Ақмола облысында «Атамекен» алаңында алғаш рет «Инвестор сағаты» өткізілді

Бүгiн, Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев «Атамекен» өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының алаңында алғаш рет «Инвестор сағатын» және кәсiпкерледiң жеке қабылдауын өткiздi. «Галстуксыз» кездесудiң қатысушылары — әлеуеттi инвесторлар мен кәсiпкерлер инвестициялық бастамасымен өздерiнiң жобаларын, даму жоспарларын таныстырды, сондай-ақ жобаларын жүзеге асыру барысында орын алатын проблемалық мәселелерiн жеткiздi.

Бұл кездесу барлығына белгiлi әдеттегi официозға қарағанда биресми сипатта осыған ұқсас форматтағы iс-шаралардан ерекшеленедi. Аудандар әкiмдерiнiң және салалық басқармалар өкiлдерiнiң қатысуы, кей мәселелердi сол жерде шешуге мүмкiндiк бердi. Аршалы ауданында 100 МВт астам қуаттылығымен жел электр станциясы құрылысының жобасы жан-жақты қолдау тапты. Жоба Қытай инвесторларын тартуды жоспарлап отырған «Borey Energo» ЖШС жүзеге асырылады. Түрiк елiнен инвесторлар «Грин Валей» компаниясы облыс аумағында тәулiгiне 200 тонна қуаттылығымен жасымық өсiру және өңдеу жобасын iске асыруға ниеттi. Орналастырылуының болжамды орны — Көкшетау қаласы.

Тағы бiр түрiк өкiлдерi — «Kusto Energy» ЖШС Макинск құс фабрикасы үшiн және «KazBeef» ЖШС Бурабай ауданында биогаз зауытын салуды жоспарлап отыр. Компания энергетика саласында мамандандырылған, экологиялық таза электрэнергиясын, жылу, газ және органикалық тыңайтқыштар өндiретiн биогаз зауыттарын салу және басқару технологиялары бар.

Жалпы, түрлi өңiрлерден және салалардан шамамен жиырма жоба жаңа диалог алаңында таныстырылды. Сондай-ақ, туризм, ауыл шаруашылығы, медицина және т.б. салаларда жобалар қарастырылды.

«Мұндай кездесулердi жиi өткiзiп тұруды жоспарлап отырмыз. Ашық сырласу және керi байланыс түрiндегi кездесулердi өткiзудiң мұндай форматы өңiрдiң инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында жобаларды жүзеге асыру бойынша инвесторлардың проблемалық мәселелерiн нақтылы және жедел пысықтауға мүмкiндiк бередi», — деп атап өттi Ермек Маржықпаев.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жауапты меморгандарды бекiтiп беру арқылы әрбiр кәсiпорынның мәселелерiн шешу үшiн Жол картасын құруға уағдаласты.

«Облыс әкiмiмен мұндай кездесулердi «Business time» — «Бизнес Уақыты» форматында «Атамекен» кәсiпкерлер палатасының алаңында ай сайын өткiзу туралы ұсыныс қолдау тапты. Кездесудiң келесi тақырыбы болып АӨК дамытумен байланысты мәселелер айқындалды. Уақыты мен күнi кейiнiрек хабарланатын болады. Облыс әкiмiнiң бизнеспен осындай форматта кездесуi, көтерiлетiн мәселелердi оңтайлы шешу үшiн өте қажет», — деп түйiндедi ӨКП директоры Тимур Нахипбеков.

Кездесу аясында облыс әкiмiне кәсiпкерлердi қолдау орталығы, коворкинг-аймағы, сондай-ақ бизнес үшiн «ATAMEKEN SERVICES» бiрегей сервис таныстырылды.

Құрылған күні: 27.11.2019
Қаралым саны: 175
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус