Ақмола облысында халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгiн Көкшетауда әлеуметтiк қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiне арналған салтанатты iс-шара өткiзiлдi. «Достар» мәдениет сарайының холында 10 арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағы қарттар мен мүмкiндiгi шектелген тұлғалар жұмыстарының бiрегей көрмесi ұйымдастырылды.

Өзiнiң құттықтау сөзiнде Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқаты халықтың әлеуметтiк қорғалу деңгейiн айқындайтынына баса назар аудартты. «Әрдайым, нақты бiр адамға көмектесiп, сiздер мемлекеттiк мiндеттi орындайсыздар — азаматтардың әлеуметтiк әдiлдiгi мен әлеуметтiк кепiлдiгiн қамтамасыз етесiздер», — дедi өңiр басшысы.

Ағымдағы жылы «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлiндi, оның шеңберiнде Жұмыспен қамту орталықтары 13 мың жұмыссыздар мен өзiн-өзi нәтижесiз жұмыспен қамтығандар азаматтарды жұмысқа орналастырды. Облыста ерекше қажеттiлiгi бар 29 мың тұлға тұрады. Оларды қамтамасыз ету үшiн оңалту қаржысынан 470 млн теңге бөлiндi, ол өткен жылғы қаржыландыру көлемiнен 43% артық.

Облыстың әлеуметтiк қорғау жүйесiнде бiр жарым мыңнан аса қызметкер еңбек етедi, олар 200 мың ақмолалықтарға баға жетпес көмек көрсетедi. Саланың үздiк өкiлдерiне облыс әкiмi ведомстволық наградалар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс еттi.

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бас маманы Әсия Жаманова «Еңбек ардагерi» құрметтi медалiне ие болды. Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетi департаментiнiң бас маманы Елена Буга, Целиноград және Бұланды аудандары жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiдерiнiң бас мамандары Нұрсұлу Бақтыбаева мен Кенжебике Есмағанбетова «Әлеуметтiк еңбек саласының үздiгi» төсбелгiсiмен наградталды.

Iс-шара мерекелiк концертпен аяқталды.

 

Құрылған күні: 30.10.2019
Қаралым саны: 241
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус