Қадірменді ұстаздар!

Бүгiнгi кәсiби төл мерекелерiңiзбен шын жүректен жолдаған құттықтауым мен жылы лебiзiмдi қабыл алыңыздар!

Мұғалiм — бұл жәй ғана мамандық емес, ел болашағына қызмет ету жолындағы ардақты да, абыройлы мiндет.

Өздерiңiздiң қажымас қайраттарыңызбен, қажырлы еңбектерiңiзбен, үздiксiз шығармашылық iзденiстерiңiзбен елiмiздiң гүлденiп, өркендеуiне өлшеусiз үлес қосып келе жатырсыздар. Балаларымыздың, елiмiздiң жарқын болашағы Сздердiң жоғары кәсiби бiлiктiлiктерiңiз бен рухани күш-жiгерлерiңiзге, ақыл-парасаттарыңызға тiкелей байланысты.

Өзi мiндеттерiңiзге деген үлкен жауапкершiлiктерiңiз, ұстаздық тәлiм-тәжiрибелерiңiз, бала жүрегiне жол тапқан мейiрбанды ақ жүректерiңiз үшiн де алғысым зор! Төл мерекелерiңiзбен құттықтай отырып,баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бақыт, шығармашылық табыс тiлеймiн!

Iзгi тiлекпен,
Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев

Құрылған күні: 04.10.2019
Қаралым саны: 269
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус