Көкшетауда кәсіби мереке қарсаңында педагогикалық корпусқа құрмет көрсетілді

Ақмола облысында соңғы он жылда ұстаздар династияларының саны айтарлықтай өстi. Зерендi ауданы Қызылтаң ауылындағы Жайықбаевтар отбасының педагогикалық еңбек өтiлi 427 жыл құрайды. Ол туралы бүгiн Мұғалiмдер күнiне арналған салтанатты iс-шарада Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев айтып өттi.

«Мектепте ерекше қабiлетi мен дарыны бар, ең бастысы балаларды сүйе бiлетiн адам жұмыс iстеуi керек. Ондай жандар бiзде өте көп. Әкесi, ұлдары, қыздары, келiндерi, немерелерi, ендi мiне шөберелерi өздерi үшiн осы кәсiптi таңдап, адам қызығарлық сабақтастық, таңдаған iсiне сүйiспеншiлiк танытып келедi», — дедi әкiм.

Облыстың талантты педагогтар ұрпақтары арасында Ермек Маржықпаев Көкшетаудан Мұқышевтар отбасын, Степногорскiден Ахметовтердi, Атбасар ауданынан Буртовтар мен Пакинигистердi атады.

Өңiр басшысы мемлекет тарапынан педагогтың мәртебесiн арттыру үшiн кешендi шаралар қолданылып жатқанына назар аудартты. Кадрлар дайындау сапасына, олардың кәсiби бiлiктiлiгiн жақсартуға, лайықты жалақымен қамтамасыз етуге көп көңiл бөлiнуде. Соңғы екi жылда жаңа жүйе бойынша 5 мыңнан аса мұғалiм аттестациядан өттi, олар қазiргi уақытта лауазымдық кесiмдi жалақыларына 30-дан 50 пайызға дейiн үстемеақы алып отыр.

Бiлiм беру жүйесiн дамытуға қосқан елеулi үлестерi мен көп жылғы қажырлы еңбектерi үшiн Аршалы, Зерендi, Целиноград, Жақсы, Бұланды аудандарынан мұғалiмдер Досан Балташев, Мақпал Бекмағанбет, Байдiлдә Елубаев, Фарида Жақауова, Любовь Матвиенко Қазақстан Республикасы Президентiнiң Алғыс хатымен наградталды. Облыс әкiмi педагогтарға ведомстволық наградалар мен алғыс хаттар, сауықтыру орталықтарына жолдамалар табыс еттi. Сонымен қатар, облыстың 14 үздiк ұстазына әрқайсысы 100 мың теңгелiк сертификаттар берiлдi.

Құрылған күні: 03.10.2019
Қаралым саны: 302
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус