әкiмдерiне жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен, пробация қызметiмен бiрлесе отырып осы мәселе бойынша облыс кәсiпкерлерiмен аумақтық кеңестер өткiзудi тапсырды.

Өңiрде мас күйiнде жасалған қылмыстардың 18% өсуiне жол берiлген, соның iшiнде 11,4% кәмелетке толмағандар жасаған ауыр қылмыстар. Осыған байланысты, Полиция департаментiне лицензиядан айыру түрiнде жауапкершiлiкке тарта отырып алкоголь өнiмдерiн заңсыз, әсiресе түнгi уақытта сатуды анықтау бойынша рейдтiк iс-шараларды жалғастыру тапсырылды. Бiлiм басқармасы облыстық полиция департаментiмен бiрлесiп 30 қыркүйекке дейiн кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыруы, демалысын ұйымдастыруы, соның iшiнде қиын жасөспiрiмдердi тегiн спорт секцияларына тартуы қажет.

 

Құрылған күні: 05.09.2019
Қаралым саны: 403
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус