Көкшетауда жаңа кафедралдық шіркеудің құрылысы аяқталып келеді

Бүгiн облыс әкiмi Ермек Маржықпаев 500 адам сиятын Воскресения Христова православиелiк храмы құрлысының барысымен танысты.

Храмның қасынан жексенбiлiк мектеп құрылысы салынып жатыр. Бұл — әкiмшiлiк ғимарат, онда қызмет көрсететiн қызметтер мен келушiлердiң балаларын православие негiздерiне оқытатын бiрнеше сыныптар орналасады. Жаңа православиелiк шiркеу Қопа көлiнiң жағалауында салынып жатыр. Құрылыстың тапсырушысы — «Новый Собор» қоғамдық қоры, ал мердiгерi — «ASBI NS» ЖШС компаниясы.

Өңiр басшысы мердiгермен құрылыс мәселелерiн талқылады және жұмыстарды орындау қарқынына көңiлi толмайтынын бiлдiрдi. Қазiргi уақытта iшкi өңдеу жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Шiркеудiң кiреберiсi мен қасбетiн өңдеу жұмыстары аяқталмаған. Сонымен қатар, шiркеудiң ғимаратында қабырғалары мен куполдарын таза өңдеу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Негiзгi құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Жексенбiлiк мектеп ғимараты бойынша шiркеу әдемi болуы үшiн фибробетоннан декоративтiк элементтер құрастырылуда. Жақын арада екi объектiнiң жылы едендерi мен терезе жақтауларын құрастыру жұмыстарын жүргiзу, сонымен қатар храмның iшкi жазуларына кiрiсу жоспарланып отыр.

Облыс әкiмi iшкi өңдеу жұмыстарын ақпан айында аяқтауды және iшкi жазулары мен сырлауға кiрiсудi тапсырды.

Көлдiң жағасындағы көрiктi жерде орналасқан шiркеу облыс орталығының сәулеттiк келбетiнiң көзтартар туындысына айналады. Шiркеудiң маңында саяжай салынады, онда тұрғындар дем алады, қасында көл бар орталықта орналасқан шiркеу аумағы қала тұрғындарының сүйiктi демалыс орны болатыны сөзсiз.

Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi

Құрылған күні: 09.01.2020
Қаралым саны: 209
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус