Ақмиола облысында алғашқы жекеменшік мектеп салынды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiнiң қарсаңында Целиноград ауданының Қосшы ауылында «Дара» бизнес-академиясы» жаңа мектеп-лицейi ашылды. Салтанатты iс-шараға Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев, Бiлiм және ғылым вице-министрi Бибiгүл Асылова, Қазақстанның Еңбек Ерi Иван Сауэр қатысты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында, әлеуметтiк саладағы жағдайды жақсратуға бағытталған бiрқатар жүйелi шаралар қабылданды. Бұл мектеп аудандық мәслихаттың депутаты, кәсiпкер Сайра Айтенқызы Матайбаеваның азаматтық ұстанымының нәтижесiнде салынғанын ерекше атап өту қажет. Бұл туған өлкесiне шынайы берiлгендiктiң тамаша үлгiсi", — деп өңiр басшысы өзiнiң құттықтау сөзiнде атап өттi.

Жек инвестор — «Kazyna- SR» ЖШС жаңа бiлiм беру объектiсiнiң құрылысына 450 млн.теңге салды. Мектептiң инфрақұрылымы қазiргi заман талаптарына сәйкес келедi, ол тұлғалық өсудi дамытуға және балалардың бойында кәсiпкерлiк машықтануларының қалыптасуына бағытталған. 25 сынып бар. Барлығы 600 бала бiлiм алады.

Целиноград ауданында, халықтың тығыз орналасуына байланысты оқушы орнына деген тапшылық сезiнуде. Ел Президентi Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көктемнен бастап Қосшы а. 1200 орынды мектеп құрылысы басталды. Нұр-Сұлтан қаласының төңiрегiнде әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту шеңберiнде, 2020-2021 жылдары Қосшы ауылында 1200 орынды тағы екi мектептiң құрылысы жоспарлануда.

Қазiргi уақытта, ауданда 2700 орынға үш мектептiң құрылысы жүргiзiлуде. 2022 жылға қарай Целиноград ауданында үш ауысымды оқытудың мәселесiн толығымен шешу қарастырылуда.

Құрылған күні: 26.11.2019
Қаралым саны: 212
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус