Көкшетауда кәсіби волейбол клубы таныстырылды

Жаңа «Ұшқын Көкшетау» командасында қазiрдiң өзiнде жетiстiктер бар. Ақмолалықтар ерлер арасындағы Жоғары лига командаларының Қазақстан Республикасы чемпионатында өнер көрсетедi.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң бастамасымен және «Көкшетауминералды сулары» АҚ қолдауымен волейболдан «Ұшқын Көкшетау» Ақмола облысында ерлердiң бiрiншi кәсiби құрама командасы құрылды, ол ерлер арасындағы Жоғары лига командаларының Қазақстан Республикасы чемпионатында өңiрiмiздiң намысын қорғайтын болады.

Кез келген команданың жетiстiгi спортшылардың жұмыла ойнай бiлу қабiлетiн байланысты. «Ұшқын Көкшетау» командасы үш жарысқа қатысты және Жоғары лигада ойнау құқығына ие болды.

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев өз сөзiнде команданың құрылуы ересектер мен жастардың кеңiнен айналысуын, сондай-ақ спорт резервiн дайындауды қамтамасыз етiп облыста волейболды дамытуға оң ықпал ететiне сенiм бiлдiрдi.

«Жiгiттерге қызықты, нәтижелi, тартымды маусым өткiзудi, ҚР чемпионатында жүлделi орын алуды, ал жанкүйерлерге жас команданы қолдап, оның жеңiстерiне сенулерiн тiлеймiн», — дедi Ермек Маржықпаев.

Облыста волейбол ересектер, жастар мен жасөспiрiмдер арасында кең тараған. Бүгiнгi таңда волейболмен 24 мыңнан аса адам айналысады.Балалар мен жасөспiрiмдер волейболын дамытуға көп көңiл бөлiнуде, онымен он ауданның спорт мектептерiнде 500-ден аса адам шұғылданады.

Қазiргi уақытта Ақмола облысында бұқаралық спортпен қатар жоғары нәтижелер спорты да дамып келедi.Кәсiби спорт саласындаҚазақстан Республикасының чемпионаттарында өнер көрсететiналты команда жұмыс iстейдi. Олар — «Арлан» хоккей командасы, «Оқжетпес» ерлер мен әйелдер футбол командалары, «Синегорье» ерлер мен әйелдер баскетбол командаларыжәне футзалкомандасы.

Құрылған күні: 25.10.2019
Қаралым саны: 298
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус