Құрметті ақмолалықтар!

Келе жатқан 2020 Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл айтулы мерекенi бiз қашанда қуанышты көңiл күймен және болашаққа деген үлкен үмiтпен қарсы аламыз. Жаңа жыл жас баладан қарияға дейiнгi барша адамдарды бiрiктiретiн жаңа өзгерiстердiң, болашаққа деген мақсат, жоспарлардың рәмiзi iспеттi. Екi жылдың тоғысында тұрған осынау сәтте өткенге ой жүгiртiп, жетiстiктерiмiз бен жоғалтқандарымызды таразылау, болашаққа жоспарлар жасау сияқты жақсы дәстүр қалыптасқан.

Өткен жыл өңiрiмiз үшiн табысты да, нәтижелi, маңызды оқиғаларға толы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған ауқымды мiндеттерiн орындау жолында үлкен жетiстiктерге жеткен жемiстi жыл болды. Бiз биылғы жылды жақсы табыстармен қорытындылап отырмыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамай, егiн жинау науқанын табысты аяқтадық. Инвестициялық белсендiлiк артып, шағын және орта бизнес нысандары саны көбейе түстi.

Облысымыздың ауыл шаруашылығы еңбеккерлерi 5 миллион тоннадай астықты жинап, қамбаға құйып алды. Бiздiң облысымыз республика бойынша ең басты астықты өңiрлердiң бiрi болып орынды саналады. «Еңбек» жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсiпкерлiк бағдарламасы бойынша 800-ден астам адам өздерiнiң бизнес-идеяларын жүзеге асыруға мүмкiндiк алып, мыңнан астам грант берiлдi және 900 кәсiпкер шағын несие алды.

Тұрғын үй құрылысы да жандана түстi. Жыл басынан берi 500 мың шаршы метр немесе 4 мыңнан астам пәтер салынып, пайдалануға берiлдi. Бiлiм беру, денсаулық сақтау, спорт саласындағы 50-ге тарта нысан салынып, күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Туризм кластерiн дамыту бағытында да айтарлықтапй шаруалар атқарылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргiзiлуде.

Жаңа жыл — барша адамдардың болашақтан үмiт етiп, арман-мақсаттарымыздың орындалуына жол ашатын сүйiктi мерекесi.

Өткен жылға ой жүгiрте отырып, сүйiктi қаламыз Көкшетаудың келбетiнiң бұрынғыдан да көрiктене, сәулеттене түскенiн көремiз. Бұл жетiстiкте ең алдымен қадiрлi жерлестер — сiздердiң үлестерiңiз бар екендiгi белгiлi. Туған өлкемiздi дамытуға қосып жатқан үлестерiңiз үшiн де баршаңызға зор алғысымды бiлдiремiн!

Қадiрлi жерлестер!

Бүгiнгi мерекелi күнi жаңа жылда ойларыңызға алған барлық арман-мақсаттарыңыздың орындалуына тiлектестiгмдi бiлдiремiн! Отбасыларыңызда берке мен бiрлiк, шаңырақтарыңызда тыныштық пен жайлылық орнығып, аспандарыңыз ашық, туыс-бауырларыңыздың денсаулықтары мықты болсын!

Құрылған күні: 31.12.2019
Қаралым саны: 294
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус